О мерах по защите территорий и населения Западно-Казахстанской области от природных пожаров Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында тұрғындар мен аумақтарды табиғи өрттен қорғау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес, өрт қауіптілігі кезеңінде адамдардың қауіпсіздігін, шаруашылық нысандары мен және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етумен байланысты алдын-алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы аумағында табиғи өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары).
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері, департаменттер мен басқармалардың және тұрғындар мен аумақтарды табиғи өрттен қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға жауапты басқа қызметтердің басшылары:
Тармақша 1
1) осы Іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ететін тиісті нақты шараларды әзірлеуді және іске асыруды;
Тармақша 2
2) өрт қауіптілігі кезеңінде нысандардың тұрақты жұмыс істеуін;
Тармақша 3
3) штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік, ведомстволық өрт қызметтерінің, ерікті өрт құрамаларының, апаттан құтқару бөлімшелерінің және шаруашылық субъектілерінің қызметін үйлестіруді және жедел әрекет етулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне ірі дала және орман өрттерін сөндіруге апаттан құтқару және өрт бөлімшелерін дайындау және мемлекеттік өрт қадағалауды күшейту жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар басқармасына 2005 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бөлінген 747 300 (жеті жүз қырық жеті мың үш жүз) теңге сомасындағы игерілмеген қаржыны жанар-жағар май сатып алу үшін пайдалануға рұқсат етілсін.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті 2005 жылға арналған облыстық бюджетте кезек күттірмейтін шығындарға қарастырылған жергілікті атқарушы органдардың резервінен Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар басқармасына 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге, соның ішінде:
Тармақша 1
1) 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатымен облыс аумағында космостық мониторинг ұйымдастыру үшін;
Тармақша 2
2) 3 000 000 (үш миллион) теңге төтенше өрт қаупі бар аудандарға күштер мен құралдарды шұғыл жеткізуге және жанар-жағар материалдар қорын құру үшін қосымша бөлсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Б. Сытдықовқа жүктелсін.
Басқа 12. Батыс Қазақстан облысы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Oблыс әкімдігінің 2005 жылғы 28 мамырдағы N 170 қаулысымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ N Іс-шаралар Мерзімі Орындаушы 1. Шаруашылық нысандарда өрттерді сөндіруге қатысуға қабілеті бар елді мекендердің тұрғындарынан нормативке сәйкес ерікті өртке қарсы құрылымдарды құруды және дайындауды қамтамасыз ету: 1) жеке құрамның оқуын өткізу; 2) дала және ормандағы өрттің пайда болуы туралы тұрғындарға уақытында хабарлау, құрылымды жинақтау және өрт болған орынға жеткізуді ұйымдастыру; мамыр 2005 ж. Орал қаласының және аудандардың әкімдері. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті басқармасы (келісім бойынша). 2. Табиғи өртті сөндіруге тартылған ерікті өртке қарсы құрылымдарды қозғалыс құралдарымен, тамақпен және дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешу. мамыр 2005 ж. Орал қаласының және аудандардың әкімдері. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті. 3. Инженерлік техниканы дайындау, оны техникалық жарамды қалпында ұстай отырып, табиғи өртті сөндіру аудандарына жанар-жағар материалдарының қорын жедел жеткізуді қамтамасыз ету. мамыр 2005 ж. Орал қаласының және аудандардың әкімдері. 4. Өрт болған жерлерге тарту кезінде өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы мен апаттық-құтқару қызметі үшін мыналар ұйымдастырылады: 1) жеке құрамды уақытында ауыстырып отыру; 2) Орал қаласының және аудандардың төтенше жағдайлар жоспарының талаптарына сәйкес, өрт сөндіруге тікелей қатысушылардың қызмет көлігін жанар маймен қамтамасыз ету; 3) ұзақтығы 3 сағаттан астам өрт сөндіру болған кезде тамақтандыруды ұйымдастыру. Өрт кезінде Орал қаласының және аудандардың әкімдері. "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (келісім бойынша). 5. Өрт қауіптілігі кезеңінде орманшылық, орман шаруашылығы кеңселерінің жауапты қызметкерлерінен тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру. Өрт қауіптілігі жоғары орман алаптарына патрульдік маршруттар тәртібін жасап, оларды көлікпен, байланыс және өртті сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету. мамыр 2005 ж. Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша). 6. Өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман қоры аумағында тұрғындардың демалатын орынның анықтап, оның күзетін күшейту. мамыр 2005 ж. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. 7. Қолда бар өрт сөндіру және оған ыңғайластырылған техникаларға тексеру жүргізу, болуы мүмкін табиғи өрттерді сөндіруге олардың әзірлігін қамтамасыз ету. мамыр 2005 ж. Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы департаменті. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық облыстық басқармасы (келісім бойынша). 8. Ормандағы табиғи өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарта отырып, аудан жоспарларын жасау және оған түзету енгізу. мамыр 2005 ж. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Орал қаласының және аудандардың әкімдері. "Өрт сөндіру және апаттық- құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар басқармасы. 9. Жазғы маусым алдында демалыс базалары мен балалар лагерьлеріне өрт-техникалық қауіпсіздігіне бірлесіп тексеру жүргізу, олардың пайдалануға беру кезінде қабылдап алуға қатысу. мамыр- маусым 2005 ж. Орал қаласының және аудандардың әкімдері. Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті басқармасы (келісім бойынша). 10. Жоғары өрт қауіптілігі кезеңінде ормандарға авто көлікпен тұрғындардың кіруін шектеуі жөнінде шешім қабылдауға дер кезінде ұсыныстар енгізу, аудандық полиция бөлімдерінің мемлекеттік өртке қарсы қызметімен бірлесіп, орман алаптарының кіру жолдарына бекеттер қойылуын қамтамасыз ету. Өрт-химиялық стансаларына тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру. мамыр- қыркүйек 2005 ж. Орал қаласының және аудандардың әкімдері. Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстағы және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті басқармасы (келісім бойынша). 11. Орман қоры аумағында өрт сөндіргіш құралдармен және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған өзі жүретін және басқа да ауыл шаруашылық техникаларын, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде шаралар алу. мамыр- қыркүйек 2005 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті. Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. 12. Шаруа және фермер қожалықтарының орман алқаптарында, шабындықтарда, сабандарды, егін қалдықтарын, шөпті өртеуін және далалықтарда отты жағуды (соның ішінде ауыл шаруашылық палдарды өткізу) бақылаусыз жүргізуді болдырмау. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Орал қаласының және аудандардың әкімдері. Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). 13. Өрт қауіптілігі кезеңінде пайда болған дала өрттерінің орман алаптарына өтуін болдырмау мақсатында өртке қарсы 3 метрлік минералданған жол жасау және оларды 2-3 қайтара күту арқылы ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы жерлерінде орналасқан екпе ағаштары бойына шаруа және фермерлік қожалықтарымен іс-шаралар өткізуін ұйымдастыру. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Орал қаласының және аудандардың әкімдері. 14. Өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатымен облыс аумағында космостық мониторинг ұйымдастыру. Төтенше өрт қаупі бар аудандарға күштер мен құралдарды шұғыл жеткізу үшін жанар-жағар материалдар қорын құру. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар басқармасы. 15. Орманды қорғау мәселесі жөнінде демалыс үйлерде, балалар лагерьлерінде, ормандағы жұмысқа тартылған жұмысшылар мен оқушылар және тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұқаралық-ақпараттар құралдары арқылы далалық, орманды жерлерді өрттен қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және "Қазақстан Республикасындағы ормандарды өрттен қорғау қауіпсіздігі Ережелері" талаптарын бұзбау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар басқармасы. Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті басқармасы (келісім бойынша). 16. Өрт техникалық стансаларының жеке құрамына табиғи өртті сөндіру тактикасына және тәсілдеріне оқытуды және дайындықты жүргізу. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (келісім бойынша). 17. Ормандағы өрт жайында келіп түсетін хабарларды қабылдайтын пункттерді жабдықтау, олардың хабарлау тәсілдерінің мүмкіндігі туралы көрсеткіштер қондыру. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). 18. Өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы және орманда отты байқап қолдана білуіне ескерту, сонымен қатар қазіргі уақыттағы өрттің қауіптілігі туралы оқушылардың демалыс үйлері, санаторийларға, орман алаптары арқылы автожолдарға, тұрғындардың көп баратын жерлерге, ормандарға өртке қарсы тематикалық плакаттар қондыруды ресімдеу және қамтамасыз ету. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. 19. Табиғи өрттің алдын-алу бойынша орман алаптарына жағын орналасқан жерде ауыл шаруашылығы қызметін жүргізетін ауыл шаруашылығы мекемелері, сауықтыру мекемелері, ауыл шаруашылық кәсіпорындары өткізетін барлық шаралардың және жұмыстардың түрлеріне тексеру жүргізуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тексерудің қорытындысы бойынша шаралар алу. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Орал қаласының және аудандардың әкімдері. Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). 20. Саяжай қоғамдарының өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды, алауды жағуды болдырмауды, орман алаптарына жағын орналасқан саяжай телімдерінде қоқыстарды өртеуін болдырмауды қамтамасыз ету. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің басқармасы (келісім бойынша). 21. Болуы мүмкін табиғи Өрттерді сөндіру үшін күштерді және құралдарды тарту жоспарын жасап, оны атқару жөнінде тәжірибелік жаттығулар өткізу. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (келісім бойынша). 22. Орманды өртеу немесе зақымдау фактілері бойынша тергеу іс-шаралары және жедел-іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыру шараларын алу, сондай-ақ осы қылмыстарға байланысты істерді ашуды арттыру. Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. 23. Теміржол, автокөлік жолдары бойында, орман алқаптары, орман дақылдары төңірегінде, орманда орналасқан тұрғын үй және өндірістік объектілер төңірегінде өртке қарсы бағытталған 4 метрлік минералданған алқаптар жасау және оған өрт қаупі бар кезеңде 3 есе күтім беру (тез тұтанатын материалдардан тазарту, жол бойларындағы шөптерді шабу, алқаптарды жырту). Өрт қауіп- тілігі кезеңі аралығында Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасы (келісім бойынша). Батыс Қазақстан облысының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары департаменті. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының Орал тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша).