Об утверждении Инструкции об оказании социальной помощи обучающимся в высших и средне специальных учебных заведениях и выпускникам организации среднего общего образования для оплаты обучения в высших и средне специальных учебных заведениях Казахстана Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпы орта білім беретін ұйымдарда түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
Басқа 3. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Нұсқаулығы
Әкімдіктің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 132 «Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына қосымша Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Нұсқаулығы Осы Нұсқаулық аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Денисов ауданында тіркелген және тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан жалпы орта білім беретін ұйымдар түлектеріне және ата-аналардың қамқорлығысыз қалған, бала кезінен мүгедек болған мектеп түлектеріне Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек ( әрі қарай - әлеуметтік көмек) көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек алуға мыналардың құқы бар:
Тармақша 1
1) адам басына шаққанда айлық табысы заңда белгіленген кедейлік деңгейден төмен аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері;
Тармақша 2
2) ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері, оның ішінде жетім-балалар;
Тармақша 3
3) кеп балалы отбасыларынан шыққан жалпы орта білім ұйымдардың түлектері (төрт және одан да коп жасы кәмелетке толмаған, бірге тұратын балалары бар отбасыларынан);
Тармақша 4
4) балп кезінен мүгедек жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері;
Тармақша 5
5) осы Нұсқаулықтың 1 тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген статусы бар, Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орымдарында оқып жүрген студенттер.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек құқығы жүзеге асырылады, егер де оған үміттенген адамдар мемлекеттік білім гранттар мен кредиттерге иеленушілері болмағандар болса. Білім саласындағы орталық атқарушы органмен жыл сайын белгіленген кешенді тестілеуден ұпайдың төменгі мөлшерден кем жинағандарға әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді іріктелуі жинаған ұпайдың ең жоғары саны бойынша жүргізіледі. Ұпайлары тең болғанда үздік аттестаттың иеленуші басымды құқылы болады. Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беретін мектеп түлектеріне және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, бала кезінен мүгедек мектеп түлектеріне Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жергілікті атқарушы органымен құрылған аудандық комиссия (әрі қарай - комиссия) шешімі бойынша тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмектің мөлшері
2. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек біржола және жыл сайын тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетпен бөлінген қаржы шегінде тиісті жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы нақты оқу кұны мөлшерінде көрсетіледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізілімі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізілімі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - уәкілетті орган) келесі қажетті құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Нұсқаулықтың 1-ші қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) тұрғылықты жерінен анықтама, әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, белгіленген үлгідегі жалпы орта оқу туралы аттестаттың көшірмесі, бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің қорытындылары туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, жеке әлеуметтік кодтың көшірмесі.
Тармақ 5
5. Сонымен бірге өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулықтың 1 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаты үшін: отбасы мүшелерінің табысы туралы құжаттар (жұмысқа қабілетті (жұмыс істеуші) отбасы мүшелерінің жұмыс ақысы туралы анықтамалар немесе еңбек және өзге де қызметтен табысты, зейнетақы мен жәрдемақыларды алатындығын дәлелдейтін тиісті жылдың екінші тоқсанындағы әлеуметтік көмек сұрап келген тоқсан алдындағы берілген анықтамалар және басқа құжаттар; уәкілетті органнан отбасының жұмыс істемейтін мүшелерінің жұмыссыз ретінде тіркелу фактісін дәлелдейтін және әлеуметтік көмек сұрап келген айында берілген анықтама; отбасының жиынтық табысына тиісті жылдың екінші тоқсанындағы ақшалай және заттай табыстың барлық түрлері кіреді. Жиынтық табысты есептегенде тұрғын үй жәрдемақы, атаулы және қайырымдылық көмек, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақ, жерлеуге біржолғы жәрдемақы табысқа кірмейді;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықтың 2 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаты үшін: ата-аналарының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі, соттың бала ғып (қыз ғып) асырап алу туралы шешім, қамқоршы тағайындау туралы шешім;
Тармақша 3
3) осы Нұсқаулықтың 3 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаты үшін: көп балалы отбасының статусын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) осы Нұсқаулықтың 4 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаты үшін: мүгедектік тағайындалуын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:
Тармақша 5
5) 1 тармақ 5) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаты үшін оқуға қызмет көрсетулер туралы келісім-шарттың көшірмесі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек оны алуға құқылы тұлғаларға, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында әр жыл сайынғы оқу мерзімі үшін жоғары және орта кәсіби білім туралы диплом алғанша беріледі. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және алуға қажетті құжаттар уәкілетті органға көшірмелер мен түпнұсқалар түрінде ұсынылады, ол құжаттар көшірмелерін растайды, істер ресімдейді. Уәкілетті орган жыл сайын 5 тамызға дейін әлеуметтік көмек алуға үміткерлерден құжаттар қабылдайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
Тармақ 7
7. «Денисов ауданының білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме жыл сайын 1-ші шілдеге дейін уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 1 тармағында көрсетілген тұлғалар санынан жалпы білім беретін мектептердің ағымдағы жылдың түлектер тізімін ұсынады. Уәкілетті орган жалпы білім беретін мектеп тұлғаларының ұсынылған тізімдеріне сәйкес әлеуметтік көмек алуға үміткерлерден құжаттар қабылдайды, он күн ішінде қойылатын талаптар сәйкестігін анықтайды және комиссияға одан әрі ұсыну үшін қорытынды дайындайды.
Тармақ 8
8. Осы Нұсқаулықтың 1 тармағында көрсетілген тұлғалар санына жалпы білім беру ұйымдарының түлектері оқитын мамандықтар тізбесі жыл сайын 1-ші шілдеге дейін комиссиямен белгіленеді және Денисов ауданы рыноктағы сұраныс құрылымына байланысты болады. Мамандықтар тізбесі Денисов ауданы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 9
9. Комиссия жыл сайын 20-ші тамызға дейін әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын қарайды, және үш күндік мерзімде шешім шығарады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган комиссия шешімі негізінде Нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен оқу қызмет көрсетулерге келісім-шарттар жасайды.
Тармақ 11. ӨТІНІШІ
11. Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін уәкілетті орган 10 банктік күн ішінде бірінші оқу жылы үшін аудандық бюджет қаржысы есебінен, әлеуметтік көмек алушының жеке шотына тиісті операциялар түріне Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай қаражат аудару жолымен төлемақы төлейді. Әлеуметтік көмек алған тұлғалар, алған соманы тиісті оқу орнына өткізуге және уәкілетті органға төлем квитанциясын ұсынуға міндетті, ол ресімделген іске тігіледі. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығына 1 қосымша «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне __________________________________ мекенжай бойынша тұратын __________________________________ __________________________________ аты-жөні-тегі __________________________________ телефон ________________ (бар болса) ӨТІНІШІ __________________________________________________ оқуға төлем төлеу оқу орның аталымы үшін маған ____________________________ әлеуметтік көмек тағайындауды статус көрсету өтінемін мамандығы _________________________ факультет _____________________ Мына құжаттар қоса беремін: 1. 2. 3. 4. 5. Күні _____________ Қолы _______________ Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығына 2 қосымша Білім беру қызмет көрсетулердің ШАРТЫ _____________ «_______» _____________ 200 __ ж. Бір тараптан, __________________________________________ , Жарғы оқу орның аталымы негізінде бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын (ректор, директор) тұлғасында әрекет жасайтын, және басқа тараптан, Ереже негізінде әрекет жасайтын, «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын басшы тұлғасында ________________________________________________ (аты, жөні, тегі) Денисов ауданы бюджеттің есебінен әлеуметтік көмек алушыға білім беруден кызмет көрсетулер үшін осы шартты жасасты, бұдан әрі «Студент» деп аталатын __________________________________________________________________ (әлеуметтік көмек алушының аты, жөні, тегі)
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні 1. «Орындаушы» ___________________________ мамандығы бойынша жоғары (орта арнаулы) білімнің тиісті мемлекеттік стандарты бойынша білім саласындағы орталық атқарушы органымен бекітілген. күндізгі оқу нысаны, толық курсын бітіргеннен кейін тиісті квалификациясы және жоғары (орта арнаулы) кәсіби білімі туралы белгіленген үлгідегі диплом берілетін мамандығы бойынша «Студентті» оқытудан міндеттер алады. 2. «Тапсырыс беруші» білім беруден кызмет көрсетулер үшін осы шартқа сәйкес «Студенттің» оқуына «Орындаушыға» төлем төлейді.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 3. «Орындаушы»:
Тармақша 1
1) _______________________________________________ жоғары (орта арнаулы) оқу орнына қабылдауға; аты, жөні, тегі
Тармақша 2
2) «Орындаушының» білім беру жұмыстармен айналасуға құқық лицензиясымен, жарғымен, ішкі тәртіп ережелерімен және «Орындаушының» оқу-тәрбие процесін ұйымдастырылуын және оқуға қабылдау тәртібін реттейтін басқа құжаттарымен «Студентті» таныстыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес «Студенттің» оқуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) оқуын үздік аяқтаған сәтте «Студентке» білім саласындағы орталық атқарушы органымен белгіленген мемлекеттік үлгідегі диплом беруге;
Тармақша 5
5) «Студенттің» келесі курсқа ауысқаны туралы бұйрықтың көшірмесін жыл сайын «Тапсырыс берушіге» ұсынуға;
Тармақша 6
6) бес күн мерзімде осы шарттың 6 тармағы 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша «Студентті» оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынып «Тапсырыс берушіге» хабарландыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Тапсырыс беруші»:
Тармақша 1
1) жыл сайын ақшалай қаражаттың лимитінің бөлінуіне қарай «Студенттің» жеке шотына бюджеттік қаржы аудару арқылы оның оқуына әлеуметтік төлемдер төлеуге;
Тармақша 2
2) «Орындаушымен» келісіп «Студенттің» оқу тәжірибесін өтетін орнын табуына қолдау көрсетуге «Тапсырыс берушіге» хабарландыруға міндетті.
Тармақ 5
5. «Студент»:
Тармақша 1
1) жеке шотқа ақшалай қаражат түсуіне мерзімінен бастап үш банктік күн ішінде оқу үшін төлем төлеуге және «Тапсырыс берушіге» төлем төлегені туралы квитанция ұсынуға;
Тармақша 2
2) «Орындаушының» оқу жоспарын уақытылы орындауға;
Тармақша 3
3) «Орындаушының» оқу жоспарына сәйкес жүйелі түрде теориялық және практикалық дәрістерге қатысуға;
Тармақша 4
4) «Орындаушының» ішкі тәртіп ережелерін ұстануға;
Тармақша 5
5) оқу бітіріп тиісті үлгідегі диплом алғаннан кейін, аудан бюджет қаржысы есебінен оқуға төлем төлеген мамандық бойынша Денисов ауданы аумағында бес жыл жұмыс істеуге міндетті.
Тармақ 6
6. «Орындаушы»:
Тармақша 1
1) «Тапсырыс беруші» мен «Студенттен» осы шартқа сәйкес өздеріне жүктеген міндеттерін адал және тиісті орындалуын талап етуге;
Тармақша 2
2) «Орындаушының» жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерін және осы шартпен көзделген міндеттемелерді орындамаған үшін «Студентті» оқудан шығаруға құқылы.
Тармақ 7
7. «Тапсырыс беруші» осы келісім-шартқа сәйкес «Орындаушы» мен «Студенттен» өздеріне жүктеген міндеттерді адал және тиісті орындалуын талап етуге құқылы.
Тармақ 8
8. «Студент»:
Тармақша 1
1) «Орындаушы» жарғысында көзделген тәртіп бойынша «Орындаушының» оқу залы мен кітапханасы базасындағы оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиет қорын тегін пайдалануға;
Тармақша 2
2) өз пікірі мен сенім-ұстанымдарын еркін жариялауға;
Тармақша 3
3) өзін сыйлауды талап етуге;
Тармақша 4
4) «Орындаушыдан» осы шартқа сәйкес өздеріне жүктеген міндеттерді адал және тиісті орындалуын талап етуге құқылы.
Тарау 3. 3. Қызмет көрсетулердің құны мен есеп-айырысу тәртібі
3. Қызмет көрсетулердің құны мен есеп-айырысу тәртібі
Тармақ 9
9. «Студенттің» оқуына әлеуметтік көмекті төлеу «Тапсырыс берушімен» жыл сайын 1 қазаннан кешіктірмей тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы «Студенттің» жеке шотына аудару жолымен жүргізіледі. Жеке шотына ақшалай қаражат түскен сәттен бастап, «Студент»үш банктік күн мерзімде ағымдағы оқу жылына төлем төлейді.
Тармақ 10
10. Оқу жылына «Студенттің» оқу төлемақысы ______ теңге құрайды және оқу жылы аяқталғанша белгіленген болып қалады.
Тармақ 11
11. «Орындаушы» жыл сайын 1 тамыздан кешіктірмей «Тапсырыс берушіге» көрсетілетін оқу қызметтері үшін төлем ақының белгіленген мөлшерлерін хабарлайды. «Студенттің» оқу үшін төлемақысы кейінгі оқу жылдары өзгеретін болса, тараптар қосымша шарт арқылы осы шартқа өзгерістер енгізеді.
Тармақ 12
12. «Студент» оқудан шығып кетсе, барлық оқу мерзімі үшін төленген сома «Тапсырыс берушіге» қайтарылмайды.
Тармақ 13
13. «Тапсырыс беруші», «Орындаушы» және «Студент» шарт бойынша немесе оған катысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді нақты келіссөз процессінде шешу үшін ат салысуға тиіс.
Тармақ 14
14. Егер де тараптар, шарт бойынша дауды бейбіт жолымен шеше алмайтын болса, тараптардың әрқайсысы осы мәселені Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешуді талап етуге құқылы.
Тарау 4. 4. Форс-мажор
4. Форс-мажор
Тармақ 15
15. Тәбиғи апат, соғыс, ереуіл немесе басқа форс-мажорлық себептерден шарт жасасқаннан кейін орын алған және тараптар алдын ала білу немесе жоюға мүмкіндіктері болмаған осы шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамаған жағдайда тараптар жауапкершіліктен босатылады. Бұл сәтте осы шарт бойынша міндеттемелердің орындау мерзімі осы жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
Тарау 5. 5. Келісім-шарттың іс-әрекет жасау мерзімі
5. Келісім-шарттың іс-әрекет жасау мерзімі
Тармақ 16
16. Осы шарт бірдей заң күші бар _______ данада жасалып, және тараптар өз міндеттерін толық орындағанша іс-әрекет жасайды.
Тармақ 17
17. Осы шарт жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитындарға Қазақстанның жоғары және орта арнауды оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссиясының шешімі негізінде жасалған.
Тармақ 18
18. Шарттың басталу мерзімі 200_ жылдың «______» _______________. Келісім-шарттың аяқталу мерзімі 200_ жылдың « _____» ____________.
Тарау 6. 6. Тараптардың заңды деректемелері
6. Тараптардың заңды деректемелері «Тапсырыс беруші» «Орындаушы» «Студент» ______________________ _____________________ ______________________ ______________________ _____________________ ______________________ ______________________ _____________________ ______________________ ______________________ _____________________ ______________________ ______________________ _____________________ ______________________ ______________________ _____________________ ______________________ (бастықтың аты-жөні, тегі, (ректордың (директордың) (аты-жөні, тегі, қолы) қолы) аты-жөні, тегі, қолы) М.О. М.О. Ескертулер: М.О. - мөр орны