Об утверждении Положения о районной бюджетной комиссии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту туралы Қазакстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 64-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқыктык актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес: аудан әкімдігінің 2003 жылғы 18 шілдедегі «Аудандық бюджеттік комиссияны құру туралы» №168 қаулысының (2003 жылғы 13 тамыздағы тіркеу нөмірі 993, 2003 жылғы 10 қазандағы №41 «Айыртау таңы», 2003 жылғы 10 қазандағы №41 «Айыртауские зори»); аудан әкімдігінің 2004 жылғы 19 казандағы «Айыртау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 18 шілдедегі «Аудандық бюджеттік комиссияны құру туралы (2003 жылғы 13 тамыздағы тіркеу нөмірі 993)» №168 каулысына өзгерістер енгізу туралы» №229 қаулысының (2004 жылғы 2 қарашадағы тіркеу нөмірі 1379) күштері жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаулы мемлекеттік тіркеуге алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2005 жылғы «3» мамырдағы қаулысымен бекітілді Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұракты негізде әрекет ететін аудандық бюджеттік комиссияның (әрі қарай - Комиссия) қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де норматавтік құқықтық актілері, сондай-ақ Осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Аудан бюджетінің жобасын уақытылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және тиісті қаржы жылына аудан бюджетін нақтылау және орындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу Комиссия қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның құзыреті
3. Комиссияның құзыреті
Тармақ 4
4. Комиссияның құзыретіне енеді:
Тармақша 1
1) алдағы үш жылдық кезөеңге орта мерзімді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстарды әзірлеу; тиісті қаржы жылына аудан бюджеті жобасының көрсеткіштерін қарастыру және мақұлдау; алдағы ұш жылдық кезеңде және жоспардағы қаржы жылға қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалар іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты есепке ала отырып, олардың іске асырылу механизмін белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тиісті қаржы жылына аудан бюджетін нақтылау жөнінде ұсыныстарды әзірлеу; аудандық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалаудың нәтижелерін қарастыру және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу; Бюджеттік кодекспен көзделген өзге де өкілеттіктер.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай фцнкцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органымен дайындалған материалдарды қарастырады және мыналарды мақұлдайды: алдағы үш жылдық кезеңге аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін; алдағы қаржы жылына арналған аудан бюджеті түсімдердің болжамдық көрсеткіштерін; аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қимасындағы аудан бюджетінің шығыстары лимитін; мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар қимасында жоспарланып жатқан үш жылдық кезеңге басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін; мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар кимасында жоспарланып жатқан үш жылдық кезеңге дамытуга арналған нысаналы трансферттер және республикалық, облыстық бюджеттерден кредиттер есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (багдарламалардың) тізбесін;
Тармақша 2
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруга бағытталған бюджеттік бағдарламалар жөнінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін белгілейді, қарастырады;
Тармақша 3
3) Комиссияның жұмыс органымен дайындалған материалдарды қарастырады және мыналар бойынша шешімдер қабылдайды: өткен кезең бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері; алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдер және бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның қорытындылары; жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері бойынша аудандық уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы келіспеушіліктерді реттеу; бюджеттік өтінімдерді жарастыру барысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы мен ауданның жергілікті аткарушы органы арасындағы келіспеушіліктерді реттеу; алдағы каржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасы; аудандық бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; тиісті қаржы жылына аудан бюджетін нактылау; экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелері туралы ақпараты негізінде бюджеттік бағдарламларды одан әрі іске асыру және бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын нақтылау.
Тармақша 4
4) Казақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) облыстық, аудандық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара әрекет жасауға, сондай-ақ Комиссия міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмыска тартуға; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдауга және ұсыныстар енгізуге; заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Комиссия міндеттерін іске асыруға кажетті материалдарды сұратуға және алуға; Комиссия міндеттерін іске асыруға катысты мәселелер бойынша Комиссия мәжілісіне бірінші басшыларды, ал олар болмаған жағдайда –мемлекеттік органның және ұйымдардың бірінші басшыарының міндеттерін атқарушы тлғаларды шақыруға және таңдауға құқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тәртібі
5. Комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамы аудан әкімдігімен белгіленеді.
Тармақ 8
8. Бюджеттік комиссияя құрамына енеді:
Тармақша 1
1) Комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 3
3) Комиссияның хатшысы;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелері.
Тармақ 9
9. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік комиссияның жұмыс органы табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия отырыстарының арасындағы мерзімде оның қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 11
11. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия отырыстарын жүргізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссиямен жүзеге асырылатын қызмет үшін жауапкершілік тартады. Комиссия төрағасы жоқ кезінде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысыы Комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және Комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдейді.
Тармақ 13
13. Комиссия анықтаған мерзімге және күн тәртібіне сәйкес отырыстарға материалдарды әзірлеу, Комиссияның мүшелеріне, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден туындайтын өзге де функциялар жұмыс органның функциялары болып табылады.
Тармақ 14
14. Жұмыстың жоспар-кестесі Комиссиямен белгіленеді. Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу кезінде Комиссия жұмысының жоспар – кестесі жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелерімен белгіленген мерзімге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 15
15. Комиссия мүшелерінің мәжілістерге қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығыы жоқ.
Тармақ 16
16. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен пікір алу жолымен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдауда тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 17
17. Комиссия мәжілістерінің күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру қорытындылары әр мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері көрсетілген тиісті хаттамаларға енгізіледі және төрағамен айқындалган жағдайдарда мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелері қол қойып растайды. Комиссиямен қабылданған шешім төрағаның қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар, онысы мәжіліс хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 18
18. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған Комиссияның шешімдері барлық мемлекеттік органдармен көрсетілген мерзімде міндетті түрде қарастырылуға және орындалуға жатады.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Аудан әкімдігімен Комиссия қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдау Комиссия қызметінің тоқтатылуына неғіз болып табылады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген Комиссия қызметінің тоқтатылуына қатысты жағдайлар туындаса, аудан әкіміне жасалған жұмыс туралы есеп беру хаты жолданады.