Об утверждении Правил предоставления социальной помощи студентам из малообеспеченных семей Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтылған отбасылардан студенттерге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Аз қамтылған отбасылардан студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, жоғары білікті білім алу үшін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 37 бабы 1 тармағы 14 тармақшасы, аудандық мәслихаттың «2005 жылға аудандык бюджет туралы» 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №12/1 шешімі (тіркеу №1451 2005 жылдың 20 қаңтарынан) негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасылардан студенттерге әлеуметтік көмек көрсетудің қоса берілген Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жыл сайын және өз уақытында жоғары оку орындарында оқу мерзіміне әлеуметтік көмек алуға аз қамтылған отбасылардан студенттерді таңдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Тоқтаболатовка жүктелсін.
Басқа 4. Аз қамтылған отбасылардан студенттерге әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Солтүстік Қазакстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2005 жылғы «6» мамыр
№ 352 қаулысымен бекітілді
Аз қамтылған отбасылардан студенттерге әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер аз қамтылған отбасылардан студенттерге ақшалай әлеуметтік көмек көрсету тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Мамлют ауданының аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттік жалпы білім гранттары мен несиелерінің иегерлері болмаған Қазақстан Республикасының азаматтары әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Осы Ережелерде төмендегі ұғымдар колданылады: әлеуметтік көмек - студенттерді кәсіптік оқытуға акы төлеуге бағытталған әлеуметтік көмек түрінде халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі;
әлеуметтік көмекті тағайындауға құкыны аныктау жөніндегі комиссия - (ілгеріде аудандық комиссия) - аудан әкімі жанында құрылатын, әкім орынбасары төрағалық ететін, құрамына Мамлют ауданының білім беру және спорт бөлімінің, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері кіретін, әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайтын комиссия.
Алушы-студент мемлекеттік жалпы білім гранты мен несиенің иегері (іштей оқу нысаны бойынша) және кірісі күнкөріс минимумынан төмен отбасының мүшесі;
Уәкілдік орган әлеуметтік көмекті тағайындау, ұйымдастыру, көмек көрсету және ақы төлеу жөнінде студенттердің контингентін анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын орган - (ілгеріде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі).
Акша қаражатын беру жөніндегі уәкілдік орган - (ілгеріде банк) екінші деңгейдегі банк.
Тарау 2. 2. Ақша қаражатын тағайындау шарттары және тәртібі
2. Ақша қаражатын тағайындау шарттары және тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алу үшін студенттер ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш (қосымша 1);
Тармақша 2
2) жеке басының куәлігі (нотариалды куәландырылған);
Тармақша 3
3) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) отбасының кірістері туралы анықтама;
Тармақша 5
5) білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) кешендік тестілеу корытындылары туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 7
7) оқу туралы Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орнымен жасалған шарт.
Әлеуметтік көмекті тағайындауға келесіде өтінгенде алушылар нұсқалған құжаттардан баска жоғары оқу орындарынан осы жоғары оқу орнының студенті екені туралы аныктама-бекітуді, сонымен қатар сынак кітапшасының көшірмесін ұсынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті алу үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ауданның жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынылады, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушілерден толык құжаттар пакеті түскен күннен бастап бес күн ішінде істерді құрастырады және әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындамау туралы жоба-шешімді (косымша 2) әлеуметтік көмекті көрсетуге құқыны анықтайтын аудандык комиссияға жібереді.
Тармақ 6
6. Аудандык комиссия он күн ішінде ұсынылған құжаттарды карастырады және әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындамау туралы шешім шығарады. Өтініш берушілердің істерін және отырыстардан хаттамалардың көшірмелерін комиссия ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті беру туралы шешім шығарылғанда аудандык комиссия кешендік тестілеуде алған баллдар санын, аттестаттарды немесе арнайы орта білімді үздік бітіргені туралы дипломдарды ескереді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау аудандык бюджетпен осы мақсатка қарастырылған қаржы шегінде іске асырылады.
Тармақ 9
9. Оң шешім шығарылған жағдайда ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен хабардар етілген алушылар банкте жеке есепшоттарын ашады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушіге тағайындамау себептерін көрсетумен құжаттарды қайтарады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындамауға жоғары оқу орнына түсу туралы жалған мәліметтерді және осы Ережелердің тармактарында нұсқалған құжаттарда накты емес мәліметтерді ұсыну негіз болады.
Тармақ 12
12. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі алушылардың тізім - ведомостарын екі данада құрастырады, оның бір данасы екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.
Тармақ 13
13. Банк ақылы қызмет көрсету және тізім-ведомостар негізінде алушылардың ашылған жеке есепшоттарына сомаларды аударуды жүргізеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 14
14. Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шығыстарды қаржыландыру осы мақсатка қарастырылған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек бір студентке жылына бір рет ұсынылады.
Тарау 4. 4. Бакылауды жүзеге асыру
4. Бакылауды жүзеге асыру
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілдік орган Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау дұрыстығына жауапкершілік тартады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу дұрыстығына бақылау қолданыстағы заңға сәйкес жүргізіледі.
Аз қамтылған отбасылардан
студенттерге әлеуметтік көмек
көрсету Ережелеріне 1 қосымша
Мамлют ауданының жұмыспен камту
және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
__________________________
__________________________
__________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
__________________________
тегі, аты, әкесінің аты
__________________________
(паспор/ жеке куәлік)
__________________________
(кіммен, қашан берілген)
Өтініш
_________________________________________________ оқу орнында жоғары
кәсіптік білім алу үшін _________________________________________________
сомада маған ақша қаражатын бөлуді және _____________________
______________ банк филиалында ашылған есепшотқа аударуды өтінемін.
Төмендегі құжаттар қоса беріледі:
- жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды сендірілген)
- отбасының құрамы туралы анықтама;
- отбасының кірістері туралы анықтама;
- білім туралы құжаттың нотариалды сендірілген көшірмесі;
- кешендік тестілеу корытындылары туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік
сертификаттың нотариалды сендірілген көшірмесі;
- Солтүстік Қазақстан облысынын жоғары оқу орнымен оқу туралы шарт.
«__»_____________ 200_ ж
қолы: _______________
Басқа 33
Аз қамтылған отбасылардан
студенттерге әлеуметтік көмек
көрсету Ережелеріне 2 қосымша
ШЕШІМ
елді мекен «__»_____________ 200_ ж
Оқуға азамат (ша) _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________
(елді мекен, үйдің, пәтердің, телефон №)
беру (бермеу) туралы
Ұсынылған отбасының кірістері туралы мәліметтерді, кешендік тестілеу
қорытындылары туралы мемлекеттік сертификатты қарастыра отырып
аудандык комиссия ШЕШТІ:
1. Азамат ____________________________________________
жоғары оқу орнында оқу үшін __________ _______________________
(сома сөзбен)
сомаға ақша каражатын бөлуді.
2. Азамат ____________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
бермеуді.
__________________________________
(бермеу себебін көрсету)
Қолдары
Комиссия төрағасы: _______________
(Т.А.Ә)
Комиссия мүшелеш: _______________
_______________
_______________