Об утверждении Правил оказания социальной помощи по программе «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов» Қолданыста
Басқа 0
"Жергілікті өкілетті органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету" бағдарламасы бойынша
әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы №148-11 Заңының 6- шы бабына сәйкес қалалық маслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күшін жойды деп есептелсін:
- Семей қалалық мәслихатының 2001 жылгы 18 мамырдағы № 11-11 «Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ереже туралы» шешімі (ШҚО әділет басқармасында 2001 жылы 13 тамызда № 543 болып тіркелген);
- Семей қалалық мәслихатының 2003 жылғы 16 шілдедегі № 29-3 «Семей қалалық мәслихатының 2001 жылғы 18 мамырдағы № 11-11 «Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ереже туралы» шешіміне өзге істер енгізу туралы» шешімі (ШҚО әділет басқармасында 2001 жылы 5 тамызда № 1347 болып тіркелген).
Тармақ 3
З. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық маслихаттың әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау және халықтың денсаулығын сақтау, ғылым, білім, мәдениет, ұлтаралық қатынас және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша
муқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету туралы
Семей қалалық
мәслихатының 2005 жылғы
19 наурыздағы № 15-3
шешіміне қосымша
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша
муқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету туралы
ҚАҒИДА
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар (бұдан былай - Қағидалар) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" бюджеттік бағдарлама арқылы төлеуін ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдерді жүргізудің өкілетті органы - Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып саналады.
Тармақ 3
3. Қағидаларды қабылдаудың негізі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148- 11 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 53 бабының І тармағы 4 тармақшасы.
Тармақ 4
4. Қағидалардың іс-қимылы 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Қазақстан Республикасы Заңы реттейтін "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" қатынастарға тарамайды.
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік көмектерді алу құқықтары
2. Әлеуметтік көмектерді алу құқықтары
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмектерді алуға құқықтары бар:
Тармақша 1
1) қаладағы аз қамтамасыз етілген отбасылар, олардың ортақ табыстары бір адамға шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен болса, немесе төтенше жағдайлардың әсерінен жедел .әлеуметтік қолдауға мұқтаж болғандар.
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері және олармен теңестірілгендер, тылда еңбек еткендер, мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, жетім балалар, "Батыр ана" орденімен, "Күміс алқа", "Алтын алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналар қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен табыстарына қарамастаи мейрам күндерінде.
Тармақша 3
3) алған кірістері мен жеңілдіктеріне қарамастан ұдайы қалада тұратын Семей қаласының құрметті азаматтары.
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тұрғын үй жөндеуге.
Өмірдің ауыр жағдайлары болып саналатын отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болса, онкологиялық және туберкулез ауруларымен ұзақ емделуде болғанда, операция жасауға мәжбүр кезінде және басқа жағдайларда комиссияның шешімдерімен анықталса.
Тармақ 3. 3. Төлемдерді төлеуді үйымдастыру
3. Төлемдерді төлеуді үйымдастыру
Тармақ 6
6. Төлемдер жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қалалық мәслихат, қала әкімдігі, қоғамдық ұйымдардың, қаржы бөлімі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерінен комиссия құрылады. Комиссия отырысы айына бір рет қала әкімдігінде өткізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі мақсаты:
әлеуметтік көмек көрсету жайындағы азаматтардың арыздарын
қарау;
көмекке арызданған отбасының (азаматтың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, отбасының (азаматтың) әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін анықтау;
әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау жөнінде шешім қабылдау;
әлеуметтік көмектің мөлшерін тағайындау;
Тармақ 4. 4. Әлеуметтік көмектер көрсетудің мөлшері мен тәртібі
4. Әлеуметтік көмектер көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 8
8. 5 тармақтың 1 және 2 тармақшаларында көрсетілген әлеүметтік көмек алуға құқығы бар азаматтарға әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекке арызданушы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазады. Өтінішке мынандай құжаттар қоса тіркеледі:
жеке бас куәлігі;
үй кітапшасының көшірмесі немесе отбасы мүшелері туралы анықтама;
салық төлеушінің тіркелген нөмірі, әлеуметтік жекелей коды (РНН,
СИК);
Тармақша сик
әлеуімеітік төлемді қажет ететін құжат;
банктегі есеп шоты;
отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы кесім;
Тармақ 10
10. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға жекелей арыздануына байланысты оларға материалдық көмек көрсету үшін өкілетті орган өтінішпен бірге, өткен тоқсандағы жалпы кіріс туралы анықтамаларды талап етеді және өтініш етушінің тұрғын-үй мен тұрмыстық жағдайын тексеруді жүргізеді. Өтінішке қосымша материалдық көмекке қажеті бар
басқадай құжаттар (оқыс жағдай туралы анықтама, ауыр науқас және басқадай жағдайдағы анықтамалар) тіркелуі мүмкін. Тапсырылған құжаттардың толықтығына және сенімділігіне арызданушы Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша жауап береді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек төлемдері мемлекеттік мейрамдарға және қалалық шараларға қала әкімімён келісілген тізім бойынша көмек турала. өтінішсіз және тұрмыстық жағдайларының әлеуметтік анықтау актісінсіз төленеді.
Тармақ 12
12. Көмектің мөлшері әр жағдайда комиссияның шешімімен анықталады.
Тармақ 13
13. Семей қаласының құрметті азаматтарына әлеуметтік көмек өкілетті органмен арнайы диплом мен куәлігі, тұрғылықты жері туралы мәліметтері бойынша өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап төленеді.
Тармақ 14
14. "Семей қаласының құрметті азаматы" атағын алған адамдарға әлеуметтік төлемақы мөлшері қалалық міслихаттың 2004 жылғы 23 қыркүйектегі № 9-13 шешімімен бекіткен Ереженің 4 тармағына сәйкес анықталады.
Тармақ 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру
5. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру
Тармақ 15
15. Әлеуметттк көмектің шығындарын қаржыландыру қалалық бюджеттегі "Жеке топтағы көмекке зәру азаматтарға жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойыиша әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек арызданушының екінші деңгейдегі банктегі есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 6. 6. Төлемдерді бақылау
6. Төлемдерді бақылау
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек көрсету барысын бақылау және есеп беру 2004 жылғы 24 суірдегі № 548-11 Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы
110 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Р.Абузяров