Об Инструкции оказания социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, возмещению затрат по медицинскому освидетельствованию и на проезд к месту обучения в пределах региона Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕЛІ:
Тармақ 1
1. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығы
Әкімдіктің
2005 жылғы 5 мамырдағы
№ 137 «Кәсіби даярлау, біліктілікті
арттыру және қайта даярлауға
жіберілген жұмыссыздарға тұруға,
тамақтануға арналған шығынды ішінара,
медициналық куәландыруға және
аймақ шегінде оқу орнына баратын
жолға арналған шығынды өтеу
жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің
Нұсқаулығы туралы»
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықты қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган - «Денисов ауданының жұмыспен және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және кайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету (әрі қарай - әлеуметтік көмек) уәкілетті органмен көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күнінен кейін бір ай ішінде өтініш жасаса, төленеді.
Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алуға уәкілетті органда ресми тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған білім беру ұйымына кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және кайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 4
4. Өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жерден банкідегі жеке шоттың нөмірі, көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландырылатын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі, жолдамада жұмыссыздың аты-жөні, білім беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетіледі, жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады, берілген уақыты жазылады, жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталады;
Тармақша 5
5) уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) темір жолмен, жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары, немесе тасымалдаудың көрсетілген түрлерін жүзеге асырушы ұйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегі) уәкілетті тұлға қол қойып, мөрмен растаған анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесінің медициналық куәландырудан өткені туралы анықтамасының көшірмесі және өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп, жазбаша хабарланады.
Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Қажет құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Тұруға және тамақтануға шығындарды өтеу кәсіби оқуға жіберілген, сырттан келіп оқитын жұмыссыздарға ғана беріледі:
Тармақша 1
1) тұруға - айына бір айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) тамақтануға - айына екі айлық есептік көрсеткіш.
Кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар сырттан келген деп есептеледі, егер оқитын оқу орны олар тұрақты тұратын елді-мекеннен тыс жерде орналасқан болса.
Тармақ 11
11. Кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздардың шығындарын өтеу мыналар үшін көрсетіледі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруға осы Нұсқаулықтың 6 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық бағасы;
Тармақша 2
2) аймақ шегінде (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға осы Нұсқаулықтың 6 тармағындағы 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық бағасы.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Тұруға және тамақтануға шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу оқу аяқталғаннан кейін немесе оқу басталуымен ай сайын, оқу орны ұсынған сабаққа қатысу табель негізінде жүргізіледі.
Медициналық куәландыру және аймақ шегінде (облыстық, ауданның) оқу орнына баруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу осы Нұсқаулықтың 3 тарауы 6 тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырған мезгілден кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және «Денисов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға жиынтық өтінімді тапсырады.
Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамамен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдарға берген тізімдері бойынша жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы жетпеген жағдайда оқып жатқан жұмыссыздарға әлеуметтік көмек тіркелген арыздың хронологиялық тәртібімен төленеді.