О мерах по дальнейшему совершенствованию подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров государственных органов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін біртұтас оқу, ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемелік негізін жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы", "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемелері "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Академия) қосылу және "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Дипломатиялық академиясының функциялары жаңадан құрылатын мемлекеттік мекемеге берілу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жөнінде қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) бұрын шығарылған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
Тармақша 3
3) осы Жарлыққа сәйкес өзге де қажетті шараларды қолдансын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
Тармақша 1
1) Академия туралы ереженің жобасын;
Тармақша 2
2) Мемлекет басшысының бұрын қабылданған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы Жарлыққа сәйкес қайта ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті