О государственных закупках, имеющих важное стратегическое значение Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "MAN TURBO АG" компаниясы (Германия) сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Маңғыстау облысында орналасқан "Орталық Азия - Орталық" магистральды газ құбырының "Опорная" компрессорлық станциясында турбокомпрессор цехын салу жөнiндегi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi берушi болып белгiленсiн.
Тармақ 2
2. "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Peспубликасының Премьер-Министрі