О выплате денежной компенсации инвалидам на бензин Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге бензин үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2002 № 703 қаулысымен. Бензиннiң қымбаттауына байланысты жеңiл автомобильдерi немесе мотокүймелерi бар мүгедектерге бензинге жұмсаған шығындарын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Медициналық айғақтамалары бойынша арнайы автокөлiгi бар Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, әскери қызметшiлер арасындағы мүгедектерге, еңбек жарақатынан, кәсiптiк және жалпы аурудан, бала кезiнен мүгедектерге, сондай-ақ тегiн берiлуге тиесiлi "Запорожец", "Таврия" автомобильдерi немесе қолмен немесе әдеттегiдей басқарылатын басқа модификациялары құны ескерiле отырып, автомобиль сатып алған Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, жеке меншiк ретiнде пайдаланып жүрген жеңiл автомобильдерi бар Ұлы Отан соғысының I және II топтағы мүгедектерiне 1992 жылғы 1 қазаннан бастап ай сайын төленетiн ақшалай өтемақы белгiленсiн. Ақшалай өтемақы автомобильдерге А-76 бензинiнiң 50 литр мөлшерiне және мотокүймелерге А-76 бензинiнiң 25 литрiне аталған аумақтың мұнай өнiмдерiн сату жөнiндегi кәсiпорындарының ағымдағы айдың бiрiншi күнiндегi қалыптасқан босатылатын бөлшек бағасы бойынша белгiленсiн. 📌 Ескерту. Бiрiншi тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.06.02. N 770 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 1-тармақтағы сандар өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.04.15. N 566 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi әкiмдер бензинге берiлетiн ақшалай өтемақыны жергiлiктi бюджеттерден әлеуметтiк қамсыздандыруға жұмсалатын қаржының шегiнде төлеудi қамтамасыз етсiн. Еңбек жарақатынан және кәсiптiк аурудан мүгедек болғандарға бензин үшiн ақшалай өтемақы денсаулығына зиян келтiрген кәсiпорынның есебiнен төленедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мүгедектерге бензин үшiн төленетiн өтемақының мөлшерiн көбейту туралы" 1992 жылғы 11 тамыздағы N 667 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.