О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердің тiзбесiнде: "Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 85-жол мынадай редакцияда жазылсын: "85 АЛА-002681 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШC";
Тармақша 2
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнің тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 218-2-жол мынадай редакцияда жазылсын: "218-2 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС"; "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 269-жол мынадай редакцияда жазылсын: "269 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС";
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: "Заң" медиа-корпорациясы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгі".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.