Об утверждении изменений и дополнений в Положение о порядке назначения и полномочиях временной администрации (временного администратора) в банке Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 15.03.2004 № 68 қаулысымен. Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 11 қыркүйектегі N 325 қаулысымен бекітілген Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 11 қыркүйектегі N 325 қаулысымен бекітілген Банкте уақытша әкімшілік тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 330 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 11 қыркүйектегі N 325 қаулысымен бекітілген Банкте уақытша әкімшілік тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Нормативтік құқықтық актінің атауындағы "ереже" деген сөз "нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Кіріспедегі "Осы Ереже" деген сөз "осы Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. "І", "ІІ" деген сандар тиісінше "1-тарау", "2-тарау" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. 7-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын: - "Банктің, оның айырбастау пункттерінің кассасындағы ақша қалдығы банктің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотына аударылсын; - банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны жою және банк клиенттерінің уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау туралы шешімінің көшірмесі орналастырылсын; - ай сайын банктің белгіленген есебін жасасын және оған қоса Ұлттық Банкке N 1, 2 қосымшаларымен бірге банк балансының ұсынымын, пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы, активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы, ең аз резервтік талаптар туралы есебін және басқа мәліметтерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберсін.".
Тармақ 5
5. Мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын: "3-тарау." Қорытынды ережелер
Тармақ 6
6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.