О внесении изменений в некоторые постановления акимата Акмолинской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Ақмола облысының әділет департаментінде 2003 жылы 30 қазанда 2081 нөмірмен тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының және Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қазандағы «Тілекей селосы мен Тілекей округының қайта аталуы туралы» № 3С-1-20 бірлескен шешіміне сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыстың денсаулық сақтау бюджетін біріктіру туралы" "Акмолинская правда" газетіне 2005 жылғы 31 наурызда жарияланған және Ақмола облысының әділет департаментінде 205 жылғы 10 қаңтарда 2979 нөмірмен тіркелген № а-1/317 қаулысына, "Акмолинская правда" газетінде 2005 жылғы 31 наурызда жарияланған және (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 10 қаңтарда 2979 нөмірмен тіркелген) Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыстың денсаулық сақтау бюджетін біріктіру туралы" № а-1/317 қаулысына өзгерту енгізу туралы" әкімдік қаулысына енгізген өзгерістер ескеріле отырылып, келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулысының 1-қосымшасындағы 4-тармағында "Тілекей" сөзі "Есенгелді" сөзімен ауыстырылсын. 19-тармақта "Болашақ" Орталығы" сөзі "Болашақ" орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу орталығы" сөзімен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) Ақмола облысы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулысының 2-қосымшасында 3-тармақтағы "Болашақ" орталығы" сөзі "Болашақ" орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу орталығы" сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы "Облыстың қалалары мен аудандарының медициналық ұйымдарын қайта құру туралы" № А-3/49 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулысының 1-қосымшасындағы 5-тармақта "Тілекей" сөзі "Есенгелді" сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімдігінің орынбасары Ғ.М.Бекмағанбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.