Об утверждении Инструкции оказания социальной помощи малоимущим больным туберкулезом Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
Басқа 3. Туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы
Әкімдіктің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 139 «Туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына қосымша Туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы Осы Нұсқаулық аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында туберкулезбен ауыратын аз қамтылған азаматтарға амбулаториялық емдеу кезінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Туберкулезбен ауыратын аз қамтылғандарға әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай уәкілетті орған) мына түрлері бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) облыстық туберкулез диспансерге бақылау тексеруден өту және ауруханаға жату үшін баратын жолға арналған шығындарды өтеу;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауыратындарға емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін.
Тармақ 2
2. Ауру адам, егер де оның емделуінде ұзақ уақыт, себепсіз үзіліс болмаса, әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Отбасының жан басына шаққанда орташа табысы кедейліктің белгіленген деңгейден төмен болса, әлеуметтік көмек төленеді.
Тармақ 4
4. Емделу курстың тәртібін бұзған ауруға әлеуметтік көмек төленбейді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек, ауру адам емделудің толық курсын өткеннен кейін, облыстық туберкулез диспансердің өтініші негізінде көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызды арыз беруші өз атынан әлеуметтік көмек алуға құқығын растайтын құжаттармен қоса тұрғылықты мекен-жайы бойынша уәкілетті органға тапсырады.
Тармақ 7
7. Арызды құжаттардың толық пакетін қабылдағаннан кейін уәкілетті орган тіркейді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді арыз беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 7 күн ішінде береді. Тағайындаудан бас тартқан жағдайда арыз берушіге хабарланады.
Тармақ 9
9. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына, растығына заңдылыққа сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) отбасының жиынтық табысы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) облыстық тубдиспансердің ауруға қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініші отбасының жиынтық табысы жөніндегі анықтамасы негізінде беріледі. Өтініште тіркеу нөмір, құжатқа қол қойған лауазым иесінің аты-жөні толық көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбасы бар мөрмен расталады;
Тармақша 3
3) арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) жол жүру құжаттары;
Тармақша 5
5) банкідегі (почтадағы) жеке шоты нөмірі, көрсетілген арызы.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 11
11. Туберкулез аурулардың қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Бақылау тексеруге және (емдеу мекеме белгіленген мерзімдерде) ауруханаға жатуға байланысты жол шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек 100 пайыз мөлшерінде көрсетіледі, жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары негізінде, көрсетілген жол көлігімен бір станциядан емдеу орны орналасқан станцияға дейін (екі жаққа да).
Тармақ 13
13. Ауруларға қала ішіндегі көлікті пайдалану үшін ай сайын бір айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, барлық емдеу мерзіміне әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың істерін ресімдейді және «Денисов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға жиынтық өтінімді тапсырады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті төлеу, уәкілетті орган тапсырысына сәйкес алушының таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдардың немесе таңдаған екінші деңгейдегі банктің реквизиттері көрсетілген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Тағайындалған сомалар, қаражат түскеніне қарай, алушылардың жеке шоттарына аударылады.