О вопросах лицензирования розничной торговли алкогольной продукции (кроме пива) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензия беру мәселесі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына , 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 «Лицензиялау туралы» Заңының 15 бабының 1 тармақ 2 тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» Заңға , Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Алкоголь өнімдерін жекелеп сату (сырадан басқа) үшін лицензияларға қол қою құқығына өкілетті тұлға болып қала әкімінің орынбасары Ольга Александровна Титова тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Алкоголь өнімдерін жекелеп сатуға (сырадан басқа) лицензия беру үшін құжаттарды әзірлеу функциясын жүзеге асырушы, лицензия ережелерін сақтауға бақылау жасау, лицензия беруді есепке алу үшін жұмыс органы болып «Көкшетау қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік мекемесі анықталсын.
Тармақ 3
3. Қоса берілген лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу Ережелері бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары О.А.Титоваға жүктелсін.
Басқа 5
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 24 мамырдағы №А-5/485 «Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензия беру мәселесі туралы» қаулысымен бекітілген Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Лицензиялау туралы» Заңының 15 бабының 1 тармақ 2 тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Ереже лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеуді реттейді.
Тармақ 3
3. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензиясы бар және Көкшетау қаласы аймағында орналасқан заңды және жеке тұлғалар тексеруге жатады.
Тармақ 4
4. Тексерісті «Көкшетау қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі аймақтық құқықтық статистика және мәліметтер орталығында тіркелген өкілетті тұлға қол қойған тексеру туралы актіге сәйкес заңды және жеке тұлғаларды тексеру туралы хабарландыру мерзімін сақтай отырып жүргізеді. «Көкшетау қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі өз құзырының шегінде және және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіп негізінде сәйкесті мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға құқықты.
Тармақ 5
5. Заңды және жеке тұлғаларды жоспарлы түрде тексеру жылына 1 реттен жиі болмауы керек, 10 адамы бар шағын кәсіпкерлік субъектілері 3 жылда бір рет тексеріледі.
Тармақ 6
6. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сату лицензиялық ережелерін сақтауға тексерілуі тиіс:
Тармақша 1
1) фискальді есте сақтау қабілеті бар бақылау -кассалық машинасының болуы және оның дұрыс жұмыс істеуі;
Тармақша 2
2) сатылатын тауардың сертификатының (белгілерінің) сәйкесті болуы, жарамдылық мерзімінің сақталуы, тауар маркасы мен акциздік маркасының тәртібі сақталуы керек;
Тармақша 3
3) алкогольді өнімдерді сату кезінде төменгі жекелеп сату бағасының сақталуы;
Тармақша 4
4) Жай кешенінің болуы (сату залы, тауарды сақтау және қабылдау жайы, ыдыс пен тараны сақтау жайы, әкімшілік-тұрмыстық жай);
Тармақша 5
5) алкоголь өнімдерін жекелеп сатумен айналысатын субъектілердің қызметін регламенттейтін техникалық құжаттары мен нормативтік-құқтық актілерінің болуы.
Тармақ 7
7. «Көкшетау қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі тексеріс жүргізу үшін берілген тексеріс белгілеу туралы актілерді тіркейді, олар бойынша заңнамаға сәйкес есеп жүргізеді.
Тармақ 8
8. Тексеріс нәтижесі бойынша лицензиялау ережесін сақтауды тексеру туралы акт құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қаулысына сай лицензиар лицензияның қолданысын тоқтату себебін көрсете отырып алты айға дейін төмендегідей жағдайларда тоқтатуға құқығы бар:
Тармақша 1
1) заңдылықты және лицензия ережесін бұзу;
Тармақша 2
2) өзінің құзыры шегінде лицензиар қойған талаптарды орындамау;
Тармақша 3
3) стандарт талаптарына сай келмейтін алкоголь өнімдерін сату;
Тармақша 4
4) лицензиарға мәліметтер беруден бас тарту немесе жалған ақпарат беру;
Тармақша 5
5) акциздерді жүйелі түрде төлемеу;
Тармақша 6
6) алкоголь өнімдерін маркалау ережесін бұзу;
Тармақша 7
7) лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда алкоголь өнімдерін сату;
Тармақша 8
8) алкоголь өнімдерін жекелеп сату ережесін бұзу;
Тармақша 9
9) алкоголь өнімдерін сатуда шыққан жері белгісіз өнімдерді айқындау;
Тармақша 10
10) алкоголь өнімдерін көтерме сатуға, сақтауға лицензиясы жоқ шаруашылық етуші субъектілерден жекелеп сату субъектілерінің алкоголь өнімдерін алуы.
Тармақ 9
9. Лицензияны қолдануды тоқтату мәселесі лицензиаттың қатысуымен болған тексеріс нәтижесі бойынша қаралады.
Тармақ 10
10. Лицензиат қол қою арқылы немесе пошта хабарландыруы арқылы лицензияны қолдануды тоқтату туралы мәселенің қаралу орны мен күні туралы хабарландырылады.
Тармақ 11
11. Лицензиат келмеген жағдайда лицензиар лицензияны қолдануды тоқтату туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 12
12. Лицензияны қолдануды тоқтату туралы лицензиардың шешімі лицензиатқа қол қою арқылы немесе поштамен (хабарландыру арқылы) жіберіледі.
Тармақ 13
13. Лицензиат лицензияны қолдануды тоқтату себебін жойғаннан кейін лицензия әрекеті жалғастырылады, ол туралы лицензиат қол қою арқылы немесе поштамен (хабарландыру арқылы) хабардар етіледі.
Тармақ 14
14. Лицензия әрекетін жалғастыру туралы шешімді лицензиар тексеріс жүргізгеннен кейін қабылдайды.