О реорганизации Республиканской хлебной инспекции при Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясын қайта құру туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 342 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқындағы "Республикалық астық сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасы мен сақталуын сараптауды;
белгіленген тәртіппен сертификаттар беру арқылы астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын сертификаттық сынақтан өткізуді;
жаңа астық бидайының сапасын бағалау және оны ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар дайындауды жүзеге асыру болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір айлық мерзім ішінде:
Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін, оның басшысымен келісім-шарт жасассын
және белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді жүргізсін;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы
қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
енгізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)
мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1- жолмен толықтырылсын:
"44-1. "Республикалық астық сараптамасы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында)".
Астана қаласы."
Тармақ 6
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 17 наурыздағы
N 251 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы республикалық астық инспекциясы жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 30 маусымдағы N 900 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 258-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер
енгізу және күшін жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат) бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің
49-тармағы.