Об определении приоритетных направлений расходов за счет средств областного бюджета Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджет қаражатының есебінен шығындардың басым бағыттарын анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережелердің 14-тарауының 127-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен шығындардың приоритеттік бағытталуы анықталсын: жалақы, әлеуметтік салық және оған теңдестірілген төлемдер; әлеуметтік төлемдер; байланыс қызметі төлеуді алып тастаумен, коммуналдық қызмет.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет бойынша қол қою үлгілеріне сәйкес бірінші қол қою құқығы бар Қостанай облысы қаржы департаментінің уәкілетті тұлғаларының қолдары болған жағдайда жасалды.
Тармақ 3
3. 2002 жылғы 2 қыркүйектегі № 1720 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде тіркелген әкімдіктің 2002 жылғы 12 тамыздағы № 152 «Облыстық бюджет қаражатының есебінен қолма-қол емес және қолма-қол түрлеріндегі төлемдерді жүзеге асыру рәсімдері туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін, 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 134 «Костанайские новости», 2002 жылғы 13 қыркүйектегі № 77 «Қостанай таңы».