Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережесі туралы Күшін жойған
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерін, мерзімді баспасөз басылымдарын өндіру мен таратуға бақылау жасау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережелері бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуын бақылайтын комиссия құрамы бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуын бақылайтын комиссия туралы ереже бекітілсін (№ 3 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Хангереевке жүктелсін.
Келісілді
Шыңғырлау аудандық әділет басқармасы
бастық Асылбеков Берік Серікұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі
бастық Есеналиев Құрманғазы Алхамұлы
Келісілді
№ 7-ші кәсіптік мектебі
директор Нұрпейсов Нұрболат Бақтыбайұлы
Келісілді
Шыңғырлау жастары қоғамдық бірлестігі
төрағасы Сұлтанов Айбек Тубекұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық маслихаты
бастық Асылбеков Берік Серікұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық әділет басқармасы
хатшысы Шотпанов Адақ Таңабайұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінің
бас редакторы Умбеталиев Амангелді Төраліұлы
Басқа 5. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережелері
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 83
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережелері
Осы ережелер "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (бұдан әрі -БАҚ) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңының 14 бабы 2 тармағының негізінде әзірленген.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасына тек қана жергілікті атқарушы органдарының арнайы шешімімен айқындалып, арнайы бөлінген стационарлық орындарда рұқсат беріледі.
Тармақ 2
2. Тақырыптық бағыты эротикалық сипаттағы фильм, материалдар жариялайтын БАҚ-тың есепке қойылғаны және оны сатуға рұқсат берілгені туралы уәкілетті орган берген куәлігінің түпнұсқасының көрсетілуі шешімнің берілуіне негіздеме болып табылады.
Шешімде: БАҚ атауы, сату үшін айқындалған мерзімдері мен орындары көрсетілуі тиіс.
Тармақ 3
3. Аталған баспасөз өнімін сатуға мына жағдайда тыйым салынады:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған тұлғаларға;
Тармақша 2
2) балалар және оқу мекемелерінде, оларға 200 метрге таяу орналасқан аумақтарда;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;
Тармақша 4
4) қолдан сатуға, қоғамдық көліктерде, көпшілік адамдар жиналған жерлерде;
Тармақ 4
4. Заңды және жеке тұлғалар эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережесін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы белгілеген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 5
5. Осы ережелер осындай эротикалық сипаттағы материалдары бар, соның ішінде таяу және алыс шет елдерден әкелінген жазба және бейне өнімдеріне, мерзімді баспасөз басылымдарына да таралады.
Басқа 15. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссияның Құрамы
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 83
қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссияның Құрамы
Тармақ 1
1. Хангереев Самат Нағымұлы – Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Малтиев Мұрат Жұмағұлұлы – Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Умралеев Мұрат Амангелдіұлы – Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы
Тармақ 1
1. Бисембаева Аягөз Танырбергенқызы - Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру- бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы
Тармақ 2
2. Шотпанов Адақ Танабайұлы – Шыңғырлау аудандық маслихатының хатшысы /келісім бойынша/
Тармақ 3
3. Есеналиев Құрманғазы Алхамұлы - Шыңғырлау аудандық ішкі істері бөлімінің бастығы /келісім бойынша/
Тармақ 4
4. Умбеталиев Амангелді Төрәліұлы – Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінің бас редакторы /келісім бойынша/
Тармақ 5
5. Сұлтанов Айбек Тубекұлы – «Шыңғырлау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы /келісім бойынша/
Тармақ 6
6. Төлемісова Марал Тулеуғалиқызы – Шыңғырлау ауданының білім беру және спорт бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы
Тармақ 7
7. Нұрпейсов Нұрболат Бақтыбайұлы - №7-ші кәсіптік мектебінің директоры /келісім бойынша/
Тармақ 8
8. Асылбеков Берік Серікұлы – Шыңғырлау ауданының әділет басқармасының бастығы /келісім бойынша/
Басқа 27. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 83
қаулысымен бекітілген
№ 3 қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕСІ
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссия Шыңғырлау ауданы әкімінің жанындағы сарапшы-бақылаушы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Лицензиялау туралы" Заңдарының орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен тығыз байланыста жүргізеді. Өзінің қызметінде комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданылып жүрген заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және осы қаулыны басшылыққа алады.
Комиссияның міндеттері:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынған материалдардың сипатын (порнография, эротика) анықтау мақсатында талдау жүргізу.
Тармақ 2
2. Жазба және бейне өнімдерін, баспасөз басылымдарын, соның ішінде шет елдерден әкелінген өнімдерді өткізу саласына бақылау бойынша үйлестіруді жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Заңды және жеке тұлғаларға БАҚ туралы, авторлық құқық туралы, лицензиялау туралы қолданылып жүрген Заңдарды түсіндіру жөнінде ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету.
Комиссияның құқықтары мен фунқциялары:
Тармақша 1
1) аудандық БАҚ-дағы, жазба және бейне өнімдерін, мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға бақылау жасайды, жарияланымдар мен материалдардың сипатын тексереді.
Тармақша 2
2) қажет болса, нақты жағдайдан шыға отырып, белгілі бір немесе басқа да деректер бойынша ұсынымдар немесе қорытындылар шығарып бере алады.
Тармақша 3
3) баспасөз салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді меншік түрлеріне қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларынан және меншік иелерінен, жазба, бейне, баспа өнімдерін таратушыларынан сұрайды.
Тармақша 4
4) селолық округтерден түскен мәліметтер бойынша акт жасап, тиісті органдарға жібереді.
Тармақша 5
5) өз аттарына түскен өтініштерді қарап, тиісті органдарға солар бойынша ұсыныстар енгізеді.