Об утверждении Инструкции оказания социальной помощи на погребение умерших безработных несовершеннолетних детей Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және аудан бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Басқа 3. Қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы
Әкімдіктің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 138 «Қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына қосымша Қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы Осы Нұсқаулық аудан бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қайтыс болған жұмыссыздар мен жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмекті «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) көрсетеді. Уәкілетті органы бастығы бұйрығымен жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысын қабылданған шешімдер бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыратын, төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Комиссия отырысының хаттамасын хатшы ресімдейді.
Тармақ 5
5. Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады, комиссия мүшелерінің жалпы санының көбі дауыс берген болса, шешім қабылданған болып есептеледі. Хаттамаға барлық комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 6
6. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің 2/3 қатысса, өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек оны алуға құқылы адамның табысына байланыссыз тағайындалады.
Тармақ 9
9. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланың еңбекке қабілетті әкесі (баланы (қызды) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) баланың қаза болған күніне текті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді. Айырықша жағдайларда, отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын және қамтамасыз етілген деңгейін ескере отырып, комиссия көрсетілген факторларды есепке алмай, жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға құқығы бар. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек баланың шешесінің жұмыссыз ретінде тіркелген фактісіне қарамастан тағайындалады. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек әкесі (баланы, (қызды) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) мүгедек немесе зейнеткер болған жағдайда да тағайындалады және төленеді. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек ата-ананың (баланы (қызды) асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының) біреуіне төленеді. Әлеуметтік көмек ата-аналық құқықтан айырылған ата-аналарға тағайындалмайды және төленбейді.
Тармақ 10
10. Қаза болған күніне текті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған адамдарды жерлеуге әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға төленеді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызды, оны алуға құқылы тұлға тиісті құжаттарды қосып, береді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы құжаттарды қарау, құжаттар тапсырылғаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның комиссиясы арыз берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 14
14. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына, растығына заңдылыққа сәйкес жауапты болады.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган комиссиясының шешімі сот арқылы бұзылуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін өлім туралы куәліктің көшірмесі міндетті құжат болады.
Тармақ 17
17. Осыдан басқа, арыз беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған қайтыс болған жасөспірімдерге: баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бапаның әкесінің (баланы (қызды) асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамасы; ата-ананың, (баланы (қызды) асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының) жеке куәлігінің көшірмесі; баланы (қызды) асырап алушылар сот шешімін, баланы (қызды) асырап алу туралы куәліктің көшірмесін береді; қамқоршы - қамқоршының (қорғаншының) куәлігін немесе балаға қамқоршы (қорғаншы) тағайындау туралы қамқоршылық және қорғаншылық органның шешімін береді; қайтыс болған жасөспірімнің шешесін растайтын жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) қайтыс болған жұмыссыздарға: жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қайтыс болған азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамасы; жұмыссызды растайтын жеке куәлігінің көшірмесі; әлеуметтік көмек алуға құқылы тұлғаның жеке куәліктің көшірмесі; егер қайтыс болған азаматты отбасы мүшелері жерлеген болса, арыз беруші туыстық қатынастарды растайтын құжатының көшірмесін ұсынады; егер қайтыс болған азаматты отбасы мүшелері жерлемеген болса. арыз беруші жерлеу рәсімін жүргізетін кызметтің жерлеуді растайтын құжатынын көшірмесін ұсынады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік кәмек тағайындау үшін тиісті уәкілетті органға салыстыру үшін қажет құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. Тиісті уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растап, іске ресімдейді.
Тармақ 19
19. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 20
20. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек 10-еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек 10-еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 21
21. Қайтыс болғандарға жұмыссыздарға және кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек, егер көмек сұрау туралы өтініш қайтыс болған күнінен кейін үш айдан кеш түспесе, төленеді.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, мемлекеттік сатып алу туралы заңмен белгіленген тәртіппен ұйымдар арқылы жүргізіледі. Уәкілетті, орган кәмелетке толмаған қайтыс болған балаларды және жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, есептеп, ай сайын «Денисов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды және жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган ұсынған тізімдеріне сәйкес жүргізіледі.