Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабының 1-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін орындау мақсатында Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағида қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (М. Тобағабылов) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы қағиданы басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Таукеновке жүктелсін.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртібі туралы
ҚАҒИДА
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 22 сәуірдегі
№ 143 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртібі туралы
ҚАҒИДА
Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртіп ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін мекемелермен есеп айырысу жұйесін және негізгі талаптарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте пайдаланылатын нггізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) Қоғамдық жұмыстар - аткарушы орган ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіріп отыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, аудан әкімі басқаратын, әкімдік;
Тармақша 4
4) нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңмен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмысты атқаруға көрсететін қызмет жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған каражатты тиімді пайдалану мақсатында, аудандық жергілікті атқарушы орган төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбелерін, қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды аудандық жергілікті атқарушы органның қаулысымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жіберу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларының еңбегіне төлеген ақы шығыны, Аманкелді ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталған мөлшерде, мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен қайтару үшін аудандық жұмыспен қату және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ай сайын орындалған жұмыстық кесімін беріп отырады, қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 12
12. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдем ақы төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарды каржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.