О проведении в районе традиционного трехмесячника по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий населенных пунктов района Қолданыста
Басқа 0
Ауданда елді мекендер аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, және ауданның елді мекендерін тазалау және санитарлық тәртіпке келтіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 шілдесіне дейін ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде дәстүрлі үшайлық жариялансын (әрі қарай - үшайлық).
Тармақ 2
2. Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу бойынша аудандық комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде конкурс (әрі қарай - конкурс) өткізу жөніндегі Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі он күн мерзім ішінде үшайлық өткізу жөніндегі аудандық іс-шараларды әзірлесін және комиссияның бекітуіне ұсынсын.
Тармақ 5
5. Экономика және қаржы бөлімі конкурс жеңімпаздарына сыйлық беру үшін бюджеттен ақшалай қаражат қарастырсын.
Тармақ 6
6. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) жарияланған үшайлық өткізу аясында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейін сумен жабдықтау, канализация нысандарының көктемгі-жазғы мерзімдегі жұмысқа дайындығына байқау өткізсін;
Тармақша 2
2) үшайлық жөнінде іс-шараларды әзірлеу және бекіту барысында 10 күнде бір мәрте рейд өткізу және атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығару үшін әкім аппараты, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бөлімінің (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің (келісім бойынша), мемлекеттік өртке қарсы қызмет (келісім бойынша) мамандарынан, коршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектордан жинақы топ құруды қарастырсын.
Тармақ 7
7. Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № а-4/58 (Ақмола облысының әділет департаментінде № 2531 тіркелген, «ІІІұғыла-Целинная нива» газетінің 2004 жылғы 28 мамырдағы № 18 (68) санында жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Қаулы 2005 жылғы 15 сәуірден бастап туындаған қатынастарға әрекет етеді.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің қаулысы ресми жариялануға тиіс.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В. Семенихинге жүктелсін.
Басқа 13. Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу бойынша аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 13 мамырдағы
№ а-5/89 қаулысына
1 қосымша
Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу бойынша аудандық комиссияның құрамы
Комиссия төрағасы:
Семенихин Николай Владимирович - аудан әкімінің орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасарлары:
Сыч Елена Васильевна – әкім аппаратының басшысы
Ахметова Әсемгүл Бөкенқызы - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Егіндікөл ауданы бойынша бөлімі бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Цитеркоп Надежда Ивановна - қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының міндетін атқарушы
Асанов Айтбек Қиянбекұлы - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектор (келісім бойынша)
Ақылбеков Нұрлан Сәлімұлы - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері (келісім бойынша)
Сәндібеков Маратбек Назарбекұлы - аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы
Әмірханов Қанат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Никишин Геннадий Григорьевич - жол - пайдалану учаскесінің бастығы (келісім бойынша)
Топорков Олег Иванович - «Егіндікөл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
Қазбеков Аманжол Белгібайұлы - Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Гурбанова Светлана Михайловна - «Шұғыла-Целинная нива» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Шынтеміров Қабыкен Ағыбайұлы - ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы
Комиссия хатшысы:
Қарабұзауов Марат Болатұлы - қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы
Басқа 14. Егіндікөл ауданының елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі аудандық конкурсты өткізу
Ережесі
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 13 мамырдағы
№ а-5/89 қаулысына
2 қосымша
Егіндікөл ауданының елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі аудандық конкурсты өткізу
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі аудандық конкурсты (әрі қарай-конкурс) аудандық әкімдік ұйымдастырады және өткізеді.
Тармақ 2
2. Конкурс елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстарына ынталандыру, ауданның әр елді мекенінде тәртіп пен тазалық, қолайлы ахуал қалыптастыру, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды белсендіру, қоғамдық жұртшылықты жергілікті жерлердегі тұрғындардың бастамаларын іске асырудың таңдаулы тәжірибелерінен хабардар ету мақсатында өткізіледі.
Тарау 2. 2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 3
3. Конкурс келесі номинация бойынша өтеді:
Тармақша 1
1) «Ең жақсы ауылдық округ, ауыл»;
Тармақша 2
2) «Үлгілі үй».
Тармақ 4
4. Конкурсқа ауыл және ауылдық округтардың тұрғындары, қоғамдык бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар, ауыл шаруашылық құрылымдар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қатысады.
Тармақ 5
5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін (санитарлық қызмет, сәулет, денсаулық сақтау, білім беру, өртке қарсы қызмет және тағы басқа) ұйымдардың қатысуымен аудандық комиссия құрылады.
Тармақ 6
6. Аудандық комиссия бекітілген номинациялар бойынша жергілікті жерлерде аудандық кезең конкурсының жеңімпаздарын қарайды, бағалайды.
Тармақ 7
7. Бағалау орындалған жұмыстар бойынша орташа бал шығара отырып, бес балдық жүйемен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) аудан, ауыл және ауылдық округтарының шекарасын, елді мекенге кіре берісті белгілеу (елді мекеннің атауы аталған көрсеткіш немесе кіре беріс белгінің болуы, тиіп тұрған аумақты жөнге келтіру);
Тармақша 2
2) жеке меншік үй құрылыстарының жағдайы (алдыңғы беттері, коршау, көгалдандыру және санитарлық жағдайы);
Тармақша 3
3) қоғамдық ғимараттардың, әлеуметтік сала және сауда нысандарының жағдайы (алдыңғы беттері, қоршау, көгалдандыру және санитарлық жағдайы, жанар-жағар май станцияларының, жарнама жазуларының ұсталуы және олардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына сәйкес келуі);
Тармақша 4
4) өндіріс сектор нысандарының жағдайы: мал қоралары, машина-трактор шеберханалары, қырмандар, дәрілеу алаңы, минералдық тыңайтқыштар және улы химикаттар қоймасы (алдыңғы беттері, қоршау, көгалдандыру және санитарлық жағдайы);
Тармақша 5
5) елді мекендердегі жолдар мен тротуарлар, жаяу адам жүретін жолдар, су өткізгіштердің ұсталуы;
Тармақша 6
6) бос ғимараттарды бұзылудан сақтау, бұзылғандарды бұзып алу, жерді тегістеу;
Тармақша 7
7) ескерткіш орындар, обелискілер, сәулет ескерткіштері және қоғамдық зираттардың ұсталуы мен жағдайы;
Тармақша 8
8) стадиондар, спортзалдар, спорталаңдар және спорт кұрылымдарының жағдайы;
Тармақша 9
9) жасыл желектері бар елді мекендердің көгалдануы мен сауықтыруы (скверлер, саябақтар, мектеп жанындағы учаскелер) және демалыс бұрыштарын тәртіпке келтіру;
Тармақша 10
10) сумен жабдықтау (су мұнаралары мен қоғамдық құдықтардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, жаңа су шаруашылық құрылысы, су ағарларының ақаусыздығы, айнала көпіршелерінің болуы);
Тармақша 11
11) қи қоймалары, қатты және сұйық қалдықтарды және мал өлекселерін көметін орындардың жағдайы;
Тармақша 12
12) тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтандыру, сауда нысандарының көктемгі-жазғы маусымдағы жұмыстарға дайындығы.
Аудандық комиссия аудан орталығы, елді мекендер және ауыл шаруашылық құрылымдар бойынша жиналған балдарды есепке ала отырып, бағалайды. Балл орындалған жұмыстың сапасы мен көлемі бойынша есептеледі:
Жұмыс көлемін 100 % орындағаны үшін - 5 балл
75 %-дан 99%-ға дейін – 4 балл
50%-дан 75%-ға дейін – 3 балл
25%-дан 50%-ға дейін – 2 балл
25%-ға дейін – 1 балл
Тарау 3. 3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
Тармақ 8
8. 2005 жылғы үшайлық жөніндегі аудандық конкурстың жеңімпаздарына келесі сыйлықтар белгіленсін:
Тармақша а
а) «Ең жақсы ауылдық округ, ауыл» номинациясына
1-орын - 100 000 теңге
2-орын - 50 000 теңге
3-орын - 25 000 теңге
Тармақша б
б) «Үлгілі үй» номинациясына
1-орын - 50 000 теңге
2-орын - 30 000 теңге
3-орын - 15 000 теңге
Барлығы: 270 000 теңге.