О Правилах розничной продажи периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера Қолданыста
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережелері туралы
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату жөніндегі сауда орын; арының қызметін тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережелері анықталсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату ережелерін сақтау жөнінде аудандық комиссия құрылсын, комиссияның жеке құрамы Әулиекөл аудандық мәслихатының сессиясында бекітуге енгізілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ғабдулинге жүктелсін.
Басқа 4. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережелері
Әкімдіктің
2005 жылғы 30 наурыздағы
№ 140 қаулысына 1-қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережелері
Осы Ереже «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 45-1 Заңының 3 тарауы, 14 бабы 2 тармағына сәйкес әзірленді және эротикалық сипаттағы мерзімдік басылым өнімдерін бөлшек саудада сатуды тәртіпке келтіруге бағытталған.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылым өнімдері бөлшек саудада тек қана айқын көрініп тұратын жабық орамның ішінде және арнайы бөлген тұрақты үй-жайларда ғана сатылуы тиіс.
Тармақ 2
2. Эротикалық сипаттағы мерзімдік басылым өнімдерін бөлшек саудада сатуға арналған арнайы бөлінген тұрақты үй-жай жұмыс комиссиясымен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Аталған басылым өнімдерін:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге;
Тармақша 2
2) балалар мекемелерінде және оқу орындарын мекемелерінде және оған 150 метр радиуста іргелес жатқан аумақта;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет пен тарихи ескерткіштердің маңында;
Тармақша 4
4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімдік басылымдар тізбесін аудан әкімияты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімдік басылым өнімдерін сату тәртібін сақтау жөніндегі Комиссия анықтайды.
Тармақ 5
5. Осы Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді басылымдарға, сонымен бірге жақын және алыс шет елдерден әкелінетін басылымдарға да қолданылады.
Тармақ 6
6. Эротикалық сипаттағы басылым өнімдерін осы мақсатқа арналып бөлінбеген жерде таратқан немесе жарнамалаған тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-11 Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.
Басқа 15. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін өткізу тәртібін сақтау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Әкімдіктің
2005 жылғы 30 наурыздағы
№ 140 қаулысына 2-қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін өткізу тәртібін сақтау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Г абдулин Қанат Мырзағалиұлы -
аудан әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы
Оспанов Сұлтанғали Әлмағамбетұлы -
«Әулиекөл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мскемесінін бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Омарова Динара Ерболатқызы - «Әулиекөл ауданының ішкі саясат боөлімі» мемлекеттік мекемесінін бас маманы, комиссияның хатшысы
Аязбаева Гаухар Ержанқызы - Әулиекөл ауданы әкімиятының «Аудандық «Әулиекөл» газетінің редакциясы» мемлекеттік коммуналдык кәсіпорнының редакторы
Әбділдін Қазбек Әмілұлы - «Әулиекөл ауданының білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Баранова Валентина Андреевна - «Әулиекөл ауданының білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балалар құқығын қорғау жөніндегі маман