Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Алматы қаласының жасыл желектерді қорғау мен күту туралы Ереженің", І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1996 жылғы 5 шілдедегі "Санитарлық-экологиялық бөлімшелер және Алматы қаласында жалпы пайдаланылатын өсімдіктер қорын қорғау Ережелері туралы" Х сессиясы шешімінің 2 қосымшасының күші жойылған деп танылсын және І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі ХХІ сессиясының шешімімен бекітілген "Алматы қаласының аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалықта ұстау және жинауды ұйымдастыру Ережелерінің" 2.6, 8.2 тармақтары және "Осы ережелерде тыйым салынған іс-әрекеттер" бөлімінің 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 абзацтары алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және ТЖ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Б. Біртанов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұлов жүктелсін.
Басқа 4
ІІІ сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының ХV сессиясының
2005 жылғы 27 сәуірдегі
"Алматы қаласындағы жасыл
желектерді қорғау мен күту
ережелерін бекіту туралы"
143 шешімімен бекітілген
Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау және күту
ережелері
Осы ережелер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне, Қазақстан Республикасының" Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңдарына сәйкес әзірленді. Ережелер Алматы қаласында жасыл желектерді қорғау және күту саласындағы қарым-қатынастарды реттейді және белгілейді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан орындауы үшін міндетті. Жасыл желектерді қорғау және күту жөніндегі мемлекеттік бақылау және табиғатты пайдалануды реттеу заңдарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті орындауға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға, ал, жұмыстарды ұйымдастыру иеліктерінде жасыл желектері бар табиғат пайдаланушыларға жүктеледі.
Тарау 5. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл ережелер төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) жасыл желектер - табиғи өскен және және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайды;
Тармақша 2
2) абаттандырылған аумақ - жасыл желек орналасатын жер учаскесі;
Тармақша 3
3) жалпы пайдаланылатын жер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаудағы саябақтар, бульварлар үшін алынған өзге де нысандар;
Тармақша 4
4) жасыл алқап - кемінде 50 дана ағашы бар, түрлік құрамына қарамастан кемінде 00,125 аумақта біртұтас үйлесімді құрайтын абаттандырылған аумақ;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, абаттандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 6
6) санитарлық кесу - шіріген, зақымдалған, құраған, құрғақ бұтақтарды кесу;
Тармақша 7
7) жасыл желектерді қырқу - жасыл желектерге белгілі бір әсемдік беру үшін бұталарды кесу;
Тармақша 8
8) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің, тамырына, діңіне, бұтақтарына, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің, механикалық зақымдануы, тамыр қырыс тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру;
Тармақша 9
9) жасыл желектерді құрту - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің жойылуы;
Тармақша 10
10) дендрологиялық жоспар дендрожоспар - ашық учаскелермен, газондармен үйлесімде өсіп тұрған және жасыл желектің және отырғызылатын ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік құрамын көрсете отыра қала аудандарының шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;
Тармақша 11
11) Алматы қаласы жасыл желектерінің тізбесі - Алматы қаласының аумағындағы жасыл желектердің түрі, түрлік құрамы, саны туралы мәліметтер жиыны;
Тармақша 12
12) жасыл желектерді күту мен қорғау Ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік - ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік және экономикалық шараларды қолдану.
Тарау 19. Жасыл желектерді қорғау мен күтудің
негізгі принциптері
Жасыл желектерді қорғау мен күтудің
негізгі принциптері
Тармақ 2
2. Алматы қаласының барлық жасыл желектері жеке үй құрылыстары мен саяжайларда өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық жасыл қорды құрайды.
Тармақ 3
3. Жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шаралар кешенін азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтер ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс.
Тармақ 5
5. Жасыл желектер (оның ішінде саябақтар, скверлер, тоғайлар, аллеялар және т.б.) белгіленген тәртіппен келісілген қала дамуының бас жоспарына кірмейтін учаскелерді қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.
Тармақ 6
6. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі абаттандырылған аумақтарды дамыту атқарушы органдардың келісімімен сәулет және қала құрылысы құрылыс органдары қорытындысының негізінде қаланы абаттандырудың ұзақ мерзімді кешенді схемасына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 25. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қызметті жүзеге асыратын уәкілетті
органның құзыреті
(жасыл желектерді қорғау және бөлігінде)
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қызметті жүзеге асыратын уәкілетті
органның құзыреті
(жасыл желектерді қорғау және бөлігінде)
Тармақ 7
7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыретіне (жасыл желектерді қорғау және күту бөлігінде):
Тармақша 1
1) Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді кесу, отырғызу, санитарлық кесу және сақтау үшін рұқсаттар ресімдеу мен беру;
Тармақша 2
2) жасыл желектерді қалпына келтіру, күту шараларының орындалуын бақылау;
Тармақша 3
3) ҚР қолданыстағы заңында белгіленген құзыреттер шегінде мемлекеттік бақылау қызметтерін жүзеге асыру кіреді.
Тарау 30. Жасыл желектерді есепке алу,
қорғау және күту
Жасыл желектерді есепке алу,
қорғау және күту
Тармақ 8
8. Алматы қаласында жасыл желектерді есепке алу олардың санын, түрлік құрамы мен жағдайын анықтау мақсатында есептеу нысанының шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Есепті жүргізуге жасыл желектердің барлық түрі жатады: ағаштар, бұтақтар, газондар, гүлзалар. Жасыл желектерді түгендеу мамандандырылған ұйымдардың келісімімен қолданыстағы тәртіпте желектердің санитарлық және сапалық жағдайының шкаласын (тұрақтылық сыныбы) ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Жасыл желектердің есебін көрсететін құжат дендрожоспар болып табылады.
Тармақ 11
11. Жасыл желектердің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Алматы қаласының аумағында жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасының шынайы мәліметтерін алу;
Тармақша 2
2) қала аумағындағы жасыл желектерді қорғау, сақтау және абаттандырылған аумақтарды дамыту саласындағы қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
Тармақша 3
3) халықты, билік және басқару органдарын қаладағы жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тармақ 12
12. Жасыл желектер тізбесін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары табиғат қорғау қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді күту мен қорғау:
Тармақша 1
1) саябақтарға, скверлерде, аллеяларда атқарушы орган анықтайды;
Тармақша 2
2) арнайы саябақтарға осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі;
Тармақша 3
3) жапсарлас аумақтарда жер учаскелерінің иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
Тармақша 4
4) Ішкі орамдық жасыл желектерді жер пайдаланушы шекарасындағы үй төңірегі аумақтарындағы желектерді қорғау мен күту тұрғын үй қорының меншіккерлеріне жүктеледі.
Тармақ 14
14. Жалпы пайдаланылатын жерлерде жүргізілетін жасыл желектерді күту мен қорғау жұмыстарын арнайы ұйымдары тендерлік негізде жүргізеді.
Тармақ 15
15. Уәкілетті органның рұқсатына сәйкес жүргізілген өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында үш есе көлемде биіктігі кемінде 2 метр жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін кемінде 2 метр көшеттер отырғызу жолымен (І-ші және ІІ сыныптағы сападағы) жүргізіледі. Отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган жасыл желектің қалпына келтіру құнына есеп жүргізеді; оның төлемін заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді.
Тармақ 16
16. Рұқсатсыз кесу жүргізілген өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында он есе көлемде биіктігі кемінде 2 метр жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін кемінде 2 метр көшеттер отырғызу жолымен (І-ші және ІІ сыныптағы сападағы) жүргізіледі немесе жасыл желектің қалпына келтіру құны анықталады, оның төлемін заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджетке төлейді.
Тармақ 17
17. Жасыл желектерді қалпына келтіру мүдделеріне орай кесу жүргізілген заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді заңды және жеке тұлғалар өз бетінше немесе шарт бойынша арнайы ұйымдар оларды одан әрі күтудің міндетті шарттарын сақтай отырып жүргізе алады.
Тармақ 19
19. Кінәлі адамды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектің табиғи өлуі, жойылуы, заңсыз кесілу дерегі бойынша жасыл желекті қалпына келтіру қала бюджеті есебінен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Отырғызылған жасыл желек солған жағдайда мүддесіне орай кесу жүргізілген тұлға жасыл желекті қайта отырғызады және оның одан әрі күтілуін қамтамасыз етеді.
Тарау 51. Жасыл желектерді кесу және қайта отырғызу
Жасыл желектерді кесу және қайта отырғызу
Тармақ 21
21. Жасыл желекті кесу, қайта отырғызу (қысқы тыныштық күйі), пішіндеу, тазалау, санитарлық кесу осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделеді, жер пайдалану немесе учаскені жалдау құқығын анықтайтын құжаттарды көрсету бойынша уәкілетті органның ресми рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Ереженің күші азаматтардың жеке үй құрылысы үшін пайдаланатын аумақ пен саяжай учаскелеріне қолданылмайды. Жасыл желектерді кесу мен қайта отырғызу рұқсатты ресімдеусіз жалпы табиғат пайдалану тәртібімен олардың өз ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Жалпы пайдаланатын жерлерде ағаштар мен бұталарды кесуді уәкілетті органның міндетті рұқсатты ресімдеуімен тендерлік негізде арнайы ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қала құрылысы жұмысы жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Төтенше және авариялық жағдайларда ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен құрылыстың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін жайттарда аталған жасыл желектерді кесу шұғыл ретте жүргізіліп, артынша атқарушы органға хабарланады. Кесу дерегі куәландыру актісімен айғақталады, атқарушы орган жұмыс басталған сәттен бастап 72 сағаттың бойында жасайды.
Тармақ 26
26. Кесілген жасыл желек пен кесілген қалдықтары жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарын толық сақтай отырып, жүргізілуге тиіс.
Тармақ 27
27. Жасыл желектерді отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін Тапсырысшы олардың одан әрі күтілуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 28
28. Жасыл желекті кесуге, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс:
Заңдық тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның басшысының атына өтініш;
Тармақша 2
2) нысандар мен ЖТҚ салу үшін жер учаскесін бөлген кезде, жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) жердің заңдық құжаттамасының көшірмесі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);
Тармақша 5
5) қайта салынған нысандар үшін Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы департаментінің сәулеттік-жоспарламалық техникалық тапсырмасы бойынша қорытынды.
Жалпы пайдаланатын жерлердегі жеке тұлғаларға жапсарлас жерлердегі жасыл желектерді кесу кезінде:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның басшысының атына өтініш;
Тармақша 2
2) нысандар мен ЖТҚ салу үшін жер учаскесін бөлген кезде, жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі.
Тармақ 29
29. Абаттандырылған аумақтарға осы ережелермен тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;
Тармақша 2
2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;
Тармақша 3
3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;
Тармақша 4
4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
Тармақша 5
5) автокөлік құралдарының, құрылыс және өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
Тармақша 6
6) автокөлік құралдарын жууға;
Тармақша 7
7) газонға көлік құралдарын қоюға;
Тармақша 8
8) мал жаюға;
Тармақша 9
9) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
Тармақша 10
10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамсыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;
Тармақша 11
11) жасыл желекке залал келтіруге қабілетті өзге әрекеттер мен әрекетсіздіктер жасау.
Тарау 79. Жасыл желектерді қорғау мен күту
саласындағы құқық бұзушылық үшін
жауапкершілік
Жасыл желектерді қорғау мен күту
саласындағы құқық бұзушылық үшін
жауапкершілік
Тармақ 30
30. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады.
Тармақ 31. 200__ж. "31" желтоқсанға дейiн жарамды
31. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ережелердің баптарын бұзған кезде "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
"Алматы қаласындағы жасыл
желектерді қорғау мен күту
ережелерін бекіту туралы Ережеге
N 1 қосымша
Жасыл желектерді зертеу
АКТІСІ
200___ ж. "____" ____________
Көше _____________________________________________________________
__________________________________________________________________
аудан ______________________________________________ Алматы қаласы
Бiз, төменде қол қоюшылар, _______________________________________
уәкiлеттi органның
__________________________________________________________________
лауазымды тұлғасы (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
және тапсырыс берушiнiң өкiлi
__________________________________________________________________
түсетiн жасыл желектерге зерттеу жүргiздi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Нәтижесiнде анықталды:
Жасыл же-
лектердiң
тұқымдық
құрамы
Кесуге
кететiндерi
Қайта
отырғызу
саны
дм
саны
дм
кестенің жалғасы
Сақталатыны
Сапалық жағдайы
(нақты)
саны
дм
жақсы
қана
ғатлық
қана
ғатсыз
кестенің жалғасы
Кесуге кете
тiндерi
Қайта отырғызу
кестенің жалғасы
Сақталатыны
Сапалық жағдайы (нақты)
Осы акт _____ дана болып жасалды.
Ескертпе: Тексеру акті ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.
Тапсырыс берушiнi өкiлi алды ________ А.Ж.Т.
Уәкiлеттi органның
лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.
"Алматы қаласындағы жасыл
желектердi қорғау мен күту
ережелерiне" N 2 қосымша
Жасыл желектердi кесу, қайта отырғызу,
түзеу мен санитарлық сақтау үшiн
РҰҚСАТ
200__ж. "31" желтоқсанға дейiн жарамды
Тармақ 1
1. Кәсiпорынның аталуы (РНН)
Тармақ 2
2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.)
Тармақ 3
3. Участок
Тармақ 4
4. Орналасқан жерi
Тармақ 5
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
Тармақ 6
6. Жер учаскенiң меншiк түрi (ғ, күнi)
Тармақ 7
7. Уәкiлеттi органның зерттеу актiсi
Тармақ 8
8. Ағаш-бұтақ желектерiнiң нақты жағдайы (сапалы, сапасыз)
Тармақ 9. ҚОРЫТЫНДЫ
9. Алматы қаласы жасыл желек қорының өтемдiк қалпына келтiру бойынша мiндеттеме (кепiлдiк хат)
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкiлеттi орган (толық атауы) жасыл желектердiң жай-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес жоғарыда аталған ағаштарды кесудi келiседi, бұл жағдайда бiрiншi басшы?а мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
Тармақ 1
1. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау ережелерiн сақтай отырып, әшекейлi, бағалы желектердi отырғызу жолымен жасыл желектердi өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзуi қажет;
Тармақ 2. 200___ж. "31" желтоқсанға дейiн жарамды
2. Жапсарлас аумақтарда жасыл желектердi күту бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзуге тиiс;
Қосымша: ____________
Ескертпе: ____________
Уәкiлеттi органның
басшысы А.Ж.Т.
"Алматы қаласындағы жасыл
желектердi қорғау мен күту
ережелерiне" N 3 қосымша
Жасыл желектердi
түзеуге, санитарлық кесуге, штамбтық тазалауға
РҰҚСАТ
200___ж. "31" желтоқсанға дейiн жарамды
Тармақ 1
1. Кәсiпорынның аталуы (РНН) (тапсырушы)
Тармақ 2
2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырушы)
Тармақ 3
3. Сұрау салынып отырған участоктың қолдану бағыты
Тармақ 4
4. Орналасқан жерi
Тармақ 5
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
Тармақ 6
6. Жер учаскенiң меншiк түрi (ғ, күнi)
Тармақ 7. ҚОРЫТЫНДЫ
7. Уәкiлеттi органның зерттеу актiсi
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкiлеттi орган (толық атауы) жасыл желектердiң жай-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес жоғарыда аталған ағаштарды түзеуге, санитарлық кесуге, штамбтық тазалауға келiседi, бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
Жасыл желектердi күту, сақтау бойынша толық кешендi шараларын жүргiзуге тиiс.
Ескертпе: ____________
Уәкiлеттi органның
басшысы А.Ж.Т.
"Алматы қаласындағы жасыл
желектердi қорғау мен күту
ережелерiне" N 4 қосымша
200___ жылдың 1 қаңтарында дейiнгi
Алматы қаласы жасыл желектерiнiң
тiзбесi
Жасыл желек нысандарының алаңдарын жер санаты,
өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты
бойынша бөлу
Алматы қаласы
Әкiмшiлiк аудан: (код) ____________________________
Жауапты ие: _______________________________________
Жасыл желектердiң тiзбесi
Кесте
Нысанның
топографиялық
түсiрiлiмiнiң
реттiк,
түгендеу N
Жердiң
функционалдық
мақсаты,
тағайындаудағы
үлгi топтары,
жасыл желектер
(учаскелер)
нысандарының
аталуы
Жiктеулiк
Нысанның
(учаскенiң),
жасыл желектiң
алаңы, га
(ағаш-бұтақты)
А
Б
В
1
кестенiң жалғасы
Парк үлгiсiндегi жасыл желектер
Ағаш өсiмдiктерi, кбм. га/дана
2
3
4
5
6
жекелеген
ағаштар
Топтар,
алаң
қалай-
лар
Алқаптар
тоғайлар,
бақ, га
Аллеялар
қатарлар
Барлығы
га/дана
кестенiң жалғасы
Парк үлгiсiндегi
жасыл желектер
Бұтақ өсiмдiктерi
7
8
9
10
жекелеген
тiрi
тұқым
қатарлық
отырғызу
Барлығы
га/дана
кестенiң жалғасы
Ашық кеңестiк
Гүлзарлар, га
Газондар, га
жаз
дық
көп
жылдық
аралас
контей-
нерлiк
Барлы-
ғы
партер-
лiк
қара
пайым
топы
рақты
жамыл
ғы
Барлы-
ғы
11
12
13
14
15
16
17
18
19
кестенiң жалғасы
Парктiк
үлгiдегi
бүкiл өсiмдiк
Орман, табиғи үлгiдегi өсiмдiктер
Табиғи және
аралас үлгідегi
ағаш қаңқасы
Дақылдар
Табиғи дiңдер
20
21
22
23