Қолданыстағы ред. 28.03.2005

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу туралы от 28.03.2005 г. № 78 (Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу туралы)

0

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жыл 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» № 590 Заңының 3 бабының 2 тармақ 2, 3-тармақшаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауданда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия 1-қосымшадағы тізімге сәйкес құрылсын.

2

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің ережесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Ауылдық округ әкімдер ауылдық округтерде азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуларын ұйымдастырсын.

4

4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шыныбековке жүктелсін.
Келісілді
аудандық мәслихат хатшысы
Мұқанов Қадірбек Нағымұлы
Келісілді
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Абатов Нұрлан Жүнісұлы

5. Ауданда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамы

Аудан әкімдігінің
2005 жыл 28 наурыздағы № 78
қаулысына 1-қосымша
Ауданда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамы
Шыныбеков Абат Абайұлы – комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары
Қайсағалиева Эльмира Бектемірқызы – комиссия хатшысы, аудан әкімі аппаратының бас маманы
Мұқанов Қадірбек Нағымұлы – аудандық мәслихат хатшысы /келісімімен/
Абатов Нұрлан Жүнісұлы – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Рамазанов Мейірбек Мустахимұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Каюпов Тілепберген Ерсайұлы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі

6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің Ережесі

Аудан әкімдігінің
2005 жыл 28 наурыздағы № 78
қаулысына 2-қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің Ережесі
Осы Ереже аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін реттейді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуымен пайда болатын құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

2

2. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес олардың ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады.

3

3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады.

2. 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі

4

4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін аудан әкімдігінің қаулысымен құрылатын аудандық комиссия қарайды.

5

5. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы азаматтарды есепке алу ісін жүргізуші аудандық ішкі істер бөлімі ай сайын қатысушылардың жұмысының қорытындысын жасап, қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген көтермелеу шараларын қолдану жөнінде аудандық комиссияға ұсыныс жасайды.

6

6. Ұсыныс ішкі істер бөлімінің қолдаухаты түрінде беріледі.

7

7. Қолдаухатта азаматты көтермелеуге ұсынудың негізі көрсетіледі. Оған ішкі істер бөлімі бастығымен бекітілген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі жалғанады.

8

8. Аудандық комиссия кем дегенде айына бір рет комиссия отырысын өткізіп, аудандық ішкі істер бөлімінің ұсынысын қарайды.

9

9. Комиссия мүшелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушының жасаған әрекетінің қоғамға пайдалылығын ескеріп, марапаттау түрін айқындайды.

10

10. Комиссия отырысы хаттамамен рәсімделіп, қоғамдық тәртіпке қатысушыны марапаттау жөнінде аудан әкіміне хабарланады.

11

11. Көтермелеуге ұсынылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушыны аудан әкімі аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық атқарушы орган және аудандық мәслихат қызметкерлерінің қатысуымен марапаттайды.

12

12. Көтермелеуге жергілікті атқарушы органда тіркелмеген азаматтар да ұсынылады, егер олар қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға септігін тигізсе.

3. 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері

3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері

13

13. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы азаматтарды көтермелеудің мынадай түрлері белгіленеді:

1

1) алғыс жариялау;

2

2) грамотамен марапаттау;

3

3) ақшалай сыйлықақы беру.

14

14. Ақшалай сыйақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшеріне аспайды.