Об утверждении Правил предоставления социальной поддержки студентам из малообеспеченных семей Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік колдауды көрсету Ережесін бекіту туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасында 2003 жылғы19 қарашада №1060 тіркелеген «Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну ережісін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 7 қараша №196 қаулысына, әділет Департаментінде 2005 жылдың 20 қаңтарында №1450 тіркелген «2005 жылғы арналған аудан бюджеті туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №82 шешімінің орындалуының негізіне сәйкес және аз қамтамасыз етілген отбастары студенттерінің жоғары дәрежелі білім алуы үшін әлеуметтік қолдауды көрсету мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне аудандык әлеуметтік қолдауды ұсыну комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесі мен аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне аудандық әлеуметтік қолдауды ұсыну комиссиясы құрамы бекітілсін (қосымша №1,2).
Тармақ 3
3. Аудандық білім және спорт бөліміне (Александр Германович Альберт) Солтүстік Қазақстан облысындағы жоғары білім беру мекемелерінде оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылары студенттеріне әлеуметтік колдауды ұсыну уақытында қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. «2005 жылға арналған жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке дәрежедегі азаматтарға әлеуметтік көмек» 451-007-000-000 әкімші бағдарламасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Мақсұт Төлегенович Мұқашев) аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдау ұсыну Ережесіне қажетті құжаттарды уақытында ресімдеумен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орыңдалуын бақылау аудан өкімінің орынбасары Өтеген Рахымғазиевич Жүсіповке жүктелсін. Келісілген Білім және спорт Бөлімінің бастығы Альберт Александр Германович 14 сәуір 2005 жыл Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мұқашев Мақсұт Төлегенович 14 сәуір 2005 жыл Экономика және қаржы Бөлімінің бастығы Сатыбалдинова Қарлығаш Кенжеболатовна 14 сәуір 2005 жыл
Басқа 6. Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну ЕРЕЖЕСІ
«15» сәуір 2005 жыл № 128 аудан әкімдігін қаулысымен БЕКІТІЛГЕН №1 қосымша Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже аз қамтамасыз етілген отбасы студенттеріне ақша түрінде әлеуметтік қолдауды көрсету шартын және тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауға Қазақстан Республикасы Есіл ауданы аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттік грант пен несие иелері бола алмаған азаматтар құқылы.
Тармақ 3
3. Осы ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады: әлеуметтік қолдау - студенттердің кәсіптік оқуын төлеуге бағытталған, әлеуметтік төлеу түріндегі халықты әлеуметтік қорғау нысанының бір түрі; әлеуметтік қолдау көрсетуге құқықты анықтау комиссиясы (осыдан әрі - аудандық комиссия) - аудан әкімі жанындағы аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен құрылған комиссия, құрамында білім беру мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдері; жалпы білім беретін мемлекеттік грант және несие иесі бола алмаған (күндізгі оқу бөлімі бойынша) және орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұратын отбасындағы - алушы- студент; уәкілетті орган, Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі -қарай -Бөлім) - әлеуметтік қолдау және төлеу мөлшерін тағайындауда студенттер контингетін анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады; ақшалайда қаражат беретін уәкілетті орган - (әрі қарай банк) - екінші деңгейлі банк, лицензиясы бар Қазақстан Республикасы Халық банкі кейбір операция түрлерін жүзеге асыратын және осы қызмет түрлеріне банкте қызмет көрсетуді ұсыну конкурсын жеңіп алған.
Тарау 2. 2. Ақшалай қаражат алудың тәртібі және шарты
2. Ақшалай қаражат алудың тәртібі және шарты
Тармақ 4
4. Ақшалай қаражат алуға студенттер келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) белгіленген нұсқа бойынша өтініш (1 қосымша);
Тармақша 2
2) жеке басып куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған);
Тармақша 3
3) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) отбасы табысы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) білімі туралы құжат көшірмесі (нотариалды расталған);
Тармақша 6
6) кешендік тестілеу туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификат көшірмесі (нотариалды расталған);
Тармақша 7
7) Солтүстік Қазақстан облысы жоғары оку мекемесімен оқу туралы келісімшарты. Жоғарыдағы көрсетілген құжаттардан басқа жоғары оқу мекемесінен осы оқу орнының студенті деген растайтын анықтама мен сынақ кітапшасының көшірмесі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдауды алуға қажет құжаттар бөлімге түпнұсқа және көшірме түрінде беріледі, бес күн ішінде құжаттар пакеттерінің толық түскеннен кейін істер қаралып, облыстық комиссия әлеуметтік колдауды тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім жобасын жібереді (2 қосымша).
Тармақ 6
6. Аудандык комиссия он күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарап әлеуметтік қолдауды тағайындау не тағайындамау туралы шешім шығарады. Өтініш иелерінің істерін және комиссия мәжілісінің хаттама көшірмесі бөлімге жіберіледі.
Тармақ 7
7. Аудандык комиссия әлеуметтік қолдауды ұсыну шешімін қабылдағанда алушының орта арнаулы білімі бар қызыл дипломы, аттестат, кешендік тестілеу нәтижесінің ұпайы мөлшері ескеріледі. Әлеуметтік қолдауды тағайындау, осы мақсатақа бөлінген жергілікті бюджет қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік қолдау беру туралы шешім шығарылған жағдайда, бөлімнің ескертуімен алушы банктен шот ашады. Бөлім шешім шығарылмаған жағдайда өтініш иесіне қабылданбаған себебін көрсетіп құжаттарды кейін қайтарады. Әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешім қабылданбау негізі мыналар болып табылады: 4 тармақта көрсетілген құжаттар туралы мәліметтердің дұрыс болмағаны және жоғарғы оқу орнына түсуі туралы мәліметтердің ұсынылуы.
Тармақ 9
9. Бөлім алушылардың ведомос-тізімін екі данада жасап, оның біреуін банкке жібереді.
Тармақ 10
10. Банк келісімшарттың негізінде ақылы қызмет көрсету арқылы келісімі ведомос-тізім бойынша келіп түскен қаржыны алушылардың жеке сотқа салуды жүргізеді.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру тетігі
3. Қаржыландыру тетігі
Тармақ 11
11. «2005 жылға арналған жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке дәрежедегі азаматтарға әлеуметтік көмек» 6-2-451-007-000 бағдарламасы бойынша студенттерге әлеуметтік қолдауды ұсыну түрдегі қаржы шығыны жергілікті бюджет есебінен осы мақсатқа берілген.
Тармақ 12
12. Жылына бір студентке 120000 теңге (жүз жиырма мың) сомасы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тарау 4. 4. Бақылауды жүзеге асыру
4. Бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 13
13. Әлеуметтік қолдауды тағайындау жөнінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әлеуметтік қолдауды дұрыс тағайындауға жауапты.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік қолдауды дұрыс тағайындау және оны төлеуді бақылау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Ережемен бекітілген Есіл ауданы әкімдігінің «15» сәуір 2005 ж. № 128 қаулысына №1 қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Есул ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне азамат ___________________________ мекен-жайы ______________________ _________________________________ СТН_____________________________ _________________________________ берілді __________________________ _________________________________ ӨТІНІШ Маған _____________________________________ оқу орнында жоғары кәсіби білім алуға _________________________ теңге ақшалай қаражат бөлуіңізді және _____________________ банк филиалында ашылған жеке шотыма аударуыңызды сұраймын. Келесі құжаттар қосымша бердім: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған); отбасы құрамы туралы анықтама; отбасының табысы туралы анықтама (нотариалды расталған); білімі туралы құжат көшірмесі; жинақты тестін нәтижесі туралы белгіленген үлгі бойынша нотариуспен куәландырылған мемлекеттік сертификат (нотариалды расталған); Солтүстік Қазақстан облысы жоғары оқу мекемесімен жасалған шарт. «___» __________200_ жыл Қолы: Ережемен бекітілген Есіл ауданы әкімдігінің «15» сәуір 2005 ж. № 128 қаулысына №2 қосымша ШЕШІМ ____________________ «__» __________200_ жыл (елді мекен) ________________________________________________ мекен-жайында (елді мекен, көшесі, үйдің №, телефон) мекен-жайы бойынша тұратын азамат (ша) ________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) ақшалай қаражат бөлу (бөлмеу) туралы. Жинақтық тестің нәтижесі туралы мемлекеттік сертификатын, отбасының табысы туралы мәліметтерді қарай отырып аудандық комиссия ШЕШТІ: 1. ___________________________________азамат(ша) жоғары оқу (Тегі, аты, әкесінің аты) мамандағы оқуды төлеуге ___________________________ теңге ақшалай қаржы бөлінсін. 2. _____________________________________________________ ___________________________________ бөлінбесін. (бөлінбеу себебі көрсетілсін) Қолдары: Комиссия төрағасы: __________________ Комиссия мүшелері: __________________ __________________ __________________ __________________ __________________ Хатшысы __________________
Басқа 32. Есіл ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасы студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Есіл ауданы әкімдігінің «15» сәуір 2005ж № 128 қаулысына №2 қосымша Есіл ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасы студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ Мұқашев Максұт Төлегенұлы - Есіл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Бидалина Бекзат Ынтықбайқызы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы Әбілмәжінова Сәуле Мұратбекқызы - ішкі саясат бөлімінің бастығы Жүсіпов Өтеген Рақымғазыұлы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Олейнникова Елена Владимировна - аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Стороженко Галина Ивановна - экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ткаченко Владимир Сергеевич - білім бөлімінің бастығы Тілеукина Жангүл Жанұзаққызы - Есіл ауданы әкімі аппаратының аналитикалық-құқықтық