Об утверждении Инструкции оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с приобретением личного подсобного хозяйства Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуына байланысты шығындарды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасымен сәйкес, аудан бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуына байланысты шығындарын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан іске енгізіледі.
Басқа 3. Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуымен байланысты шығындарын өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығы
«Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуымен байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылы 5 мамырдағы № 140 әкімдіктің қаулысына қосымша Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуымен байланысты шығындарын өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің Нұсқаулығы Осы Нұсқаулық аудан бюджетін орындау бағдарламасын қамтамасыз ету мақсаттарында жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуымен байланысты шығындарын өтеу жөнінде әлеуметтік жәрдем көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуымен байланысты шығындар өтеу бойынша әлеуметтік көмек «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (әрі уәкілетті орган). Уәкілетті орған азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Жеке қосалқы шаруашылық - ауыл шаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлері. Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуы заңдармен белгіленген кедейлік деңгейінен аспайтын ортажанды табысымен азаматтармен оны күту және даму мақсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, заңдармен белгіленген, кедейлік деңгейінен аспайтын ортажанды табысымен босқын статусы бар тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге жатады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесіне ғана беріледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға талап еткен тұлға (әрі - өтінуші) уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алуға құқығын растаған құжаттарын ұсынады.
Тармақ 6
6. Тапсырушы өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына заңдармен сәйкес жауапкершілік етеді.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 7
7. Өтінішке келесі құжаттар қосылады:
Тармақша 1
1) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) Отбасы кұрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) Отбасы табысының бар болуын немесе жоқ болуын растайтын құжаттар; Жұмыс істегендер еңбекақының мөлшері туралы белгілеген нұсқадағы анықтамасын береді; Жұмыссыздар - жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органнан азаматтың жұмыссыздығын растаған анықтамасын береді; Жұмыссыздар тұрғылықты жерінің салық органнан кәсіпкерлік кызметімен айналыспайтыны туралы анықтамасын береді; Жұмыспен қамту мәселелер жөнінде уәкілетті органда тіркелмеген жұмыссыздар әлеуметтік көмек көрсету құқығынан айырылады. Кәсіпкерлік қызметін атқарған тұлғалар алған табыстың болуын растаған құжатын береді. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін жиынтық табысының белгілеуі қолданылған заңдармен сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақша 4
4) Жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуын растаған құжат (шот);
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары мен олардың көшірмелерін салыстыру үшін уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның жұмыскерлері құжаттардың көшірмелерін растайды және оларды іске ресімдейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық қажет құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді, бұл туралы тапсырушыға хабарланады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажет құжаттардың біреуінің болмауы - әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 11
11. Қосалқы шаруашылықты сатып алуына шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек 50 данадан артық емес санында ауыл шаруашылық құстарға, саны - 3 бастан артық емес ауыл шаруашылық малға беріледі. Ауыл шаруашылық кұсты сатып алуына шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек оның фактілік бағасының мөлшерінде, бірақ, 20-дан артық емес белгіленген айлық есеп көрсеткіштің мөлшері сәйкес жылына республикалық бюджет туралы заңымен тағайындалады. Ауыл шаруашылық малды сатып алуына шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек оның фактілік бағасының мөлшерінде, бірақ сәйкес жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есеп көрсеткіштің мөлшері 90-нан артық емес тағайындалады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек біржола, жылда бір рет беріледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жәрдем жергілікті бюджеттің қаржылары үшін төленеді.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган әлеуметтік көмектің тағайындауын жүзеге асырады, көмек тағайындаған азаматтардың тізімдерін ресімдейді және ай сайын «Денисов ауданының экономика мен қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға тапсырыс ұсынады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган тапсырған тізімдеріне сәйкес, тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.