О Координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қылмыспен сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесін жетілдіру бойынша шаралар туралы» - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің берілген тапсырмаларын шешу бойынша атқарушы, құқыққорғаушы және өзге де мемлекеттік органдардың жұмыс үйлесімін жақсарту мақсатында Курчатов каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігі жанынан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша үйлестіру кеңесі (әрі қарай - Үйлестіру кеңесі) 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесінің құрамы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына жіберілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өз міндетіме аламын. КЕЛІСІЛДІ: Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының прокуратурасы Шыныбаев Е.К.
Басқа 5
Курчатов қаласы әкімдігінің 2005 жылғы «30» мамыр № 478 қаулысына 1-қосымша
Тармақ 1
1. Мухтарханов Ануарбек Мухтарханович Курчатов қаласының әкімі, үйлестіру кеңесінің төрағасы 2. Альменев Габдельхак Сагындыкович Шығыс Қазақстан облысы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Курчатов қалалық бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) 3. Иманмадиев Ержан Муварякович Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әділет басқарамасының бастығы (келісім бойынша) Искаков Канагат Кусманович Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қалалық полиция бөлімінің бастыгы (келісім бойынша) 5. Кажиев Куанткан Ергалиевич Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер бас басқармасының бесінші бөлім бастығы (келісім бойынша) 6. Ондаканов Алмас Аманколович Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы 7. Харламов Александр Сергеевич Курчатов қаласы әкім аппаратының ұйымдарсыту-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы 8. Шыныбаев Ерсин Кадырович Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының прокуроры (келісім бойынша) Аппарат басшысы А.ОНДАКАНОВ
Басқа 7. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Курчатов қаласы әкімдігінің 2005 жылғы « 30» мамыр № 478 қаулысына 2-қосымша Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Үйлестіру (әрі қарай- Үйлестіру кеңесі) қала әкімдігі жанындағы ұдайы әрекет консультативті-кеңесу органы болып табылады және қылмыспен және злықпен күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша саладағы атқарушы, құқыққорғау және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылды.
Тармақ 2. 2. Үйлесіру кенесінің негізгі тапсырмалары
2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының заңдары мен Констуциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, қала әкімі мен әкімдік актілеріне және өзге де нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. 2. Үйлесіру кенесінің негізгі тапсырмалары
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі тапсырмалары:
Тармақша 1
1) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелері бойынша қаланың атқарушы, құқыққорғау және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар терін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қаладағы криминогенді жағдайды талдау, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бойынша іс-шараларды қарастырып бекіту;
Тармақша 3
3) қаланың атқарушы, құқыққорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, қала әкімдері мен әкімтерінің актілерінің орындалу жағдайын білу;
Тармақша 4. 3. Үйлестіру кеңесінің қызметтері
4) қалада құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды қамтамасыз ету бойынша облыстың атқарушы, құқықорғау және өзге мемлекеттік органдарына ұсыныстар әзірлеу. 3. Үйлестіру кеңесінің қызметтері
Тармақ 4
4. Үйлестіру кеңесі келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) отырыстарында қаланың атқарушы органдарының қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресін ұйымдастыру жағдайларын қарайды;
Тармақша 2
2) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін жақсарту үшін ұсыныстар шығарады;
Тармақша 3. 4. Үйлестіру кеңесінің өкілеттігі
3) құзырына қатысты өзге де қызметтерді жүзеге асырады. 4. Үйлестіру кеңесінің өкілеттігі
Тармақ 5
5. Үйлестіру кеңесі негізгі тапырмалар мен өз қызметтерін іске асыру барысында құқылы:
Тармақша 1
1) белгіленген заңнамалық тәртіпте атқарушы, құқыққорғау және өзге де мемлекетгік органдардан жұмысқа қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) облыстың атқарушы, құқыққорғау және өзге де мемлекеттік органдарының жұмысшыларын (келісім бойынша) Үйлестіру кеңесінің отырыстарына материалдар дайындау үшін тарту;
Тармақша 3
3) өзінің отырыстарында облыстың атқарушы, құқыққорғау және өзге де «емлекеттік органдарының қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыруларын қарау;
Тармақша 4
4) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарушы, құкыққорғау және өзге де мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдау;
Тармақша 5. 5. Үйлестіру кеңесінін жұмысын ұйымдастыру
5) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін көтеру, құқықтык тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасап енгізу. 5. Үйлестіру кеңесінін жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Үйлестіру кеңесі жоспарға сәйкес жұмыс істейді, отырыстары қажеттілік шегіне байланысты әр тоқсанда бір рет жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Үйлестіру кеңесінің отырысын төраға немесе оның тапсырмасы бойыншы үйлестіру кеңесінің бір мүшесі өткізеді және Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заң күші бар деп есептеледі. Үйлестіру кеңесінің қорытындылары хаттамалармен рәсімделеді. Қажет болған жағдайда Үйлестіру кеңесі талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Үйлестіру кеңесінің шешімдері отырысқа қатысқан Үйлестіру кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық еткен тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 9
9. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі болып табылады.