Об определении места и утверждении Правил розничной продажи периодических печатных изданий публикующих материалы эротического характера Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережелерін бекіту және сату орның белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік басылым өнімдерін бөлшек саудада сатуға арналған орын белгіленсін: Денисовка селосы, Калинин кешесі, 4, «Казпочта» Ашық Акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалы Денисов аудандық почта байланыс торабы (А.Е. Биктимисова).
Тармақ 2
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережелері бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Б.П. Мақашевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Әкімдіктің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 66 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережелерін бекіту және сату орның белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.
Басқа 5. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ЕРЕЖЕСІ
Әкімдіктің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 136 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережелерін бекіту және сату орның белгілеу туралы» қаулысына қосымша Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ЕРЕЖЕСІ Осы ереже «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 2-тармағы негізінде әзірленді.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылым өнімдері бөлшек саудада тек қана айқын көрініп тұратын жабық орамның ішінде және жергілікті атқару органдары арнайы бөлген тұрақты үй-жайларда ғана сатылуы тиіс.
Тармақ 2
2. Аталған басылым өнімдерін:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге:
Тармақша 2
2) балалар мекемелерінде және оқу орындарына және оған 150 метр радиуста іргелес жатқан аумақта;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет пен тарихи ескерткіштердің маңында;
Тармақша 4
4) коғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тыйым салынды.
Тармақ 3
3. Осы Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді басылымдарға, сонымен бірге жақын және алыс шет елдерден әкелінетін басылымдарға да қолданылады.
Тармақ 4
4. Эротикалық сипаттағы басылым өнімдерін осы мақсатқа арналып бөлінбеген жерде таратқан немесе жарнамалаған тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.