Об утверждении правил предоставления социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на услуги бани и парикмахерские Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтері үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президенті 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Заң күшін иеленген Жарлығының 11 бабының 30 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметі үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
Басқа 3. Ұлы Отан соғысынын қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтері үшін әлеуметтік көмек корсету ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2005 ж. «27» сәуір № 291 қаулысымен бекітілді Ұлы Отан соғысынын қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтері үшін әлеуметтік көмек корсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Әлеуметтік көмекті тағайындау
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау
Тармақ 1
1. Осы ереже, «Ұлы Отан соғысынын ардагерлерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктер туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне монша және шаштараз кызметі үшін әлеуметтік көмек көрсетуге арналған.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің отініштері негізінде әлеуметтік көмекті тағайындау, өкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) аталған санатка жататындығын растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куалігінің көшірмесі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті қарау құжаттар өткеннен кейін 10 күн мерзім ішінде қарастырылады және жәрдемақына тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабыданады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек төлемі
2. Әлеуметтік көмек төлемі
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек төлемі алушылар тізіміне келісімді жеке есеп шоттарына аудару жылымен жәрдемақы төлеу бойынша өкілетті органымен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімдерін 3 дана етіп құрастырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек төлемі ағымдағы айға жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек төлемі алушы қайтқан күннен бастап тоқтылады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 9
9. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандык бюджет қаражатынан, функционалдык шығыс классификациясы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000-332 коды бойынша Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - бағдарламалар әкімшілігі аркылы беріледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы мен каражат төлемі, қаржыландыру мерзімінің есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Орындау, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Орындау, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 11
11. Ақшалай қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау қаржы және экономика бөліміне жүктеледі.
Тармақ 12
12. Қаражаттың заңсыз тағайындалған соммасы, кінәлі болып саналған тұлғалардың есебінен, белгіленген қолданыстағы заңға сәйкес орнына қайтарылады.