Об утверждении перечня заболеваний, препятствующих содержанию и обучению несовершеннолетних в специальных организациях образования и организациях образования с особым режимом содержания Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 592 қаулысымен бекiтiлген Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi Арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына мынадай аурулары бар (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жiктемесiне сәйкес. 10-қайта қарау) кәмелетке толмағандар орналастырылмайды:
Тармақ 1
1. I класс. Кейбiр жұқпалы және паразитарлық аурулар:
Тармақша 1
1) A15 - А19 Туберкулез (белсендi туберкулездiң кез келген нысаны);
Тармақша 2
2) А30 Алапес;
Тармақша 3
3) A50 - A53 Мерез (белсендi нысаны);
Тармақша 4
4) В20 - B24 Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ) тудыратын ауру.
Тармақ 2
2. II класс. Жаңа өспелер: C00 - С97 Кез келген орындағы қатерлi жаңа өспелер, оның iшiнде лимфалық, қан өндiру және оларға ұқсас тiндердiң қатерлi жаңа өспелер.
Тармақ 3
3. III класс. Қан, қан өндiру органдарының аурулары және иммундық тетiктi қатыстыратын жекелеген бұзылулар:
Тармақша 1
1) D55 - D58 Гемолитикалық анемиялар - тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын (ауыр нысаны);
Тармақша 2
2) D60 - D61 Апластикалық анемиялар;
Тармақша 3
3) D65 - D69 Қан ұйығыштығының, пурпурдың бұзылуы және басқа да геморрагиялық жағдайлар (ауыр нысандары).
Тармақ 4
4. IV класс. Эндокриндiк жүйе, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы аурулары:
Тармақша 1
1) E05 Тиреотоксикоз (ауыр нысаны);
Тармақша 2
2) Е03, E06 Туа бiткен немесе жүре пайда болған гипотиреоз (ауыр нысаны);
Тармақша 3
3) Е10 1 үлгiдегi қант диабетi (асқынған);
Тармақша 4
4) E20 Гипопаратиреоз (ауыр нысаны);
Тармақша 5
5) Е22 Гипофиздiң гиперфункциясы (ауыр нысаны);
Тармақша 6
6) E23 Гипопитуитаризм, церебральды-гипофизарлық ергежейлілiк;
Тармақша 7
7) E23.2 Қантсыз диабет (ауыр нысаны);
Тармақша 8
8) E24 Иценко-Кушинг синдромы;
Тармақша 9
9) Е27 Созылмалы гипокортицизм;
Тармақша 10
10) E75.2 Лейкодистрофия;
Тармақша 11
11) E84 Кистозды фиброз (муковисцидоз).
Тармақ 5
5. V класс. 8 Психикалық және мінез-құлық бұзылулары:
Тармақша 1
1) F01, F02.1-F02.8, F03-F05, F06.0-F06.05, F07.1-F07.9, F09 Симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қоса алғанда, органикалық бұзылулар;
Тармақша 2
2) F1x.0-F1x1, F1x.22-24, F1x.5-F1x.9 Психикалық белсендi заттарды пайдалану салдарынан болатын психикалық және мiнез-құлық бұзылулары;
Тармақша 3
3) F20 - F29 Шизофрения, шизотиптiк және сандырақтау бұзылулары;
Тармақша 4
4) F30 - F33, F38 - F39 Көңiл-күйдiң аффектiлi бұзылулары;
Тармақша 5
5) F40 - F44 Күйзелуге байланысты невротикалық және соматикалық нысанды бұзылулар;
Тармақша 6
6) F70.1 - F70.8, F71 - F79 Ақыл-ой кемiстiгi;
Тармақша 7
7) F84 Психологиялық дамудың бұзылуы.
Тармақ 6
6. VI класс. Жүйке жүйесiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) G10 - G13 Негiзiнен орталық жүйке жүйесiн зақымдайтын жүйелiк атрофиялар (ауыр нысандары);
Тармақша 2
2) G25.3, G 25.5 Экстрапирамидалық бұзылулар;
Тармақша 3
3) G20.6 Таралған тартылулар (Жиль де ля Туретта);
Тармақша 4
4) G30-G32 Орталық жүйке жүйесiнiң басқа да керi дамыған аурулары;
Тармақша 5
5) G35-G37 Орталық жүйке жүйесiнiң миелинсiздендiру аурулары;
Тармақша 6
6) G40.3-G40.9 Эпилепсия;
Тармақша 7
7) G41 Эпилепсиялық мәртебе;
Тармақша 8
8) G60.0 - G60.3 Тұқым қуалайтын қимылдық және сезiмдiк невропатия;
Тармақша 9
9) G63 Басқа айдарларда жiктелетiн аурулар кезiндегi полиневропатия;
Тармақша 10
10) G70.0 - G70.2 Таралған нысандағы миастения;
Тармақша 11
11) G70 - G71.9 Даму үстiндегi бұлшық ет дистрофиясы;
Тармақша 12
12) G91.1 Окклюздiк, қалпына келмейтiн суми;
Тармақша 13
13) G80.0-G80.9 Балалардың церебральды сал ауруы.
Тармақ 7
7. VII класс. Көз және оның қосымша аппаратының аурулары:
Тармақша 1
1) H40 - H42 Глаукома;
Тармақша 2
2) H54.0, Н54.3, Н54,7 Соқырлық;
Тармақша 3
3) H54.1 Бір көздiң соқырлығы, екiншi көздiң нашар көруi;
Тармақша 4
4) H54.7 Нақтыланбаған көрмей қалу.
Тармақ 8
8. VIII класс. Құлақтың және емiзiк тәрiздi өсіндінің аурулары:
Тармақша 1
1) H81.0 Вестибулярлық функцияның бұзылуы;
Тармақша 2
2) Н90.3 Естудi екі жақты нейросенсорлы жоғалту (ауыр дәрежедегi).
Тармақ 9
9. IХ класс. Қан айналымы жүйесiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) I08.3 Митральды, қолқа және үш қақпақшалы клапандардың үйлескен (ревматизмдік) зақымдануы;
Тармақша 2
2) I13.2 Жүрек және бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгiмен негiзiнен жүрек пен бүйректiң зақымдануы бар гипертониялық ауру;
Тармақша 3
3) І42.0-I42.1 Кеңiген гипертрофиялық және обструктивтiк кардиомиопатия;
Тармақша 4
4) І44.2 Жүрекше-қарыншалық толық бөгеу;
Тармақша 5
5) І47.1 Синкопальды жағдайдағы ұстамалы қарыншаүстi тахикардиясы;
Тармақша 6
6) I48, I49.0, I49.5 Жүрекше, қарынша бұлшық еттерiнiң фибрилляциясы мен лүпiлдеуi, синустық түйiншектiң әлсiздiк синдромы (предсинкопальды немесе синкопальды жағдайлар болған жағдайда).
Тармақ 10
10. X класс. Тыныс алу мүшелерiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) J45 Гормондық тәуелдi демiкпе;
Тармақша 2
2) J47 Бронхоэктатикалық ауру.
Тармақ 11
11. XI класс. Ас қорыту мүшелерiнiң аурулары: К74 Бауыр фиброзы мен циррозы.
Тармақ 12
12. XIII класс. Сүйек-бұлшық ет жүйесi мен қосқыш тiндер аурулары:
Тармақша 1
1) М08 Жасөспiрiмдер (жеткiншектер) артриті (ауыр ағым);
Тармақша 2
2) М32 Жүйелiк қызыл жегi;
Тармақша 3
3) М33 Дерматополимиозит (ауыр ағым);
Тармақша 4
4) M34 Таралған жүйелiк берiш (терiнiң қатаюы), даму үстiндегi нысан;
Тармақша 5
5) М30.0 Түйiншектi периартериит;
Тармақша 6
6) М31.3 Вегенер гранулематозы.
Тармақ 13
13. XIV класс. Несеп-жыныс жүйесiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) N03 Созылмалы нефриттiк синдром;
Тармақша 2
2) N04 Нефротикалық синдром;
Тармақша 3
3) N18 Созылмалы бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгi.
Тармақ 14
14. XV класс. Жүктілiк, босану және босанғаннан кейiнгi кезең: О00-О99.
Тармақ 15
15. XVII класс. Туа бiткен ауытқулар (даму кемiстiктерi), қисаю және хромосомдық бұзылу:
Тармақша 1
1) Q15.0 Туа бiткен глаукома;
Тармақша 2
2) Q20.0, Q20.3, Q20.4, Q21.0-Q21.3, Q22.1, Q22.4-Q22.6, Q23.0-Q23.4, Q24.3-Q24.5, Q25.1-Q25.7, Q26.2, Q26.3, Q27.8 Қан айналымының II-А дәрежелi жеткiлiксiздігімен iлесе жүретiн, оның iшiнде кемiстiктi түзеткеннен кейiн, қан айналымы жүйесiнiң туа бiткен ауытқулары (даму кемiстiктерi);
Тармақша 3
3) Q56 Жынысының белгiсiздігі және псендогермафродитизм;
Тармақша 4
4) Q78.0 Аяқталмаған остеогенез.
Тармақ 16
16. XVIII класс. Басқа айдарларда жiктелмеген, клиникалық және зертханалық зерттеулер кезiнде анықталған симптомдар, белгiлер мен нормадан ауытқулар: R15 Зәрдi ұстай алмауымен (энурез) бiрге нәжiстi ұстай алмау (энкопрез).
Тармақ 17
17. ХІХ класс. Жарақаттар, уланулар мен сыртқы себептер әсерлерінің кейбір басқа да салдарлары: Т90 - Т98 Науқасқа жеке күтім жасауды талап ететін жарақаттардың, уланулардың және сыртқы себептердің басқа да әсерлерінің салдарлары.