Об утверждении Правил по выплате единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеу құрметіне және Ұлы Отан соғысы жылдарында Жеңісті жақындатуға көрсеткен көмектері үшін 1898 - 1931 жылы туғандарға бір жолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі Қағида бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санатарына әлеуметтік төлем» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Басқа 4. Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі ҚАҒИДА
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
20 сәуірдегі «Аудан азаматтарының
жекелеген санаттарына бір жолғы
материалдық көмек төлеу жөніндегі
Қағиданы бекіту туралы» № 143/4
қаулысымен бекітілді
Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі ҚАҒИДА
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 14 тармақшасына сәйкес, Президенттің 2005 жылы 18 ақпандағы «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік көмек алуға құқы бар азаматтар санағы
2. Жекелеген әлеуметтік көмек алуға құқы бар азаматтар санағы
Тармақ 2
2. Бір жолғы материалдық көмек Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті меркелеу құрметіне және Ұлы Отан соғысы жылдарында Жеңісті жақындатуға көрсеткен көмектері үшін 1898 - 1931 жылдары туған адамдарға төленеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлем мөлшері
3. Әлеуметтік төлем мөлшері
Тармақ 3
3. 2 тармақта көрсетілген санаттар үшін бір адамға 5 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесі.
4. Әлеуметтік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесі.
Тармақ 4
4. Қағиданың 2 тармағында көрсетілген азаматтардың жекелеген қажет:
Тармақша 1
1) Өтініш;
Тармақша 2
2) Алушының жеке бас куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 4
4) Әлеуметтік жеке код;
Тармақша 5
5) Есеп шоты көрсетілген зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 6
6) Тұрған жерінен анықтама немесе үй кітабынан көшірме.