Вопросы Агентства Республики Казахстан по экономическому планированию Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.30. N 1817 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы ереже;
Тармақша 2
2) 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасары болуға рұқсат етілсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. 3. ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен. P991301_ 4. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экономикалық жоспарлау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 шілдедегі N 725 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 25, 217-құжат) күші жойылған деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттік әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларын және жалпы экономикалық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау және іске асыру кезінде әдістемелік басшылық жасауға, Қазақстан Республикасы мен облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларының негізгі бағыттарын әзірлеуді ұйымдастыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдап, болжап отыруға, салааралық үйлестіруге уәкілетті орган болып табылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес есеп-шоттары болады. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Егер Агенттікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар. 📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. 6. Агенттіктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2.
Тармақ 7
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi. Агенттіктің қызметі мен өкілеттіктері республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылады және қолданылады. Облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің атқарушы органдары болып табылатын экономика басқармалары (комитеттері) жұмыс істейді. 📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Агенттік туралы ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 1 абзацы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Агенттіктің қызметі тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Агенттікке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға отыруға тыйым салынады. Егер Агенттікке заң актілерінде табыс түсіретін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары
2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары
Тармақ 10
10. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз құзыретінің шегінде Қазақстан дамуының маңызды көрсеткіштерінің мониторингін, экономикалық талдауын және болжамын жасау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және іске асыруды әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) стратегиялық жоспарлардың негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламаларын әзірлейді және оларды Үкіметтің қарауына енгізеді;
Тармақша 4
4) орталық және атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын жасайды, олардың атқарылуының мониторингін жүзеге асырады және оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуының қорытындылары туралы хабардар етеді;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етеді, әзірленуін және мониторингін ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) техникалық көмекті үйлестіріп отырады;
Тармақша 9
9) орталық атқарушы органдардың халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен бірлесіп іске асырылатын бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 10
10) Агенттіктің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлейді;
Тармақша 11
11) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына экономикалық сараптама жасайды;
Тармақша 11-1
11-1) капиталдың қозғалысына байланысты, 10 миллион АҚШ долларына баламдыдан жоғары валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуін (ауысуын) көздейтін операцияларға лицензиялар беруді келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1486 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын экономикалық талдау және болжау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылықты қамтамасыз ету және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеу жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылық жасау және олардың атқарылуын бақылау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жөнінде орталық атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегінде орталық атқарушы органдардың мемлекеттік макроэкономикалық, аймақтық және инвестициялық саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру.
Тармақ 12
12. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламаларын, мемлекеттік инвестициялар бағдарламаларын және Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын іске асыруына бақылау жасауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын түзету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) өз құзыретінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізуге және келісімдерге қол қоюға; 6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын сараптама және консультациялар жүргізуге тартуға; 7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар әзірлеу үшін ведомствоаралық топтар және консультативтік кеңестер құру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 8) өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Агенттіктің мүлкі
3. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 13
13. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттіктің баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Агенттік өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен алуға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес. Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Агенттікті Төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттік Төрағасының екі орынбасары болады, оларды Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. Агенттіктің төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық етеді және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
Тармақ 18
18. Осы мақсатта Агенттіктің төрағасы:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Агенттіктің қызметкерлеріне заңдарда белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Агенттiктiң құрылымын және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 19
19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тарау 5. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Құрылымы Басшылық Макроэкономикалық және аймақтық саясат департаменті Инвестициялық саясат департаменті Ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы басқармасы