О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Высшая аттестационная комиссия" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.28. N 2001 қаулысымен. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау саласында мемлекеттік монополияны және ғылыми кадрларды даярлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаменті "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерге ғылыми дәрежелер тағайындау мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық істерді оларға қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес қарауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды сараптауды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 3
3) жоғары білім және ғылым ұйымдарын аттестациялауға қатысу.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзім ішінде Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 470-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 470" Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы".
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментінің мәселелері туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 370 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж. N 13, 102-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.