Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Жеңілдіктер және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңелген тұлғаларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстаң Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының 20 бабына сәйкес, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын атап өтуге даярлану және өткізу бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1173 қаулысын орындау үшін, «2005 жылға арналған аудан бюджеті туралы» аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы №14-1 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы №15-1 шешімінің негізінде және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығының құрметіне аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосыла берілген Азаматтардың бөлек топтарына экскурсиялық сапар шегуге арналған әлеуметтік көмекті беру Ережесі бекітілсін.
Басқа 2. Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесі
«Азаматтардың бөлек топтарына экскурсиялық сапар шегуге арналған әлеуметтік көмекті беру Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 105 Қаулысымен бекітілген Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже «Жеңілдіктер және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңелген тұлғаларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының 20 бабына, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын атап өтуге даярлану және өткізу бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1173 қаулысына сәйкес жасалған, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын атап өтуге арналған.
Тармақ 2
2. Осы ережеде келесі түсініктемелер қолданылады:
Тармақша 2.1
2.1. Өкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 2.2
2.2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 2.3
2.3. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың бөлек топтары - Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңелетін түлғалар, қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындар және аудан аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысы жылдарында жанкешті еңбегі және жау тылындағы мінсіз қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендарымен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.
Тарау 2. 2. Белгілеудің тәртібі
2. Белгілеудің тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті белгілеу үшін азаматтардың бөлек топтары санындағы өтінушілер өкілетті органға келесі құжаттарды береді:
Тармақша 1
1) бекітілген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) ҰОС қатысушылар, ҰОС қатысушы статусын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) ҰОС мүгедектері, медико - эксперттік комиссиясының қорытындысы;
Тармақша 4
4) қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері - неке туралы куәлік және жауынгердің қаза тапқанын дәлелдейтін құжат;
Тармақша 5
5) бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындар - Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мұрағатынан анықтама, немесе соғыс жылдарында тұтқында болғандығын дәлелдейтін сот шешімі;
Тармақша 6
6) «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталғандар - ерен еңбегі үшін марапатталғаны туралы куәлік;
Тармақша 7
7) жеке куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті белгілеу үшін өтініштің қарастырылуы, құжаттардың түскен күнінен бастап он күн ішінде жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті төлеу Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген алушылар тізіміне сәйкес, жәрдемақы беру бойынша өкілетті орган арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жасалады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаржыларынан, «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер» №451-007-000-332 шығындарының функционалдық жіктелу коды бойынша және «Соғыс мүгедектеріне және қатысушыларына біржолғы көмекті төлеу» 451-015-019- 332 бағдарламасы бойынша жасалады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаржыларынан жасалады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі экономика және қаржы бөліміне тізімдерге сәйкес өтініш береді.
Тарау 4. 4. Бақылауды және есеп беруді жүргізу тәртібі
4. Бақылауды және есеп беруді жүргізу тәртібі
Тармақ 8
8. Өкілетті орган шешімі бойынша Ережелердің 2.3. тармағында көрсетілген топтарға аудан бюджетімен бекітілген қаржылардың көлемінде, өтініш берудің кезектік тәртібі бойынша 24000 (жиырма төрт мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленеді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмектің заңсыз төленгені үшін жауапкершілікті, солардың кесірінен болған лауазымды тұлғалар заңмен бекітілген тәртіпте атқарады.
Тармақ 10
10. Ақшалай қаржылардың мақсатты пайдаланылуын бақылау аудандық экономика және қаржы бөліміне жүктелсін.
Тармақ 11
11. Ақшалай төлемнің заңсыз төленген сомасы, қолданыстағы заңдар жиынтығынмен бекітілген тәртіпте, кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.