О международных договорах Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дәйектеу – халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде қолданылатын, халықаралық шарт жобасының келісілген мәтінінде келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің аты-жөндерін әр параққа қою;
Тармақша 2
2) депозитарий – халықаралық шарттың түпнұсқасы сақталуға тапсырылатын және осы халықаралық шартқа қатысты халықаралық құқық нормаларында көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы;
Тармақша 3
3) ескертпе – көпжақты халықаралық шартқа қол қою, оны ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет немесе халықаралық ұйым кез келген тұжырыммен және кез келген атаумен біржақты жасаған мәлімдеме, бұл мәлімдеме арқылы осы мемлекет немесе осы халықаралық ұйым халықаралық шарттың белгілі бір ережелерінің заңдық күшін олардың аталған мемлекетке немесе аталған халықаралық ұйымға қолданылуына қатысты жоюды немесе өзгертуді қалайды;
Тармақша 4
4) келіссөздерге қатысушы тарап – халықаралық шарт мәтінін жасауға немесе қабылдауға қатысқан мемлекет немесе халықаралық ұйым;
Тармақша 5
5) күшін жою – Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсілдерінің бірі;
Тармақша 5-1
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты – Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда (оның ішінде ноталар немесе хаттар алмасу нысанында) екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімі – халықаралық шарттардың түпнұсқалары мен депозитарий ресми куәландырған көшірмелерін, олардың деректемелерін және Сыртқы істер министрлігі айқындайтын олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі;
Тармақша 8
8) қол қою – мәтіннің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде халықаралық шартты жасасу сатысы немесе егер халықаралық шартта қол қоюдың осындай күші бар екендігі көзделген немесе Қазақстан Республикасы мен келіссөздерге қатысушы басқа да тараптардың қол қоюдың осындай күшке ие болуға тиіс екендігі туралы уағдаластығы өзге де жолмен белгіленген немесе Қазақстан Республикасының қол қоюға осындай күш беру ниеті оның өкілінің өкілеттігінен туындаған және (немесе) келіссөздер кезінде білдірілген жағдайда, халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне Қазақстан Республикасының келісім білдіру тәсілі;
Тармақша 9
9) мемлекетішілік рәсімдер – халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Құрылтайының ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі немесе қабылдауы;
Тармақша 10
10) өкілеттік – халықаралық шарттың мәтінін қабылдау немесе оның тең түпнұсқалығын белгілеу; халықаралық шартқа қол қою; Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіру; шартқа қатысты өзге де акт жасау мақсатында Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының немесе құзыретті органының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын және келіссөздерге қатысушы тарапқа не депозитарийге тапсырылатын немесе дипломатиялық арналар арқылы жіберілетін өкілеттілік сертификатымен тиісінше ресімделген бір адамның немесе бірнеше адамның Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету құқығы;
Тармақша 11
11) ратификациялау, бекіту, қабылдау және қосылу – жағдайға байланысты осындай атауы бар, тиісті нормативтік құқықтық акт негізінде жасалатын халықаралық акт, ол арқылы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне халықаралық тұрғыдан өзінің келісімін білдіреді;
Тармақша 12
12) уағдаласушы тарап – халықаралық шарттың күшіне енгеніне немесе енбегеніне қарамастан халықаралық шарттың өздері үшін міндетті екендігіне келіскен мемлекет немесе халықаралық ұйым;
Тармақша 13
13) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;
Тармақша 14
14) халықаралық шарт жасасу – реттілік тәртіппен жүзеге асырылатын, халықаралық шарттың мәтінін қабылдау, халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау және Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі, не Қазақстан Республикасы халықаралық шартқа қосылатын жағдайда – Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі;
Тармақша 14-1
14-1) халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесі – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, орындауға, өзгертуге, олардың қолданысын тоқтатуға және тоқтата тұруға байланысты жекелеген процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ халықаралық шарттарды есепке алуға және олардың орындалуын қамтамасыз етуді мониторингтеуге арналған бірыңғай электрондық жүйе;
Тармақша 15
15) халықаралық шарттың тең түпнұсқа мәтіні – келіссөздерге қатысушы тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа (түпкілікті нұсқа) ретінде қарайтын халықаралық шарт мәтіні немесе егер ол шартта көзделсе немесе бұл жөнінде оған қатысушылар келіссе, әртүрлі тілдерде жасалған мәтіндердің арасында алшақтық болған жағдайда басымдыққа ие мәтін.
Бап 1-1. 1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеті
1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, орындауға, өзгертуге, олардың қолданысын тоқтатуға және тоқтата тұруға байланысты құқықтық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру тәртібін айқындау осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.
Бап 1-2. 1-2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың, өзгертудің, олардың қолданысын тоқтатудың және тоқтата тұрудың негізгі қағидаттары
1-2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың, өзгертудің, олардың қолданысын тоқтатудың және тоқтата тұрудың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, сол халықаралық шарттың ережелеріне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес, сондай-ақ мынадай негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
Тармақша 4
4) еркін келісу;
Тармақша 5
5) қабылданған міндеттемелерді міндетті түрде және адал орындау.
Бап 2. 2-бап. Халықаралық шарттардың түрлері
2-бап. Халықаралық шарттардың түрлері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары) атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен жасасылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе Тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соғатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
Бап 2-1. 2-1-бап. Халықаралық шарттар жасасуды жоспарлау
2-1-бап. Халықаралық шарттар жасасуды жоспарлау
Бап 2-2. 2-2-бап. Халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығын айқындау
2-2-бап. Халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығын айқындау
Тармақ 1
1. Халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын қарау нәтижелері бойынша береді.
Тармақ 2
2. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен нысан бойынша әзірлейді.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 3-бабында белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама жасау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы оң қорытынды бергеннен кейін жүргізіледі.
Бап 2-3. 2-3-бап. Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесін пайдалану
2-3-бап. Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесін пайдалану Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін айқындайды.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама
3-бап. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мүдделi орталық мемлекеттік органдарымен келiсiлгеннен кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңдық сараптама жасалуға тиiс. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі заңдық сараптама жүргiзген кезде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниетi бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестілігі туралы қорытынды бередi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының өзi үшін халықаралық шарттардың міндетті екендігіне келiсiм бiлдiру тәсiлдерiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң сараптамасынан өткен Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде келiсiлуге тиiс. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне енгізілетін, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісуді растайтын қорытындылары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдық сараптамасының нәтижелері;
Тармақша 3
3) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптаманың нәтижелері қоса беріледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытынды береді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындайды.
Бап 4. 4-бап. Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама
4-бап. Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін. Міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар ратификациялауға жататын: Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін; халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі. Ғылыми (экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптамалардың өзге де түрлері Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Ғылыми сараптаманы, халықаралық шарттың жобасын дайындауға қатысқан немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғылыми ұйымдар, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы), оның ішінде шетелдіктер жүргізеді.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптаманы мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми қолдап отыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым жүргізеді.
Тармақ 2-2
2-2. Қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасын мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми қолдап отыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым жүргізеді.
Тармақ 3
3. Ғылыми сараптама:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының сапасын, негізділігін, уақтылылығын және оған қатысудың заңдылығын бағалау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың, сондай-ақ халықаралық шарт жобасының ықтимал тиімділігін айқындау;
Тармақша 3-1
3-1) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айқындау;
Тармақша 4
4) халықаралық шарт жасасудың ықтимал теріс салдарын анықтау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының тапсырмасы негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс берген орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының келісілуін жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.
Бап 4-1. 4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар
4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысын алу міндетті.
Бап 5. 5-бап. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар
5-бап. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар береді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан, оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының атынан қол қою туралы ұсыныстар береді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ұсыныстарды қарайды және Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстарды қаулылармен енгiзедi.
Тармақ 4
4. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау туралы және оларға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы ұсыныстар оларды Қазақстан Республикасының Президентiне немесе Қазақстан Республикасының Үкiметіне бергенге дейін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келiсіледi.
Тармақ 5
5. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар осы Заңның 8, 13-17-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады.
Тармақ 6
6. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстарда:
Тармақша 1
1) жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Құрылтайының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиісті актiлерiнің жобалары;
Тармақша 2
2) халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігiн анықтауды қоса алғанда, оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау және оларға қосылу қисындылығының негіздемесі;
Тармақша 3
3) халықаралық шарттарды жасасудың ықтимал саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық және өзге де салдарына берілген баға;
Тармақша 4
4) халықаралық шарттарды орындауға уәкілеттi тиiстi органдардың атауы;
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда, халықаралық шарттар жасасу жоспарланған келiссөздерге қатысушы тараптардың халықаралық құқық субъектiлігі туралы ақпарат;
Тармақша 5-1
5-1) келіссөздерге қатысқан тараппен екіжақты халықаралық шарт жобасы мәтінінің келісілгенін растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ басқа да жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың жобалары;
Тармақша 6-1
6-1) халықаралық шарттардың жасалу тілдерінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған олардың (депозитарий ресми куәландырған халықаралық шарттардың) көшірмелері;
Тармақша 6-2
6-2) халықаралық шарттардың жасалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы ресми куәландырған олардың қазақ және орыс тілдеріне, егер олар жасалу тілі болып табылмаған жағдайда, аудармалары;
Тармақша 7
7) көпжақты халықаралық шарттарға қатысушы мемлекеттердің тiзбесi;
Тармақша 8
8) көпжақты халықаралық шарттарға Қазақстан Республикасының ықтимал ескертпелерiнің жобалары мен негіздемелерi;
Тармақша 9
9) көпжақты халықаралық шарттарға басқа мемлекеттер жасаған ескертпелердiң мәтiндерi, сондай-ақ басқа уағдаласушы тараптардың ескертпелерiне қарсы Қазақстан Республикасының ықтимал қарсылықтарының жобалары мен негiздемелерi;
Тармақша 10
10) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманың нәтижелері;
Тармақша 11
11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысы қамтылуға тиіс.
Тармақ 7
7. Халықаралық шарттардың тең түпнұсқа мәтіндерінің біріне қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының сәйкес болуын оны жасауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы қамтамасыз етеді.
Бап 6. 6-бап. Шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар
6-бап. Шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар Халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жүзеге асырылады.
Бап 7. 7-бап. Халықаралық шарттардың тiлi
7-бап. Халықаралық шарттардың тiлi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.
Тармақ 2
2. Көпжақты халықаралық шарттар келіссөздерге қатысушы тараптардың келiсуi бойынша белгiленетiн тiлдерде жасалады.
Тармақ 3
3. Халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар олар жасалған тілдерде ресімделеді.
Бап 8. 8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер
8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтiнiн қабылдау, сондай-ақ қол қою туралы және осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешiмдердi тиiстi актi түрiнде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды. Халықаралық шартқа қол қою туралы тиiстi актi, егер мұндай халықаралық шартқа Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын немесе бұл халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президентi шартқа тiкелей қол қояр алдында, басқа лауазымды адамға табыстаған, соның iшiнде ауызша табыстаған жағдайда, қол қоюға өкілеттіктер беру туралы шешімсіз қабылданады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты, соның iшінде өз атынан осы актiлердi жасасу өкiлеттігін Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшыларына немесе олардың орынбасарларына беру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.
Бап 9. 9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер
9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер
Тармақ 1
1. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешiмдердiң негiзiнде халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкiлеттiктердi өкілеттiк сертификатын ресiмдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi растайды.
Тармақ 2
2. Егер осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президенті оған тiкелей қол қояр алдында басқа лауазымды адамға табыстаса, мұндай лауазымды адамның өкілеттігін осы Заңның 8-бабында көзделген шешімді қабылдамастан, өкілеттік сертификатын ресімдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растайды.
Бап 10. 10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу
10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді өкілеттіктерсіз жасасуға құқылы.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешімдердің негізінде мыналар:
Тармақша 1
1) халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді жасасу мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы мен өздерi тiркелген мемлекет арасындағы халықаралық шарттардың мәтiндерiн қабылдау мақсатында шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң басшылары;
Тармақша 3
3) халықаралық конференцияда немесе халықаралық ұйымда немесе оның органдарының бiрiнде халықаралық шарттың мәтінiн қабылдау мақсатында осындай конференцияда, осындай ұйымда немесе осындай органда Қазақстан Республикасы өз атынан өкілдiк етуге уәкілдiк берген өкілдер, Қазақстан Республикасының атынан өкiлеттіктерсiз өкілдiк етедi деп саналады.
Бап 11. 11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар
11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар Мынадай:
Тармақша 1
1) нысанасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылатын;
Тармақша 2
2) орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балық аулау аймағын және континенттік қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлінуі туралы;
Тармақша 4
4) мемлекетаралық қатынастардың негіздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша, сондай-ақ бiтiмгершiлiк халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы, егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлігін жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнің Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттілігін белгiлесе;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк қарыздар туралы;
Тармақша 7
7) гуманитарлық көмектен және дамуға ресми көмектен басқа, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы;
Тармақша 8
8) қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптардың кейiннен оларды ратификациялау туралы келiскен;
Тармақша 9
9) егер халықаралық шарттарда мұндай келiсiм ратификациялау арқылы бiлдiрiлетiнi көзделсе, халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.
Бап 12. 12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау
12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бiр бөлiгінiң, Премьер-Министрдің, Бас Прокурордың өтініштерi бойынша халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігiн қарайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтiнiш жасалған жағдайда халықаралық шарттарды ратификациялау мерзiмiнің өту уақыты тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған халықаралық шарттарды ратификациялауға болмайды.
Бап 13. 13-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі
13-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары осы Заңның 5-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар жасайды.
Тармақ 2
2. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына енгізеді.
Бап 14. 14-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заңдар
14-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заңдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдайды.
Бап 15. 15-бaп. Ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарды бекіту, қабылдау
15-бaп. Ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарды бекіту, қабылдау Мемлекетiшілік рәсiмдердi жүргiзудi көздейтiн ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының атынан қол қойылғандарын - Қазақстан Республикасының Президентi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкiметі атынан қол қойылғандарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтуге, қабылдауға тиiс.
Бап 16. 16-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы ұсыныстар
16-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары осы Заңның 5-бабында көзделген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентiне - Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар бередi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары осы Заңның 5-бабында көзделген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар бередi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында және 2-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентiне - Қазақстан Республикасының атынан жасасылатын, ратификациялауға жатпайтын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайына - Қазақстан Республикасының атынан жасасылатын, ратификациялауға жататын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жасасылатын, ратификациялауға жататын халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар енгiзедi.
Бап 17. 17-бап. Халықаралық шарттарға қосылу туралы шешімдер
17-бап. Халықаралық шарттарға қосылу туралы шешімдер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы шешiмдердi:
Тармақша 1
1) қосылу Қазақстан Республикасының атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жүзеге асырылатын, ратификациялауға жататын халықаралық шарттарға қатысты, ратификациялау туралы заң қабылдау арқылы - Қазақстан Республикасының Құрылтайы;
Тармақша 2
2) қосылу Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылатын, ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Тармақша 3
3) қосылу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан жүзеге асырылатын, ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
Бап 18. 18-бап. Халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының уақытша қолдануы
18-бап. Халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының уақытша қолдануы
Тармақ 1
1. Халықаралық шарттар немесе олардың жекелеген ережелерi олардың күшiне енуiне дейiн, егер бұл халықаралық шарттардың өзiнде көзделген болса немесе келiссөздерге қатысушы тараптар уағдаластыққа қол жеткiзген болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылады. Уақытша қолдануды көздейтін халықаралық шартты ратификациялау туралы ұсыныс оны уақытша қолдану басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, осы Заңның 5-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізіледі.
Тармақ 2
2. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе немесе бұл туралы халықаралық шарттарға қол қойған шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен уағдаластыққа қол жеткізілмесе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысушы болғысы келмейтін ниеті туралы халықаралық шарттар өздеріне қатысты уақытша қолданылатын шет мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға осы баптың 3-тармағында көзделген шешімдердің негізінде хабарлама жолданған күннен бастап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін уақытша қолдануы тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережелерінің қатысушысы болғысы келмейтін ниеті туралы шешiмдердi осы Заңның 8-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шартқа қол қою туралы шешiм шығарған Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
Бап 19. 19-бап. Көпжақты халықаралық шарттарға ескертпелер
19-бап. Көпжақты халықаралық шарттарға ескертпелер
Тармақ 1
1. Көпжақты халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау немесе оларға қосылу кезiнде халықаралық шарттардың талаптарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес оларға ескертпелер жасалуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Егер көпжақты халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, олар қалай жасалған болса, тап сондай тәртіппен ескертпелер кез келген уақытта алып тасталуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Көпжақты халықаралық шартқа екiншi бiр уағдаласушы тарап жасаған ескертпенi қабылдау немесе оған қарсылық бiлдiру көпжақты халықаралық шарттың талаптарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес ескертпенi реттеу нысаны құзыретiне жататын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органының қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл қорытынды осы Заңның 3-бабында көзделген тәртіппен келiсiлуге жатады.
Тарау 3. 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУ
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУ
Бап 20. 20-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету
20-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы әрбiр халықаралық шартын Қазақстан Республикасының мiндетті және адал орындауына жатады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.02.28. N 236 Заңымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттарға басқа да қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауын қадағалайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына жалпы қадағалауды және бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 20-1. 20-1-бап. Қазақстан Республикасының ратификацияланған қолданыстағы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының заңдарымен арақатынасы
20-1-бап. Қазақстан Республикасының ратификацияланған қолданыстағы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының заңдарымен арақатынасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған және қолданыстағы болып табылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының оның заңдары алдында басымдығы болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа кезде тікелей қолданылады.
Бап 21. 21-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда қолданылатын шаралар
21-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда қолданылатын шаралар
Тармақ 1
1. Халықаралық шарттар жөніндегi міндеттемелердi оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, халықаралық құқықтың нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өздерiнiң талаптарына сәйкес қажеттi шаралар қолдану туралы ұсыныстарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша - Қазақстан Республикасының Президентiне;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында көзделген өзге де жағдайларда:
Тармақша 1
1) халықаралық шарттардың қолданысы осы Заңның 28 және 29 баптарында көзделген тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды тоқтата тұруы түрінде осы Заңның 29 және 30-баптарында көзделген тәртіппен қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдануы мүмкін.
Бап 22. 22-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар
22-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдары халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныс енгізген кезде сол бір мезгілде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты енгізеді. Егер халықаралық шартты іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса, халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсынысқа заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге немесе олардың қолданысын тоқтатуға Қазақстан Республикасының тиiсті халықаралық шарттары өзгертiлгеннен, толықтырылғаннан немесе олардың қолданысы тоқтатылғаннан кейiн ғана жол берiледi.
Бап 23. 23-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшіне енуi
23-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшіне енуi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оларда көзделген немесе халықаралық шарттарға қатысушылардың арасында келiсiлген тәртiппен және мерзiмдерде күшiне енедi.
Тарау 4. 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАРИЯЛАУ, ТIРКЕУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАРИЯЛАУ, ТIРКЕУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Бап 24. 24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жариялау
24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жариялау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Құрылтайы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми басылымдарында жариялануға жатады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының қазақ және орыс тiлдерiнде тең түпнұсқа мәтiнi болмаған жағдайда; олардың қол қойылған тiлдегі тең түпнұсқа мәтіндерiнің бiрi, сондай-ақ халықаралық шарттың қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасы жарияланады.
Бап 25. 25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу, есепке алу және сақтау
25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу, есепке алу және сақтау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң жүргiзуiнде болады. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиiстi органдарында тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалары немесе депозитарий ресми куәландырған көшiрмелерi оларға қол қойылған күннен немесе ресми куәландырылған көшiрмелерi депозитарийден алынған күннен бастап екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Pecпубликасының Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылады, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелерін (депозитарий ресми куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелері негізінде) оларды жасасқан тілдерде оларға қол қойылған немесе депозитарийден алынған күннен бастап екi апта мерзiм ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тұрақты түрде сақтау үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық мемлекеттік органдарына таратады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалары Қазақстан Республикасының тиісті орталық мемлекеттік органдарының мұрағаттарында сақталады. Осы халықаралық шарттардың ресми куәландырылған көшірмелері оларға қол қойылған не ресми куәландырылған көшірмелері депозитарийден алынған күннен бастап екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолданады.
Бап 26. 26-бап. Депозитарий функцияларын жүзеге асыру
26-бап. Депозитарий функцияларын жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттарының депозитарийі функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасында жүктелген болса, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары өз атынан жасалған көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарына жүктелген болса, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын орындайтын шет мемлекеттер органдарымен, халықаралық ұйымдармен немесе олардың басты атқарушы лауазымды адамдарымен хат-хабар алмасуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ӨЗГЕРТУ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ӨЗГЕРТУ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ
Бап 27. 27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту
27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгiзу халықаралық шарттардың өздерiнде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгізу туралы ұсыныстар осы Заңның 3 және 5-баптарында көзделген тәртіппен енгізiледi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгізу туралы шешiмдердi осы Заңның 8-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шарттарға қол қою туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер халықаралық шарттардың өздерінің күшiне ену талаптарына сәйкес және сол тәртiппен күшіне енедi.
Тармақ 5
5. Халықаралық шарттардың өзгерiстерiн ратификациялау, бекiту немесе қабылдау туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес және осы Заңның 14 және 15-баптарында көзделген тәртiппен қабылданады.
Бап 28. 28-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату
28-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес немесе барлық қатысушылардың келiсiмiмен кез келген уақытта, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
Бап 29. 29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы ұсыныстар
29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы ұсыныстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою халықаралық шарттардың өздерінде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша өз құзыреті мәселелері бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасы атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын мұндай шарттардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды мұндай шарттарды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілген ұсыныстар береді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.
Бап 30. 30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы шешімдер қабылдау
30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы шешімдер қабылдау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының күшін жою туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы шешімдерді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
Тарау 6. 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 31. 31-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін мiндетті екендігіне келiсімін бiлдiретiн немесе халықаралық шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату ниетiн білдiретін халықаралық актілердi жасау
31-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін мiндетті екендігіне келiсімін бiлдiретiн немесе халықаралық шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату ниетiн білдiретін халықаралық актілердi жасау
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ратификациялық грамоталар алмасу немесе ратификациялық грамоталарды депозитарийге сақтауға тапсыру көзделген болса, Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдар негiзiнде ратификациялық грамоталарға қол қояды, бұл оның мөрiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң қойылған қолымен және мөрiмен бекiтiледi.
Тармақ 2
2. Ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекiту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекiту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткiзудi, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшiн жою туралы құжаттарды жолдауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері жүргізеді.
Бап 31-1. 31-1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
31-1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 32. 32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 144-құжат) күші жойылды деп танылсын.