О межведомственной районной комиссии по предупрежедению и ликвидации чрезвычайных ситуаций и районной эвакоприемной комиссии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссияның және аудандық эвакуациялық кабылдау комиссиясының құрамы туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу мен олар орын алғанда әрекет етудің аудандық жүйесін одан әрі жетілдіру, тұрғындар мен аумақты апаттардан, опаттар мен тілсіз қияпаттардан, сондай-ақ ерекше кезенде қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 шілдеде № 165 ҚПҮ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқауға және Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 21 қазандағы № 223 "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндігі Ведомствоаралық облыстық комиссия құру туралы" қаулысына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 77- тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құрылсын:
Тармақша 1
1) Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі Ведомствоаралық аудандық комиссиясы (1 қосымша);
Тармақша 2
2) аудандық эвуакаңиялық комиссия (2 қосымша).
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Ведомствоаралық аудандық комиссия Ережесі (3 қосымша);
Тармақша 2
2) аудандық эвуакациялық комиссия Ережесі (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихатта бекітілуге берілсін.
Тармақ 4
4. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Ведомствоаралық аудандық комиссия құрамын бекіту туралы" Шемонаиха ауданы әкімиятының 2002 жылғы 11 сәуірдегі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В.Шаламовқа жүктелсін.
Басқа 10
Шемонаиха ауданы әкімиятының 2005 жылғы 01 маусым № 1117 қаулысына 1 қосымша
Тармақ 10
Тармақ 1
Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Қалиева
Басқа 13
Шемонаиха ауданы әкімиятының 2005 жылғы 01 маусым № 117 қаулысына 2 қосымша Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Қалиева
Басқа 1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ыедомствоаралық аудандық комиссиясы туралы
Шемонаиха ауданы әкімиятының 2005 жылғы 01 маусым № 1117 қаулысына 3 қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ыедомствоаралық аудандық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия (ары қарай-комиссия) консультативтік кеңес беруші орган болып табылады және апаттардан, опаттар мен тілсіз және басқа қияпаттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жасау мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің өклеттілігін жергілікті атқарушы органдармен, казақстан Республикасының меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге, асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері;
Тармақша 1
1) аудан аумағындағы апаттардан, опаттардан, тілсіз және басқа кияпаттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) тұрғындардың, аудан аумағының қауіпсіздігі мен апаттардан, опаттардан, тілсіз жөне басқа қияпаттайдан туындайтын төтенше жағдайлардаң корғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техниклық және басқа'шаралар жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштері мен құралдарын құру, дамыту саласында біртұтас техникалық саясат жүргізу;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайларда әрекет ету мен алдын алудың аудандық жүйесін жетілдіру және одан ары дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлардың алдын алуға, облыс тұрғындары мен аумағының төтенше жағдайдардан қорғалуына, осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге бағытталған мақсатты аудандық бағдарламалардың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) апаттардан, опаттардан, тілсіз және басқа қияпаттардан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау, медициналық сауықтыру мәселелері бойынша кәсіпорындардың, мекемелердің,; ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мөселелерінде Шығыс Казақстан облысының көршілес аудандарымен ынтымақтастық бағыттарын; анықтау болып табылады.
Тармақ 4
4. Шемонаиха ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша комиссияның құқығы бар:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнінде аудан мекемелері мен ұйымдарының, кәсіпорындарының іс-қимылдарын үйлестіруде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) комиссияның құзырына жататын қажетті нормативтік құкықтық және заң актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті аткарушы органдарының, мекемелердің, ұйымдарының және шаруашылық жүргізуші құрылымдардың лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдарынан, мекемелерден, ұйымдардан, шаруашылық жүргізуші құрылымдардан олардың қызмет/жөнінде, комиссия жұмысы үшін керекті ақпаратты сұрауға;
Тармақша 5
5) ауданның кәсіпорындарының, мекемелерінің және ұйымдарының мамандарын (олардың бастықтарының келісімі бойынша) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелері бойынша талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындауға тарту.
Тармақ 5
5. Аудан әкімі тағайындаған аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметін оның торағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның мәжілістері қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіліп отырады. Комиссияның шешімдері хаттамамен құжатталады. Комиссияның мәжілістері арасындағы уақытта шешімдер оның төрағасымен немесе орынбасарымен аудан аумағында орындалу үшін міндетті нұсқаулар немесе тапсырмалар түрінде қабылданады.
Тармақ 7
7. Комиссияның ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын қамтамасыз ету аудан әкімінің аппаратына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Аудан әкімінің шешімін талап ететін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте лайықты ұсыныстарды комиссия енгізеді.
Тармақ 9
9. Өз құзырына сәйкес комиссия қабылдайтын шешімдер ұсыныстық сипатқа ие. 10. Комиссия төрағасы, комиссия қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер бойынша жүйелі түрде аудан әкімін хабарландырып отырады. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Қалиева
Басқа 2
Басқа 3. Аудандық көшіруді қабылдау комиссиясының
Шемонаиха ауданы әкімиятының 2005жылғы 01 маусым № 1117 қаулысына 4 қосымша Аудандық көшіруді қабылдау комиссиясының ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық көшіру комиссия (ары қарай-комиссия) бейбітшілік уақытыңда және ерекше кезеңдегі төтенше жағдайларда санаттылық қалалардан көшірілген тұрғындарды қабылдау және іс-шараларды жүргізуді жүзеге асыру үшін құрылған әруақытта іс-қимылдағы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, баска да нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндері Министрдің, ауданның Азаматтық қорғаныс бастығының нұсқаулары мен бұйрықтарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеті көшірілетін санаттау қалалардан көшірілетін тұрғындарды қабылдау. мен орналастыруды жоспарлау және оларды орналастыру бойынша іс-шаралардың кешенін орындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия заңдарда белгіленген тәртіпте келесі функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) көшіруді қабылдау іс-шаралар (ары қарай-көшіру іс-шаралары) мақсаты үшін автомобильдік және көліктің басқа да түрлерінің жағдайын, автомобильдік колоннаның жүргізуші құрамы мен техниканы жасақтауды нақтылайды.
Тармақша 2
2) аудан аумағындағы автомобиль жолдарының жағдайын, жүргіншілер колонналары қозғалысының маршруттарын зерделейді, жылдың барлық мезгілінде автомобиль көлігі мен жүргінші колонналарының қозғалысын қамтамасыз етуге дайындық бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) Көшіру кезеңінде және көшірілгендерді орналастыру орындарында халықтың көшіру іс-шараларын өткізуде аудандық қызмет жоспарларына нақтылау мен түзетулер енгізеді;
Тармақша 4
4) Комиссияның жеке құрамымен жүйелі жұмыстар өткізіледі, командалық-штабтық оқулар мен штабтық жаттығуларға белсенді қатысады.
Тармақ 2
Тарау 3. 3. Комиссияның құқығы мен міндеттері
3. Комиссияның құқығы мен міндеттері
Тармақ 5
5. Комиссияның:
Тармақша 1
1) бейбітшілік уақытында төтенше жағдайларда, сонымен қатар ерекше кезеңде Көшіруді қабылдау іс-шараларын орындау үшін, заңды тұлғалардын іс-қимылын үйлестіру бойынша Азаматтық қорғаныстың бастығына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) комиссияның құзырына жататын қажетті нормативтік-құқықтық жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 4
4) комиссияның құзырына жататын мәсслелер бойынша заңды тұлғалардан заңнамада белгілінген тәртіпте ақпаратты сұрауға;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіпте заңды түлғалардың мамандарын (олардың басшыларының келісімі бойынша) іс-шараларды өткізудің мәселелері бойынша талдау, сараптау және басқа жүмыстарды орындауға тартуға қүқылы.
Тармақ 6
6. Комиссия:
Тармақша 1
1) Көшіруді қабылдау іс-шараларын өткізуге өкімді алғаннан кейін комиссия басшылары құрамының жиынын өткізу;
Тармақша 2
2) комиссияның жауапты қызметкерлер санынан тұрақты орналастыру орындарында тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) хабарлау және жинау көшіру пункттармен байланысты, көлік ұйымдарын басқару жүйесінің дайындығын тексеру;
Тармақша 4
4) Комиссияның жеке құрамын жинау бойынша хабарлау схемарын, басшылық схемасын нақтылау;
Тармақша 5
5) Көшіруді қабылдау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін, ауданда көшірілетін түрғыңдарды (ары қарай-көшірілетін тұрғындар) орналастыру жоспарын, көшірілетін тұрғындарды жаң-жақты қамтамасыз етудің іс-шараларының есептерін нақтылау;
Тармақша 6
6) көлік құралдарының жағдайын, оларды жүргізуші құрамымен жинақтауды тексеру;
Тармақша 7
7) материалдық құндылықтарды қабылдау және орналастыру бойыңша есептерді нақтылау;
Тармақша 8
8) көшіру аралық пункттерінің (ары қарай-КАП) көлік құралдарының, көшіру маршрутының пайдалануға дайындығын тексеру;
Тармақша 9
9) Комиссия мүшелерінің жекеше қорғау, соның ішінде және медициналық құралдар алуын қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) қала сыртындағы аймақта көшірілетін тұрғындарды орналастыру, жинау көшіру пункттері, көшіру аралық пункттері, қондыру, түсіру,.жүру маршруттарының бастапқы пункттері. шығару бойынша Көшіру органдар объектілерінің жұмысын қысқа мерзімде жандандырудағы Көшіру іс-шараларының жоспары мен есептерін нақтылау;
Тармақша 11
11) Көшіру іс-шаралар жоспарларының іс-қимылындағы көілік құралдарының дайындыққа келтіруін ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) Көшіру іс-шараларды өткізу кезеңінде үндеу, хабарландыру, өкімдер және халықтың мінез-құлық ережелерін жариялау үшін бұқаралық ақпараттың техникалық құралдар дайындығын, байланыс және халықты көшіруді өткізудің басталғаны туралы хабарлаудың, басшылық жүйесінің дайындығын нақтылау;
Тармақша 13
13) санаттағы қалалардан шығарылатын медициналық мекемелердің, медициналық мүліктің, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларының, жанар-жағар май матариалдарының, матариалдық құндылықтар, іс-қимылдағы және мұрағат құжаттары қорларының қабылдауға дайындығын нақтылау;
Тармақша 14
14) техникалық байланыстың осы үшін барлық түрлерін пайдаланып, көшіруі іс-шараларын өткізу туралы аудан тұрғындарын құлақтандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) аудан әкімінің радио байланысы арқылы халыққа үндеуін, оны көшірілу іс-шараларының аяқталғанына дейін өткізуге өкім алынған мезеттен бастап мезгіл сайын беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) қорғаныс істері жөніндегі бөліммен байланысты әр уақытта ұстау, олармен әрекеттестікте көліктік коммуникацияны пайдалану бойынша жұмылдыру жүмыстарынан босаған көлік құралдарын уақытында алуға, және оларды тұрғындарды көшіруге және материалдық құндылықтарды тасмалдау мақсаты үшін пайдалану;
Тармақша 17
17) уақытында Көшіруді қабылдау іс-шараларының өткізілу барысы туралы деректерді жинау мен қорыту және Азаматтық қорғаныс бастығына және жоғарғы органдарға баяндау;
Тармақша 18
18) Көшіруді қабылдаудың қала, кенг, ауылдық округтар комиссиясына басшылық жасау және олардың жүмысын бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияны төраға - аудан әкімінің орынбасары басқарады, ол Комиссия жұмысын үйымдастырады және қызметін басқарады. Комиссия өз кізметін оның төрағасы бекіткен ағымдағы жылдың әр жарты жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның мәжілістері қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіліп отырады.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамы әкімияттың қаулысымен бекітіледі және аудан акіміне-Азаматтық корғаныс бастығына өз қызметі мен іс-тәжірибе жұмысында бағынады.
Тармақ 9
9. Комиссия зандьі жөне лауазымдық тұлғаларды заңдарда белгіленген тәртіпте тартумен жұмысшы топтарын үйымдастыруға құқылы. Комиссия төрағасы көрсетілген топ құрамын бекітеді.
Тармақ 10
10. Әкімнің шешімін талап ететін мәселелер бойынша, Комиссия жарғы тәртібінде ұсыныстарға сәйкес енгізеді.
Тармақ 11
11. Комиссияда қаралатын ең маңызды мәселелер бойынша комиссия төрағасы аудан әкіміне жүйелі ақпар береді.
Тармақ 12
12. Көшіру іс-шараларын материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасның іс-қимылдағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Қалиева