Об утверждении Правил благоустройства территории, объектов городской инфраструктуры и соблюдения чистоты в населенных пунктах Житикаринского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жітіқара ауданының елді мекендерінде тазалықты сақтау мен қалалық инфрақұрылым объектілерін, аумағын көркейту Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабына сәйкес, Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса тіркелген Жітіқара ауданының елді мекендерінде тазалықты сақтау мен қалалық инфрақұрылым объектілерін, аумағын көркейту Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ережелердің орындалуына бақылау жасау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Қ.Х. Испергеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Шешім Жітіқара ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Жітіқара ауданынын елді мекендерінде тазалықты сақтау мен қаланың инфракұрылым объектілерін, аумағын көркейту ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мәслихаттың 2005 жылғы 4 мамырдағы № 166 шешімімен бекітілген Жітіқара ауданынын елді мекендерінде тазалықты сақтау мен қаланың инфракұрылым объектілерін, аумағын көркейту ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді, бұл ереже, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші барлық субъектілерінің, жалгерлердің, үй салушылардың, ғимарат, құрылыстар мен құрылымдар иелерінің, сондай-ақ, көрсетілген елді мекендер тұрғындары мен келуші тұлғалар үшін, Жітіқара ауданының Пригородный кенті мен селолардың, Жітіқара қаласының инфрақұрылым объектілерін күту мен қорғау, аумақ тазалығын сақтау, санитарлық тазалық, көркейту саласындағы жеке және занды тұлғалардың жауапкершілігін анықтайды жөне қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1. Көгалдандыру мен көркейту, жинау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге арнап қала мен аудан аумағын бекітіп беру
1. Көгалдандыру мен көркейту, жинау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге арнап қала мен аудан аумағын бекітіп беру
Тармақ 1
1. Аулалардың (шағын аудандардың) ішкі аумағын, тротуарларды жинау, көгалдандыру мен көркейту жөніндегі жұмыс селолық округтер, селолар мен кент әкімдеріне, пәтерлердің меншік иелері тұтыну кооперативтеріне немесе тұрғылықты жер бойынша кондоминиумды басқарудың басқа да органдарына жүктеледі, мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған данғыл көшелерді, жас көшеттер аумағын, бақша, парк соқпақтарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғат пен табиғи ландшафт және басқа да жалпы пайдаланымдағы орындарды жинау көгалдандыру мен көркейту мамандандырылған коммуналдық кәсіпорынға жүктеледі.
Тармақ 2
2. Өз аумағы мен кеңсеге, палаткаға, дүңгіршекке, шағын дүкенге және басқа да шағын және орта бизнес объектілеріне, оқу орындарға, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, өнеркөсіп және басқа да кәсіпорындарға, құрылыс алаңына, коймаларға, 5 метр радиустағы базаларға және олардың кіреберістеріне тірелген аумақта тазарту мен жинау жөніндегі жұмысты сол объектінің қожалары қамтамасыз етеді - өз күштерімен және қаражатымен немесе мамандандырылған ұйымдармен шарт жасасу бойынша жинастырады; басқа аумақтың (стадиондар, базарлар, автомашиналар мен гараж құрылысы кооперативтерінің ашық тұрақтары, өздеріне қарасты аумактармен бірге 10 метр радиусте) тазалықты күту жауапкершілігі тиісті жер пайдаланушыларға жүктеледі. Жер қыртысы жамылғысын бүлдіруге байланысты өнеркәсіп немесе құрылыс жұмысын жүзеге асыратын құрылыс және басқа да ұйымдар жердің құнарлы қыртысын алып қоюға және сақтауға, сондай-ак, құрылыс бітісімен өндіріс жұмыстары кезінде бүлдірген жер учаскелері мен жас көшеттерді өз есебінен қалпына тез келтіруге міндетті.
Тармақ 3
3. Күрделі, ағымдағы жөндеуді жүргізуші құрылыс объектілеріне қарасты аумақты таза ұстау мен жинастыру жауапкершілігі жөндеу-құрылыс ұйымына немесе осы жұмысты атқаратын тұлғаларға жүктеледі.
Тармақ 4
4. Ғимараттар салу кезінде жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғын үй алабын құрылыс қоқысынан тазартуды тапсырыс беруші қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Жекелеген объектілер, түрлі ведомстволарға, сондай-ақ, тұрғын үй аумағына санитарлық тазалық жасау ауданның санитарлық-эпидемиологиялык қызмет бақылауында мамандандырылған кәсіпорынмен (өз күшімен-жеке автокөлігі болған жағдайда) шарт бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жүйелі түрде тазалық жасау тұрғын үй, өндіріс ғимараттары, құрылыстары мен басқа да объектілер иелерінің қоқыстарды шығаратын ұйымдардың өзара келісіп жасаған кестесі және шарты бойынша жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қатты және сүйық қалдықтарды зиянсыз ету қатты тұрмыстык қалдықтарды пайдалануға арналған санитарлык ережелер мен нормаларда баяндалғандай талаптарға сәйкес, арнаулы бөлінген учаскелерде жасалады. Арнаулы бөлінбеген басқа жерлерге қалдықтар шығаруға, сондай-ақ, жағуға, ауыл шаруашылығы жерлеріне (жайылымдарға) көмуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Жалпы пайдаланымдағы жерлерді жинау және күту
2. Жалпы пайдаланымдағы жерлерді жинау және күту
Тармақ 8
8. Парктер, жағажай демалыс аймағындағы, көпшілік қыдыратын жерлер мен басқа орындар аумағын осы ережелердің 1 тарауында белгіленгендей талаптарға сәйкес ұсталады.
Тармақ 9
9. Барлық алаңдар мен көшелерде, парктерде, базарларда, қалалық көлік аялдамаларында және басқа да орындарға жеткілікті етіліп урналар қойылуы керек. Урналардың ара қашықтығын магистралды (аумақ) пайдалану интенсивіне байланысты коммуналдық шаруашылық органдары анықтайды, бірак көп жүретін кешелерде ара қашықтык 50 метрден аспауы тиіс, ал, кісілер аз жүретін жерлерде ара қашықтығы 100 метр. Урналар міндетті түрде қалалық көлік жүретін аялдамаларға орнатылуы тиіс. Урналарды орнату мен оларды таза ұстауға бекітілген аумақта жинастыруды жүзеге асыратын тазалық жасауға шаруашылық жүргізуші субъектілер жауап береді.
Тармақ 10
10. Меншіктің барлық нысандағы кәсіпорындар басшылары, иелері ғимараттар, өз үйлердің және кеңселердің, сауда жасайтын жайлардың, палаткалардың, шағын дүкендердің, павильондардың, саябақтың, парктің, жағажайдың қасында қалдықтарға арнап урналар орнатады. Урналар түзу және таза ұсталуы тиіс, қоқыстың жинақталуына карай урналар тазартылып қатты тұрмыстық қоқысты пайдаға асыру үшін қалдықтарға арналған полигонға шығарылады, үзбей жуылып және дезинфекция жасалады, жылына екі реттен кем емес сырланып отырылады.
Тармақ 11
11. Ыдыстарды және тауарлар запастарын дүңгершектердің, палаткалардың, ұсақ бөлшек сауда жасайтын павильондардың, дүкендердің, және басқа да кәсіпкерлер объектілерінің, сондай-ак, құрылыс материалдарды құрылыс алаңынан тысқары үйілуіне тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Тез бұзылмайтын тамақ тағамдарын, көкөністерді, жемістерді сатуға арналған палаткаларды, шағын дүкендерді, дүңгіршектерді, жайма орындарды көшеде орнатуда . "Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағала басқармасы" мен Жітіқара ауданының қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемелерімен келісім жасалуы тиіс.
Тармақ 13
13. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, ашық аландардың, дүңгіршектердің, сауда павильондарының және басқа да орындардың тұрақты әжетханалары болмаса, келушілер мен кызметкерлер үшін көшпелі әжетхана (биотуалет) орнатуға міндетті болып табылады.
Тарау 3. 3. Оқшауланған аумактағы объектілерді жинау
3. Оқшауланған аумактағы объектілерді жинау
Тармақ 14
14. Оқшауланған аумақтағы объектілерде (базар, жағажай, парк, емдеу-профилактикалық мекеме) "Жітікара ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің келісімінсіз санитарлық қондырғыларды салуға және кайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөлік жууға, осы мақсатқа бөлінбеген жерлерге ыдыс пен ағаш сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Жағажай Жағажайдың техникалық жұмысшылары оны жапқан соң жағалауға, ажетханаларға, киім шешетін жерлерге, көгалды аймактарға, негізгі жинастыруы, ыдыстарды жуу және әжетханаларды дезинфекциялау жүргізуі тиіс. Күндіз патрульдік жинастыру жүргізіледі. Жиналған қалдықтарды шығаруға таңғы сағат 8.00-ге дейін рұқсат етіледі. Жас көшеттер алабынан 3 - 5 метр, ал, су жиегінен 10 метрден кем емес жерге урналар койылуы кажет. Жағажай аумағындағы 1600 шарты метр жерге біреуден есептеліп, урналар қойылуға тиіс. Бірақ, урналар арасы 40 метрден аспауы тиіс. Жағажай аумағында бір орынға 75 рет кіріп-шығуға арналып, қоғамдық ажетханалар орнатылуы қажет. Қоғамдық әжетханалардың арасы адамдар шомылатын жерге дейін 50 метрден кем емес және 200 метрден алыс болмауы тиыс. Киім шешетін ашық және жабық орындар, шешінетін павильондардың гардеробтары күнбе күн дезинфекцияланып жуылуы тиіс. Шомылуға арналған орындарда кір жууға және хайуанаттарды шомылдыруға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Базарлар Базар аумағы (оның ішінде шаруашылық жүргізу аландары, кірер жер, кіре беріс жолдары) ағын су мен еріген қар ағып кетуге еңкештеліп ынғайланған қатты жамылғыда (асфальт, жұмыр тас) болуы тиіс. Базардың орналасуын тұрғын үйлерден санитарлық жағынан алғанда 50 метрден кем емес оқшауланған аумақта қарастыру қажет. Базар аумағында канализация мен су құбыры болуы тиіс. Базарлардағы канализациясыз күресінін откізбейтін қоғамдық ажетханалар сауда орнына 20 метрден кем емес қашықтыққа орнатылуы тиіс. Мұндай әжетхананың біреуі 50 сауда орнына есептеліп орнатылады. Базар алаңында әрбір 50 шаршы метрге есептеліп бір урна қойылуы керек, оның өзінде олардың арақашықтығы сауда столынан әрі бойлай 10 метрден аспауы тиіс. Тамақ калдыктарын жинау үшін арнаулы ыдыс қойылуы керек. Базарларда көлемі 0,2 гектар және одан да көбірек аумақтан жиналған қалдықтар 0,75 текше метр сыйымдықтағы контейнерде сақталуы тиіс. Базарлардың жұмыс сағатын басшылары (иелері) белгілейді. Базарлардың бүкіл аумағын, негізгі және қосалқы ғимараттарды, сауда орырдарын, сөрелерді, столдарды, керек-жарақтарды жинау мен дезинфекциялау үшін аптасына бір рет санитарлық күн жарияланады. Базардың техникалық жұмысшылары оны жапқан соң, базар аумағын тұтастай жинауға тиіс. Күндіз жинағыштарға толтырылған қалдықтарға патрульдік жинау мен тазалау жүргізуі тиіс.
Тармақ 17
17. Парктер мен саябақтар Ауыстыратын қоқыс жинағыштарды орнату үшін бөлінген учаскелерімен шаруашылық аймағы көпшілік демалатын орыннан 50 метрден жақын болмауы керек. Қоғамдық әжетханалар бір орынға 500 келушіден есептелініп, көпшілік демалатын жерден 50 метрден жақын емес жерге орнатылуы қажет. Ондағы негізгі жинастыру таңғы сағат 7.00-ден 11.00-ге дейін жүргізілуі тиіс. Ал, қалған уақытта қалдықтарды жинап, патрулдік жинастыру жүргізеді, қас көшеттерді суарады.
Тарау 4. 4. Автожолдарды (өтетін жер) күту мен жинастыру
4. Автожолдарды (өтетін жер) күту мен жинастыру
Тармақ 18
18. Жолдарды (өтетін жерді) жазғы уақытта жинау 15 сәуірден 15 қарашаға дейінгі уақыт ішінде, су шашатын жуу машинасымен және жинап-сыпырататын машина көмегімен жол жамылғыларын жуу арқылы жүзеге асырылады. Жуу түнгі уақытта 1 рет сағат 11.00-ден таңғы 7.00-ге дейін жүргізілуі тиіс. Таңғы 7.00-ден кешкі 21.00-ге дейін күніне бір рет міндетті түрде су шашылып, сыпыру жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Түнгі уақыттағы (қандай мезгіл екендігіне қарамастан) жұмыс кезінде шу болдырмау ережелері сақталуға тиіс. Жиып-жинастыратын машиналардың алмасуы кезінде де жол қозғалысы ережелері сақталғаны жөн.
Тармақ 20
20. Қаладағы өтетін жолдарды қыс кезіндегі жинастыру 15 қарашадан 15 сәуірге дейінгі мерзім ішінде жүзеге асырылады. Ең қысқа мерзімде қар мен тайғақтықтан тазартуды қамтамасыз етуде операция жүргізу қажеттілігі және табиғаттың күтпеген апатты құбылыстарына байланысты тез арада жолға шығуға арнаулы машиналар әркез тұрақты дайын болуы тиіс. Қар тазалайтын механизмдердің технологиялық маршруттары ең көп жол қозғалысы болатын жерлерден басталуы тиіс.
Тармақ 21
21. Жолдарда және тротуарларда пайда болған мұзды қарға қарсы күресте құм-тұзды қоспаларды себу (немесе басқа хлоридтары бар құм) қолданылады. Төбедегі қарды тазарту мен мұз бұлтықтарын алын тастау құрылыс иелері мен жалдаушылар міндетіне кіреді және жаяу жүретіндерді қауіпсіздіктен сақтандыру мен ауа желістерінің, шырақтардың, жас көшеттерді бұзылудан сақтандыру шаралары жүргізілуі керек.
Тарау 5. 5. Тұрмыстық қалдықтарды шығару және пайдалану
5. Тұрмыстық қалдықтарды шығару және пайдалану
Тармақ 22
22. Тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін, үйлерден шығарылған тұрмыстық қалдықтар таңғы сағат 7.00-ден ерте және кешкі сағат 23.00-тен кеш болмауы тиіс.
Тармақ 23
23. Меншік иесі қоқыс құбырларындағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты (контейнер) уақытша сақтауға арналған алаңнан деркезінде өз күшімен шығаруы немесе мамандандырылған ұйымдармен қоқыс шығару үшін шарт жасауға, контейнер алаңына сұрыптау мен дезинфекция жасауды жүзеге асыруға міндетті. Қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтайтын алаң маңындағы аумақты қалдықтармен ластанған жағдайда, алаң иесі оны жинауға немесе аумақты жинауға кететін шығынды толтыруға (төлеуге) шұғыл шаралар қолдануға міндетті. Өз күшімен қоқысты әкететін жағдайда қоқыс пен қалдықтарды деркезінде шығармағаны үшін жауапкершілік меншік иесіне жүктеледі. Қоқыс пен тұрмыс қалдықтарын шығару, қоқысты әкету кестесі, орындаған жұмысы үшін деркезінде ақы төленгені жөніндегі қызмет көрсетуге меншік иесінде жасасқан шарт болған жағдайда, уақытында әкетілмеген қоқыс үшін шарт жасасқан мамандандырылған ұйым жауапкершілікті өз мойнына алады.
Тармақ 24
24. Ғимаратты пайдалану жөніндегі мекеме, мекемелер мен кәсіпорындардың тұрғын үй бөлімдері, үйлердің меңгерушілері мен коменданттары, пәтерлердің (үйлердің) меншік иелерінің тұтыну кооперативтері:
Тармақша 1
1) тұрмыс қалдықтарын әкетуді жүргізуге, қажет болса шарт жасасуға;
Тармақша 2
2) елді мекендер аумағын көркейту жөніндегі жарияланған айлықтарға белсенді тарту үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарың жүргізуге;
Тармақша 3
3) үйлер мен ғимараттардың кіреберістерін, күнқағарларын, жертөлелерін, шатырларын қажетті өрттен қорғау мен санитарлық қалыпта күтуге;
Тармақша 4
4) қоқыс жиналатын ыдыстың асты су өтілмейтіндей алаң болып жабдықталуы;
Тармақша 5
5) қалдықтарды, аула мен көшенің сыпырындыларын жинау үшін қолданылатын жинағыштармен және құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 25
25. Үйлер, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар аумақтарын жинастыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған кәсіпорындар осы қызметтерді санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыруы тиіс:
Тармақша 1
1) қатты және сүйық тұрмыстық қалдықтарды деркезінде шығаруды (шартқа сәйкес) жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) әрбір арнаулы машинаға қозғалыс схемасымен маршрут кестесі жасалынады;
Тармақша 3
3) пайдалану кезінде болатын өзгерістерге сәйкес маршрут кестесінің түзетілуі;
Тармақша 4
4) бекітілген маршруг кестесінің міндетті орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) қатты тұрмыстық қалдықтардан жетісіне екі рет жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Әрбір елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтардың әкетілу уақытын тиісті коммуналдық қызмет көрсету орны белгілейді және де оған санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жергілікті мекемелерімен келісім жасалады.
Тармақ 27
27. Қатты тұрмыстық калдықтарды жинау үшін жайлы тұрғын үй қорындағы стандартты металл контейнерлер (0,75 текше метр) қолданылады. Канализациялары жоқ үйлерғе арналып ағаштан немесе металлдан жасалған жинағыштар қолданылады.
Тармақ 28
28. Тұрғын үйлер мен қоғамдык ғимараттардан, спорт алаңынан және халықтың демалатын орнынан контейнерлерге арналған алаң 20 метрден кем қашықтыққа қондырылуы тиіс. Алаң көлемі орнатылатын контейнерлердің қажетті санына қарай есептслуі тиіс, бірақ 5 данадан аспауы керек. Әсіресе, тұрғын үй аумағындағы қалдықтарды уакытша сақтайтын орынды орналастыруға, "Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық кала қадағалау басқармасы" мен "Жітікара ауданының қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемелерімен келісу қажет. Ерекше жағдайда, салынған үйлерде кездесетін, ауладағы әжетханадан қалдықтарды уақытша сақтау орнының арасындағы алшақтықты белгілеу мүмкін болмағанда ол аралықты комиссия (сәулетшінің, тұрғын-үй пайдалану үйымының, санитарлық дәрігердің катысуымен) белгілейді.
Тармақ 29
29. Жазғы уақыттағы қалдық жинағыштардың ауыстырылмайтын жүйедегілері айына бір рет, ал, ауыстырылатындары ыдыстың іші босаған соң жуылуы қажет. Энтомологиялық көрсеткіш бойынша дезинфекция жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Қалдықтар жинағыштан тамақ қалдықтарын және шикізаттарды (мата, санкілер, шөлмектер және тағы басқалар), сондай-ақ, қоқыс таситын көліктен лақтырып тастауға жол берілмейді.
Тармақ 31
31. Үлкен емес қалдықтарды шығару мен пайдаға асыруды олардың жиналу шамасына қарай, бірақ жетісіне бір рет үйлердің меншік иелері (үй мен ғимарат иесі) атқарады.
Тармақ 32
32. Тері венерологиялық, жұқпа және туберкулез ауруханаларының, сондай-ақ, жұкпа аурулардың қайталанған түрін сауықтыру жөніндегі арнаулы санаторийлар асханаларынан, кафе мен ресторандардан тамақ қалдықтарын жинауға тыйым салынады. Қалдықтарға арналған басқа ыдыстағы жинағыштардан тамақ қалдықтарын іріктеуге тыйым салынады.
Тармақ 33
33. Адамдар тіршіліген кері әсер етудін және шірудің алдын алу үшін, оларды шығаруға дейінгі тамақ қалдықтарын уақытша сақтау мерзімі бір тәуліктен аспауы керек.
Тармақ 34
34. Олардың меншік нысаны мен бағыныштылығына қарамастан сауда және қоғамдык тамақтандыру объектілерінде тамақ қалдықтарын уақытша сақтау, санитарлық нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Тарау 6. 6. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнату мен күту тәртібі
6. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнату мен күту тәртібі
Тармақ 35
35. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, оның ішінде, қасбеттерін өндеу, аумақ құрылысының тәртібін айқындайтындай ережелерге сәйкес жасалу керек.
Тармақ 36
36. Дуалдардың, шарбақтардың, дүңгіршектердің, шатырлардың, павильондардың, шағын дүкендердің, жарнамалық стендтердің құрылысы мен орнатуына, маңдайшадағы түрлі көрнекелеу мен баска да жайғастыруларды безендірулерге, парк орындықтарын орнатуға, тек белгіленген тәртіппен келісілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Шағын сәулеттік нысандардың барлық орнатулары түзу тәртіпте ұсталуға тиіс, олар кемінде жылына бір рет сырлануы керек.
Тармақ 37
37. Көше жарығының, жарнама мен маңдайшадағы шам жазулардың, кіре берістің шырақтарын қараңғы түскеннен кейін жағу керек.
Тармақ 38
38. Тұрғын үйлердің, кызмет орнының, ондірістің және баска да ғимараттар мен құрылыстардың иелері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес үйлердің нөмірлік белгісін, көше көрсеткіштерін, соңдай-ақ, мандайшаларды дұрыс күйінде күтуге міндетті.
Тарау 7. 7. Инженерлік құрылыстарды, байланыс жолдарын, құрылыс объектілер мен автокөліктерді күтудін тәртібі
7. Инженерлік құрылыстарды, байланыс жолдарын, құрылыс объектілер мен автокөліктерді күтудін тәртібі
Тармақ 39
39. Жер асты желілерінің иелері карауындағы газ люктерінің, канализацияның, су құбырларының, жаңбыр суы құйылатын және басқа да құдықтар қақпақтарының жол жамылғысы деңгейінде болуын, олардың үнемі дұрыс күйінде тұрақты күтілуін қадағалауға міндетті.
Тармақ 40
40. Көшелер мен жолдардан, жер үсті мен жер асты суларын бұрып жіберуге арналған каналдар, трубалар мен дренаждарды жинау мен тазалау, құйылу канализацияларының коллекторлары, су ағатын құдықтар қажетті кездеріне карай тазаланып, оның қоқыстары сол бойда шығарылып отырылады. Қоймалардың, базалардың, карьерлердің, құрылыс алаңдары мен басқа да объектілердің иелері:
Тармақша 1
1) көліктің бұрылуы үшін алаңдарды, кіре беріс жолдарын таза және жөндеп ұстауды; Көлік шығатын және іштей салынған жолдар қатты жамылғыда болуын;
Тармақша 2
2) көрсетілген объектілерден ласталған автокөлік пен құрылыс механизмдерінің көшеге шығуына жол бермеуді, көліктердің доңғалактары мен шанағын жууды камтамасыз етеді.
Тармақ 41
41. Құрылыс алаңдары белгіленген үлгідегі барлық периметр бойынша тығыз шарбақпен қоршалуы тиіс. Қоршауда көліктің ең аз шығып-кіруіне рұқсат етіледі және де олар жай көшелерге шығуы тиіс.
Тармақ 42
42. Кошелердегі, даңғылдардағы, кварталдың ішкі аумағындағы жөндеу-құрылыс өндірісі мен басқа да жер қазу жұмыстарын заңнды және жеке тұлғалар уәкілетті орган келісімімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 43
43. Тізімдері автожолдарды пайдалану жөніндегі мамандандырылған қалалық кәсіпорындармен белгіленіп және аудан әкімімен бекітілген ауыр техникалар мен ірі жүкті көліктердің белгіленген уакыт ішінде қалаға кіруі мен болуына аудандық жол полициясының бастығы рұқсат етеді. Айырықшалық ретіндегілерге, коммуналдық қызмет пен ұйымдардың, кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъектілермен шарт жасауы бойынша қаланың үйлер аумағынан маманданған үнемі жиыстыруы мен үлкен емес және басқа қоқыстарды шығаратын көліктері жатады.
Тармақ 44
44. Көлік құралдарының иелері, жеке автокөлікті жүргізушілер көлік құралдарын таза ұстауға міндетті. Ластанған көлік құралдарымен қалада жүруге рұқсат етілмейді. Жалпы пайдаланымдағы немесе жолдың өтетін бөлігін ластауға жол берген шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары немесе жеке тұлғалар ластарды жоюға (алып тастауға) немесе сол жерді пайдаланған ұйым келтірген шығын орнын толтыруға міндетті.
Тарау 8. 8. Осы Ержелермен тыйым салынатын іс-әрекеттер
8. Осы Ержелермен тыйым салынатын іс-әрекеттер
Тармақ 45
45. Төмендегі іс-әрекеттерге:
Тармақша 1
1) көшелерде, тротуарларда, көгалдарда, сондай-ак, үй қасбеттерінің қасында құрылыс материалдарын, ағаштарды көмірді, шөпті, сабанды және басқа да материалдарды жинап қоюға;
Тармақша 2
2) балкон (лоджия) сыртына қоқымдарын қағуға;
Тармақша 3
3) жолдың өтетін және жаяулар жүретін бөлігін, жағалаудың құрылыстан бос орны мен жас көшеттер отырғызылған аумақты, сондай-ақ, жалпы пайдаланымдағы басқа жерлерді қоқыстың кез келген түрімен (темекі қалдықтары, шынылар, қағаздар және т.б.), тұрмыс қалдықтарымен ластауға;
Тармақша 4
4) суаттар, өзендер жағалаудың аймағында көлік құралдарын, кірлерді жууға, хайуандарды суға түсіруге;
Тармақша 5
5) тротуарлар мен жолдың өтетін бөлігінде газ люктерін, канализацияларын, су құбырын, жаңбыр суы ағатын және басқа да құдықтарды қоршамай ашық қалдыруға;
Тармақша 6
6) көшелерге, гүл бағына, бақшаларға, орман-парктерге, стадиондарға, мектеп қасындағы учаскелерге және басқа да жалпы пайдалануындағы орындарға мал, құс шығару мен бағуға;
Тармақша 7
7) осы мақсатқа бөлінбеген аумақтарға иттерді қыдыртуға, иттердің нәжістерін жинамай қалдыруға;
Тармақша 8
8) қала көшелерімен шынжыр табанды көліктердің жүруіне;
Тармақша 9
9) көкөністерді және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу үшін көпшіліктің пайдалануындағы жас көшеттер аумағын пайдалануға;
Тармақша 10
10) жабылмаған әрі бұзылған шанақта және жабдықталмаған тіркемелері бар автомашиналарда сусымалы және сүйық жүкті тасымалдауға;
Тармақша 11
11) жол мен жер қазу жұмыстарының өндірісі кезінде жұмыс істеп тұрған құрылыстарды (жол жабу, жиектеме, қоршау, құдықтардын люкі, су ағызатын тор, науа мен кюветтер, қайта жіберетін құбырлар мен дренаждарды және баска), жас көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ, топырақпен жабуға, жылу берумен, сумен жабдықтау, және канализацияның бұзылған жүйелерін өндеуде, тікелей тротуарларға, көгалдарға және көшенің жүріп өтетін бөлігіне су кететіндей ретпен апат жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 12
12) кәсіпорын, ұйым аумағында, тұрғын үй кварталдарының көшелері мен көгалдарында, жеке учаскелерде қоқыс, жапырақ жағуға;
Тармақша 13
13) хабарландыру, жарнама, құлақтандыру, хабарлама және жағы басқаларды өз бетімен жабыстыруға тыйым салынады.
Тармақ 46
46. Көлік құралдарын жөндеу мен пайдалануға байланысты, тұрмыс қалдықтарын механикаландырылған жинау мен шығаруға, сондай-ақ, көпшілік пайдаланылатын жерлерде жинақталмаған көлік құралдарына, балалар алаңында, ауланың кіру шығу бөлігінде көлік құралдарының тұруына, қала, село мен кент аумағын ластауға тыйым салынады.
Тармақ 47
47. Жас көшеттер аумағында:
Тармақша 1
1) көгалдармен жүруге, жас көшеттерді сындыруға, жұлуға немесе кесуге;
Тармақша 2
2) жолдарды тазалау мақсатында жас көшеттерге зиян келтіретін түз және басқа да заттарды қолдануға;
Тармақша 3
3) автомашинамен, мотоциклмен, велосипедпен тағы басқа да көлік құралдармен жүруге (арнаулы көліктен басқа);
Тармақша 4
4) көгал мен бұтадан жасалған қоршау жанында жолаушы көлік аялдамасын жасауға;
Тармақша 5
5) от жағуға, басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға;
Тармақша 6
6) электр өткізгіштерді, сымдарды, әткеншектерді және басқаларды бекіту үшін ағаштарды пайдалануға;
Тармақша 7
7) тиісті қызметпен келісілген, кесу ережелері, сақталмаған агрономиялық мерзімдері белгіленуден тыс ағаштардың ұшақ басын қырқуға;
Тармақша 8
8) қызмет көрсетуші ұйым келісімінсіз ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен шабуды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) жеке учаскесі мен пәтерлерден тыс өз бетімен қоршау орнатуға тыйым салынады.
Тарау 9. 9. Елді мекендер аумағын көгалдандыру мен көркейту, санитарлық күту жөніндегі уәкілетті органдар мен қызмет орнының міндеттері
9. Елді мекендер аумағын көгалдандыру мен көркейту, санитарлық күту жөніндегі уәкілетті органдар мен қызмет орнының міндеттері
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамалары негізіне сәйкес көшелерді, аулаларды және елді мекендер мен қаланың басқа аумағын, сондай-ақ, жағажай мен қоғамдық пайдалану орындарың күтудің санитарлық ережелерін сақтауда, қадағалу жасауды ішкі істер органдары, экологиялық, өрттен қорғау, санитарлық және сәулет құрылысын қадағалаушылар жүзеге асырады.
Тармақ 49
49. "Жітіқара ҚАІІБ" мемлекеттік мекемесінін учаскелік инспекторлары көркейту мен қөгалдандыру тәртібін бұзушы адамдарды айқындау және оларға материалдар жинап белгіленген тәртіпте тиісті органдарға беруге;
Тармақ 50
50. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің мамандары төмендегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге:
Тармақша 1
1) елді мекендерде көркейту және санитарлық тазартуды ұйымдастыру бойынша жергілікті басқару органдары шешімдерінің жобасын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) елді мекендер мен ауыл, қаланы санитарлық тазартудың схемасын, өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жобалау мен орналастыру жөніндегі материалдарды қарау мен мақұлдауға;
Тармақша 3
3) елді мекендердің санитарлық жағдайына байланысты, тұрғындардың наұқастығын білуге және талдауға;
Тармақша 4
4) эпидемиологиялық жағдайға байланысты аумақтардың жиналуы мен тазалығына тексеру рейдін жүргізу туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық органдар басшыларына ұсыныстар беруге;
Тармақша 5
5) жылына бір рет, ал қажетті жағдайда және одан да жиірек эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, қалдықтарды жою мен шығару, жинау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі арнайы тұрғын үй органдары мен кәсіпорындары үшін санитарлық минимум бойынша нұсқаулық беру және сабақтар өткізу.
Тарау 10. 10. Ережелерді бұзған үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
10. Ережелерді бұзған үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Тармақ 51
51. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, Осы Ережелерді бұзғанына кінәлі жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады.