Об утверждении Правил благоустройства, соблюдения чистоты и организации уборки,санитарной очистки, охраны земель и зеленых насаждений на территории Глубоковского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Глубокое ауданы аумағында жайлыландыру, тазалық сақтау және тазалауды ұйымдастыру, санитарлық тазалау, жерлер мен жасыл алқаптарды қорғау Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бап 2 тармағына сәйкес Глубокое аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қосымша беріліп отырған Глубокое ауданы аумағында жайлыландыру, тазалық сақтау және тазалауды ұйымдастыру, санитарлық тазалау, жерлер және жасыл алқаптарды қорғау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім күшіне Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде тіркелген күннен бастап енеді.
Басқа 3. Глубокое ауданын жайлыландыру, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Ережелері
2005 жылғы 2 маусымдағы Глубокое аудандық мәслихаттың № 14/8-III шешіміне қосымша Глубокое ауданын жайлыландыру, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Ережелері Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-11 «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жасалған және Глубокое ауданы аумағындағы жерлер мен жасыл алқаптарды қорғау, жинау, санитарлық тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты сақтау, жайлыландыру саласында жеке және заңды тұлғалардың қатынасын реттейді. Ауданның елді мекен аумағын жазғы және қысқы мерзімдерде жинау тәртібін анықтау, жаяу жүргіншілердің, көліктердің қауіпсіз қозғалыстарына қажетті жағдайлар мен тазалықты қамтамасыз ететін жинау жұмыстарын орындауда талаптарды орнату, аудан аумағында жайлыландыру мен санитарлық жағдайды бұзушылыққа, сыртқы жарықтандыру, жарнама нысандарының, жасыл алқаптардың, елді мекен ішкі құрылымдарының басқа да нысандарының жағдайына жауапкершілік осы Ережелердің мақсаты болып табылады. 1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар 1. Осы Ережелерде келесі ұғымдар пайдаланылады: Аумақтық жайлыландыру - аудан аумағында адамның қолайлы да жайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтер кешені; Инженерлік тораптар мен құрылымдар – елді мекендерді және кәсіпорындарды жылумен, сумен, электр қуатымен, телекоммуникациялармен, сонымен қатар аудан аумағындағы жер бетіндегі суларды жинау және жіберуге арналған аумақтың жайлылығының негізгі инженерлік элементтері; Жасыл алқаптар - санитарлық - гигиеналық және экологиялық жағдайларды, жайлыландыру мен сәулеттік - ландшафтық безендіру (гүлзарлар, ағаштар, бұталар) деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін қаланың жоспарлау шешімінің элементтері; Жер жұмыстары - аумақты қазу, құм себу, қайта себу, қазандықтарды жасауға, ауданды жоспарлауға байланысты жұмыстар; Жерді пайдаланушы - меншік түрі мен мақсатына қарамастан (кәсіпорын, ұйым, коммерциялық құрылым, жеке кәсіпкер, үй иеленушілер, жалға алушылар, жеке меншік пәтерлер кооперативтері және басқалары) елді мекендер шегіндегі жер учаскелерін пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға; Үй иеленуші - жеке меншігіндегі үй құрылысы бар жеке немесе заңды тұлға; Бөлінген аумақ - жер пайдалаушыға меншікке берілген немесе өкілетті органдардың шешімімен сәйкес оған жататын нысандарды (ғимараттарды, құрылымдарды, көлік магистралдарын және басқаларын); Бекітілген аумақ - өкілетті органдармен күтім және қызмет көрсету үшін жеке немесе заңды тұлғаға бөлінген аумақ құрамында пайдаланып отырған жер учаскесі; Елді мекендер шегіндегі бекітілген аумақтар болып табылады:
Тармақша 1
1) көшелердің аумақтары (жаяу жүргіншілер жолы, гүлзарлар, басқа да жайлыландыру элементтері);
Тармақша 2
2) меншік пәтерлердің кооперативтеріне; кондоминиумдарға және басқаларына бөлінген (бір аулада бірнеше жер иеленуші болғанда бекітілген аумақ шегіне қатысты немесе жақтардың келісімімен анықталады) аулаішілік аумақтар;
Тармақша 3
3) бөлінген аумақтың периметрінен 10 метр қашықтықтағы, ал көше жақтан - көшенің «қызыл сызығынан» аспайтын аумақ; көше-көлік жолдары, жаяу жолдар, жасыл алқаптар, аялдамалар, жерасты және жерүсті инженерлік тораптар орналасқан аумақ; қоғамдық орындар - жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, алаңдар, жағажайлар және басқа да нысандар; Құрылыс салынбаған аумақ-жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін жерасты және жерүсті құрылыстарының барлық түрлері жасалмаған аумақ;
Тармақша 4
4) Осы Ережелердің мақсаты аумақта адамның қолайлы, жайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ететін, ауданның едді мекендерінде санитарлық жағдайды сақтау, жер жұмыстары өндірісі мен жасыл алқаптарды қорғау, жайлыландыру ретін анықтау болып табылады.
Тармақша 5
5) Тазалық пен тәртіпті үнемі сақтауды қолдау мақсатында кәсіпорын, мекемелер қоғамдық және кооперативтік ұйымдар ұжымдарының, үй тұрғындарының бөлінген және бекітілген аумақтарды жинауға және жасыл алқаптарды күтіп-баптауға қатысуы міндетті деп саналады.
Тармақша 6
6) Кәсіпорындар, меншік түріне қарамастан, жеке үй иеленушілер бөлінген және бекітілген аумақтар шекарасын өз есебінен сәулеттік және санитарлық нормаларға сай етіп ұстауға міндетті:
Тармақша 1
1) тұрғын үй, мәдени-түрмыстық, әкімшілік, өндірістік және сауда ғимараттары, автобекеттер, әуежайлар, стадиондар және оларға енетін басқа да нысандар;
Тармақша 2
2) көшелер, алаңдар, көлік жолдары, аула аймақтары, жаяу жолдар, жағажайлар, демалыс аймақтары, және көпшілік демалыс орындары, базарлар мен сауда алаңқайлары, аудан аумағындағы жатқан бейіттер, автомотокөліктер тұрағы;
Тармақша 3
3) қоршаулар, дуалдар, газон қоршаулары, жарнама мен жарнаманың барлық түріндегі қондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштердің сәндік қосымша жарықтандыру қондырғылары, көшенің жарықтандыру шамдары, тауар мен басқа заттардың үлгілерін көрсететін орындар, тірек бағандары, көше сағаттары, мемориалдық тақталар, көше атауларынынң көрсеткіштері, үйлердің нөмірлік белгілері, бақ-саябақтық орындықтар, қоқыссалғыштар, тіркемелер, қорапшалар, ағаш отырғызу алаңқайлары және жолаушы көліктері аялдамаларындағы павильиондар;
Тармақша 4
4) Су құбырлары, трансформатор қондырғылары, көшелер мен алаңдардың жол қозғалысын реттеуші белгілер, радиохабарлары қондырғылары, антенналар, телефон байланысының күрке-орындары, қайық, қтқару бекеттері және санитарлық, гидротехникалық, инженерлік-техникалық жабдықтар;
Тармақша 5
5) Бөлінген және бекітілген аулалық аумақтар: оларды үнемі жайлыландыру, жинау, жөндеу, сыпыру, суару, жуу, қар мен қоқыстарды шығару, құм себу, су атыздары мен кәріздерді тазарту, қоқыстар мен капырақтарды өртеуге жол берілмеуі керек.
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес, жасыл алқаптар ведомстволық қатарына қарамастан, қол сұғуға болмайтын қор болғандықтан және заңмен қатаң қорғалатындықтан жасыл алқаптарды аялап сақтау керек;
Тармақша 7
7) Агротехникалық шаралар кешенін толық жүргізу: суару, діңгектерді әктеу, түбірлік өскіндерді қырқу, тыңайтқыштарды себу, діңгек түбін қопсыту, жарақаттардың бетін жабу және заласыздандыру, қуыстарды бекіту, газондарды қырқу;
Тармақша 8
8) Зиянды және өсіруге болмайтын (поливкалар, амбриозиялар, кендірлер т. б.) арамшөптерді жою жұмыстарын өз күштерімен немесе мамандандырылған қызмет түрлерімен келісім жасап, жүйелі жүргізу;
Тармақша 9
9) Жыл сайын сәуір-мамыр айларында елді мекен аумағын жайлыландыру және санитарлық тазалау айлықтарын өткізу.
Тармақша 10
10) Жерасты байланысы иелеріне жөндеу жұмыстарынан кейін бұзылған жабдықтарды қалпына келтіруді уақытында жүргізу.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындар (барлық меншік түріндегі), мекемелер, қоғамдық үйымдар, заңды түлғалар, ғимаратты иеленушілер немесе жалдаушылар, азаматтар бөлінген немесе бекітілген аумақты жинауды өздері жүргізеді және қоқыс үймесіне өздері шығарады немесе аула тазалаушы бірлігін үстайды немесе бүл жұмыстарды мамандандырылған кәсіпорындармен келісім негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жетілдірілген жабуы бар алаңдар мен көшелердің көлік жүретін бөліктерін механикаландырылған жинау жоспарлы түрде және қажеттілігне қарай жүргізіледі. Түнгі уақытта жүргізілетін тазалау кезінде (мерзіміне қарамастан) болатын шудың алдын алу шаралары қабылдануы тиіс.
Тармақ 7
7. Көшелердің жол бойында «қызыл сызық» шегінде қоғамдық көлік қозғалысына жақын жатқан газондарды, жаяу жолдарды, құламаларды, қиылыстарды автобус аялдамаларының отырғызу алаңдары мен қалтарыстарын, автожол көпірлерін, жол өткелдерін, жерасты жолдарын, саябақтарды, бақтарды, бульварларды, бейіт аумақтарын, (жекеменшіктен басқа) тазалау бюджет қаражатынан жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Теміржолдар және көпірлер, қүламалар, үймелер, темір жол қиылыстары, шеткі рельстен 10 метр ендіктегі аумақ осы құрылыстарды пайдаланып отырған темір жол ұйымдарының күшімен және қаражаттарымен қаржыланады.
Тармақ 9
9. Автобекет пен оған бекітілген аумақты ұстау және жинау осы нысанның басшылығымен жүзеге асырылады. 10. Инженерлік-техникалық және гидротехникалық құрылыстарға (Сауда жасаушы ұйымдар, сауда орындары бар жеке тұлғалар және газольерлер, ТП және тағы басқалары) жататын аумақтарды ұстау және жинау осы құрылыстар жерлеріне жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. халыққа басқа да қызмет көрсету орындарын иеленушілер, сонымен қатар жалдаушылар осы ғимараттарда күні бойы тазалық сақтап және жұмыс аяғында 10 метр радиус аралығында лас заттардан және қоқыстардан тазалауды жүргізеді. Ұсақ сауда дүңгіршектері мен павлиьондар маңайын қораптар мен тауар соймаларына айналдыруға және бекітілген аумақты қойма ретінде пайдалануға болмайды.
Тармақ 12. 2. Елді мекендер аумағын жинау тәртібі
12. Тұрмыстық қатты қалдықтар алаңы мен қоғамдық әжетханалар меншік субъектілермен қалыпты жайда ұсталады. 2. Елді мекендер аумағын жинау тәртібі
Тармақ 13
13. Базар алаңдарына жататын базар аумағына жинауды, қалдық үймелерін тазалау және қалыпты жағдайда ұстау базар иелерімен жүзеге асырылады. Базар аумағын сыпырудан басқа, жылдың жылы күндерінде жуу да жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жағажайлар, демалыс аймақтары, көпшілік серуендеу орындары жайлыландыру жобасына сай жасалған болуы керек:
Тармақша 1
1) қоғамдық әжетханалар бір орынға 75 пайдаланушы есебінен, ал жағажайларда суға түсетін орыннан 200 метрден кем емес қашықтықта орналастыру керек;
Тармақша 2
2) қоқыссалғыштар 40 метрден аспайтын аралықта;
Тармақша 3
3) қоқыс үймелері 3500-4000 шаршы метр көлеміне бір контейнер, шешінетін орындар, киім қоятын орындар.
Тармақ 15
15. Жағажай, демалыс аймақтары, көпшілік серуендеу орындарын жинау және жыл сайынғы таза құм не малтатас себу, қоқыс қалдықтарын жинай отырып, құмның беткі қабатына механикаландырылған қопсыту жүргізуді осы аумақтар заңды түрде бекітілген ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Жағажайда, демалыс орындарында, бақтарда, саябақтарда және көпшілік серуендеу орындарында орналасқан сауда нүктелерін жинау және жиналған қоқысты шығаруды сауда жасаушы ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Стадиондар мен спорт алаңдарын ұстау және жинау баланста ұстаушының техникалық қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Бөлінген және бекітілген кооперативтік гараждарды, саяжайларды, жасыл алқаптары бар бау-бақша қоғамдарын ұстауды және жинауды 10 метр аралығында қоқыс үймелері бар қоғамдар, меншік иелері, кооперативтер жүргізеді.
Тармақ 19
19. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары аулаларында темір гараждар кен қоймалар орнатуға тиым салынады. Өз еркімен орнатылған гараждар мен қоймалар алынып тасталады.
Тармақ 20
20. Бейіт аумақтары қоршалулы тиіс, көлік жүретін жерлерде қатты жабу, қоқыс үймесі болуы қажет.
Тармақ 21. 3. Қоқыстарды және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен шығару реті
21. Жануарларды ұстаумен және өсірумен айналысатын кәсіпорындар мен шаруашылықтар иелері көң және басқа да қалдықтар үймесін оларды ұстау аумақтарынан арнайы бөлінген орындарға шығаруға міндетті. 3. Қоқыстарды және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен шығару реті
Тармақ 22
22. Тұрғын үйлерден, кәсіпорындардан, сауда және қоғамдық тамақтану орындарынан, балалар оқыту, емдеу мекемелерінен, мәдениет орындарынан, қоғамдық ұйымдардан шығатын қоқыстар мен тұрмыстық қатты салдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтар алаңдарына шығару өз күштерімен емесе арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен келісе отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Қоқыс жинайтын контейнерлерді орналастыру үй иелерімен, кәсіпорындармен, жеке тұлғаламен өз баланстарында ұстайтын жамандандырылған кәсіпорындармен келісе отырып жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Контейнерлер орналастырылатын алаңдар үшін су өтпейтін қатты жабу мен жақын келу жолдары болуы керек, құрылыстардан 20 метр қашықтықтан кем емес, бірақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен мемлекеттік санитарлык-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының келісімімен 100 метрден аспайтын жерге алыстатылуы тиіс және үй иеленушілер және басқа да жер пайдаланушылармен ұсталады.
Тармақ 25
25. Контейнерлер, қоқыс үймелері, контейнер алаңдары баланс ұстаушылармен уақытында тазаланып, қалыпты және залалсыздандырылған жағдайда ұсталынуы тиіс.
Тармақ 26
26. Қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен шығаруды қарастыратын, белгіленген мерзімде оларды ешбір мәлімдемесіз кенттерде шығарып отыратын, ұдайы-жоспарлы жүйе қолданылады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй мөлтек аудандар үшін - мамандандырылған кәсіпорындардың келісімімен қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтар үймелерін қоқыс үйетін орындарға (контейнерлер, эстакадалар) және т.б. үй иелері белгіленген кестеге байланысты шығаруы керек.
Тармақша 2
2) Мәдени және қоғамдық маңызы бар нысандарды- қажеттілігіне қарай аптасына 2 реттен кем емес;
Тармақша 3
3) Ірі көлемді тұрмыстық қатты қалдықтарды, металл сынықтарын, бұтақтарды, сыпырындыларды шығару өтініш бойынша жүргізіледі;
Тармақша 4
4) Жеке жағдайларда, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстарды қолмен тиеуге арнайы жабдықталған автокөлікте қатаң сағаттық кестемен шығару жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) Барлық меншік түрлеріндегі құбырланбаған нысандардың бетон жабуы болуы керек және мамандандырылған кәсіпорындармен тұрып қалған сұйықтарды шығаруға келісімі болуы керек;
Тармақша 6
6) әжетханалар мен қазба шұңқырларға және ТҚҚ жинайтын орындарға көліктің жақындап келуін қамтамасыз ету үйлерді және үй маңындағы жер учаскелерді жеке меншігінде иеленуге құқығы бар азаматтармен жүзеге асырылады;
Тармақша 7. 4. Аумақты қысқы жағдайда тазалау мен ұстау
7) арнайы мамандандырылған кәсіпорындармен байланысы жоқ жеке тұлғалар, кәсіпорындар тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстарды қалалық қоқыс үймесіне өздерінің арнайы жабдықталған көліктері бар азаматтармен жүзеге асырылады; Қоқыс қалалы қоқыс үймесіне шығару фактілері сәйкес құжаттармен бекітілуі тиіс. 4. Аумақты қысқы жағдайда тазалау мен ұстау 27.16 қарашадан 15 сәуірге дейінгі мерзімде қала аумағында қоқыстар, қар, мұз, құм шығару таңертеңгі сағат 06.00-ден 21-ге дейін, қажеттілігіне қарай күні бойы жүргізіледі. Ауа райы жағдайына қарай жинау тәртібі өзгеруі мүмкін.
Тармақ 28
28. Қар күреу жумыстары барлық меншік субъектілерімен қар жауу басталғаннан, қар басып қалмас үшін, қар жауу аяқталғанша, үздіксіз жүргізілуі тиіс. Жаңа жауған қарды барлық көшелер мен алаңдарға, қар жауып болған соң бірден шығарылатындай, үймелер үюге рұқсат етіледі. Көлік жолдарына, жаяу жолдарға қар үюге, қар мен мұзды ағаш отырғызатын газондарға үйіп тастауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 29
29. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы, су ағатын құбырлардағы, мұз сүңгілерін алу жұмыстары жаяу жүргіншілері кайғылы оқиғалардан сақтау және жасыл алқаптарды, шамдарды, ауа торларын зақымдауды болдырмаудың алдын алу шараларын сақтай отырып, ғимараттар мен құрылыстарды иеленушілер мен жалға алушылардың күштерімен жүйелі түрде жүзеге асырылады. Шатырлардан тасталған қар тез арада шығарылуы тиіс. Қар, мұз шығару нысандар мен аумақтарды ластауды болдырмау мақсатында жергілікті басқару органдарымен анықталған арнайы бөлінген орындарға шығарылады.
Тармақ 30
30. Көшенің көлік жүретін бөліктеріне, жаяу жолдарға, жолдың жаяулар өтетін бөлігіне, ылдилар мен өрге, көпірлерге, сатылы тізбектерге механикаландырылған тазалау және құм себу жұмыстарын мамандандырылған кәсіпорындармен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар, меншік түріне қарамастан, бөлінген аумақтарда механикаландырылған қар тазалау және жаяу жолдарға, алаңдар мен кісі көп өтетін жолдарға құм себу жұмыстарын арнайы кәсіпорындармен келісім бекітіп отырып немесе өз күштерімен жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Жер пайдаланушылар өздеріне бөлінген немесе бекітілген аумақтарда көктайғаққа қарсы шараларды (мұздарды, қарды ою, тайғақ жерлерге инертті материалдар себу) қарастыруға міндетті.
Тармақ 33. 5. көшелерді, жолдарды, жол құрылыстарын пайдалану тәртібі, оларды қорғаудың мәні мен реті
33. Көшені қардан тазалауда автокөліктерді бөгет жасайтын апатты тұрақтарға қоюға тыйым салынады. 5. көшелерді, жолдарды, жол құрылыстарын пайдалану тәртібі, оларды қорғаудың мәні мен реті
Тармақ 34
34. көшелер мен жолдар, олардың құрамына кіретін барлық құрылыстар, мемлекеттік меншік болып табылады және ортақ пайдалануға арналған. Көшелерді, жолдарды, жол құрылыстарын пайдалану, оларды қорғаудың мәні мен реті жол қозғалысы Ережелеріне сәйкес қабылданған осы Ережелерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 35
35. Көшелер мен инженерлік құрылыстарды пайдаланатын барлық пайдаланушылардың міндеті көлік құралдарының тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 36
36. Көшелер мен инженерлік құрылыстарды пайдаланушылардың барлығына мынадай тыйымдар салынады:
Тармақша 1
1) Көшелерге, жолдарға, жол құрылыстарына, белгілерге, жол қозғалысын реттеуші мүліктерге, жасыл алқаптарға және басқа да жол құрылымдарына зиян келтіру;
Тармақша 2
2) Көшелер мен жолдарды құрылыс материалдарымен, көліктермен басқа да заттармен қоршау, үю;
Тармақша 3
3) Белгіленген шектен тыс жұмыстар жүргізу;
Тармақша 4
4) Ағаштарды, бұталарды, газондарды, құдық қақпақтарын, су өтетін торларды, қорапшалар мен ойыстарды, өткізгіш тұрбалар мен кәріздерді құрылыс материалдарымен немесе топырақпен жабу;
Тармақша 5
5) Құбырлық, өндірістік және ағын суларды көшелердің көлік жүретін бөлігіне жіберу, көлік жуу;
Тармақша 6
6) жол қабатын бұзумен байланысты жұмыстарды келісімсіз жүргізуге;
Тармақша 7
7) көшенің көлік жүретін бөлігін сазбен ластайтын тазаланбаған көлік құралдарын шығаруға;
Тармақша 8
8) жалпы көлемі, салмағы мен ауырлығы ГОСТ-та бекітілген нормалардан асатын немесе тыйым салу белгілерінде көрсетілгеннен жоғары көлік құралдарының көшелер мен жол бойымен жүруі;
Тармақша 9
9) көлік құралдарының және басқа техникалардың кіруі мен шығуы және жолдың белгіленбен жерлерімен немесе бордюр тастарының үстімен өтуі;
Тармақша 10
10) көлік құралдарының жаяу жолдарда, жүргіншілер жолдарында, бөлу сызықтарында, газондарда, тұрғын үйлердің ортақ пайдалану орындарында, дүкендерде, дәріханаларда, базарларда, қызметтік ғимараттарда қойылуы;
Тармақша 11
11) көшелер мен жолдарды ластайтын ұнтақ және басқа заттарды сәйкес қаптаусыз көлікпен өткізу;
Тармақша 12
12) шынжыр табанды техниканы, ерекше жағдайдан басқа, көшелер мен көлік жолдарын қардан және қар үймелерінен тазалауда жүргізу; 37. Қала көшелерінің жол жабуларының сақталуын қадағалау баланс устаушылармен және қалалық ішкі істер басқармасының жол полициясы бөлімімен, үнемі тексеру мен үздіксіз қадағалау төмендегі мақсатта жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) қаланың көлік және жаяу жүргіншілерінің тәулік бойы, үзіліссіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жол жабуларының мезгілінен бұрын істен шығуын және бұзылуының алдын алу,
Тармақша 3
3) қала көліктерінің даму талаптарына сәйкес қала жолдарын жүйелі түрде жақсарту;
Тармақша 4. 6. Ауданның елді мекен аумақтарында шағын сәулеттіқ нышандарды орнату және сақтау тәртібі
4) жол жабуларының қалыпты жағдайдан ауытқуын, зақымдануын және ақауларын уақытында анықтап, оларды жоюға, ерекше жағдайларда (көлік жолының түсіп кетуі, көктайғақ, көшелер мен жолдардың апатты жағдайлар салдарынан зақымдануы) қозғалысты қалыпты жағдайда түсіруге жедел шаралар қолдану үшін жолдардың жеке бөліктерімен көліктердің жүруін тежеу немесе оған тыйым салу; 6. Ауданның елді мекен аумақтарында шағын сәулеттіқ нышандарды орнату және сақтау тәртібі
Тармақ 38
38. Сыртқы жайлыландыру элементтері, оның ішінде ғимараттардың алдын әсемдеу, елді мекендер аумағындағы құрылыс ретін анықтайтын Ережелерге сай орындалуы тиіс.
Тармақ 39
39. Қоршаулар, дуалдар, дүңгіршектер, шатырлар, павильондар, қоқыссалғыштар, бақ-саябақ орындықтар, жарнамалық қондырғылар, маңдайшалар, түрлі көркемдік және басқа да құрылғыларды безендіруге аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің келісімімен кейін ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 40
40. Сыртқы жайлыландырудың барлық элементтері ақаусыз қалыпта сақталып, жылына бір реттен кем емес, жаңартылып отырылуы тиіс.
Тармақ 41
41. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақтарда, саябақтарда, автобекеттерде, әуежайларда, көліктер аялдамасында және басқа жерлерде, халық көп жиналатын орындарда, жеткілікті мөлшерде бір-бірінен 40 метр қашықтықта, адам аз жүретін орындарда 100 метр аралығында қоқыссалғыштар орналасуы тиіс. Көлік аялдамасы орындарында, дүкендер, дүкеншіктер, дүңгіршіктер, жаңайларында, подъездер алдында қоқыссалғыштар міндетті түрде орнатылуы тиіс. Берілген және бекітілген аумақтарда қоқыссалғыштарды иеленушілер аудандық бюджет есебінен жалпыға бірдей пайдаланылатын жерлерге орнатулары керек.
Тармақ 42
42. Қоқыссалғыштарды толтыру шегі % көлемінен аспауы керек. қоқыссалғыштардың таза және бір қалыпты ұсталуы мен олардың бөлінген және бекітілген аумақта сақталуына-жерді пайдаланушылар, ал ортақ пайдаланылатын жерлерде бұл аумақтарды жинауды аудандық бюджет қаржылары есебінен келісім бойынша жүргізетін кәсіпорындар жүргізеді.
Тармақ 43
43. Тұрғын үй, қызметтік, кәсіпорындық және басқа ғимараттар, құрылым иелері кәсіпорын атауы екі тілде жазылған маңдайшаларды орнатуға және оларды дұрыс қалпында сақтауға міндетті.
Тармақ 44. 7. Жол жабуларының, жүргіншілер жолдарының, газондар мен басқа да нысандардың бұзылуына байланысты жүргізілетін жұмыстар реті.
44. Жарнамалық қондырғылар, маңдайша жазулары және басқа да көрнекті құралдарды иеленушілер ортақ стильде, көркем, қажетті мөлшердегі ақпаратпен орындалулары тиіс. 7. Жол жабуларының, жүргіншілер жолдарының, газондар мен басқа да нысандардың бұзылуына байланысты жүргізілетін жұмыстар реті.
Тармақ 45
45. Заңды және жеке тұлғалар жерге байланысты жұмыстарды не жол жабуларының, жүргіншілер жолдарының, газондар мен басқа да нысандардың бұзылуына байланысты жүргізілетін жұмыстарды уәкілетті органнан берілген жазбаша рұқсаты болған жағдайда ғана іске асыра алады. 46. Инженерлік тораптардағы жедел жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін апатты жағдайларда: жол жабуларын аршу, көшелерді, алаңдарды және басқа да ортақ қолданыстағы орындарды қазу үшін келісім беретін ұйым өкілдерін шақырту қажет. Жұмыс тек сол жерге жұмыс жүргізуге рұқсат (ордер) алғанда ғана жерлерде материалдар қоймасы немесе басқа да бір мүліктері болса, бірінші талап етуге өз күштерімен сол учаскені босатулары қажет. Жеке және заңды тұлғалар, меншік түріне қарамастан апат болған жерлерде материалдар қоймасы немесе басқа да мүліктері болса, бірінші талап етуде өз күштерімен сол учаскені босатулары қажет. Ауданның аса маңызды нысандарының (ауруханалар және т. б.) қызметін қамтамасыз ету үшін, тез арада жоюды талап ететін апаттарда 24 сағат жұмыс істеуге рұқсатты (ордер) соңынан рәсімдеуге ұйым өкілдерінің келісімімен апатты жою жұмыстарын рұқсатсыз бастауға болмайды.
Тармақ 47
47. инженерлік тораптарды, жүргіншілер жолдары мен т.б. құрылыстарды салу немесе қайта салу немесе қайта салуды жоспарлаған заңды немесе жеке тұлғалар алдағы жоспарланатын жылдың 1 наурызына дейін қажетті сызбаларды қосымшасымен жұмыстың белгіленген мерзімін көрсете отырып, өкілетті органдарға өтініш беруі қажет. Өтініш бермеген ұйымдар жер жұмыстарын жүргізуге жіберілмейді.
Тармақ 48
48. Жерасты инженерлік тораптарды қайта құрастыру, төсеу жұмыстарын көше, алаң және басқа да ортақ пайдалану орындарының құрылыстарымен байланыстыру үшін және ұйымдастырудың келесі бес жылында асфальтты-бетонды жабуын аршымас үшін, осы жұмыстарды белгілеушілер жоспарланатын жылдың алдындағы 1 наурызынан кешіктірмей ауданның тұрғын үй -коммуналды шаруашылық бөліміне жұмыстың жүргізілу мерзіміне белгіленген және трасса мен оған қоса мекенжай тізімі бар қосымшасымен өтініш беруі қажет.
Тармақ 49
49. Көше жұмыстарын жүргізу кезінде көлік қозғалысын тоқтату немесе қысқартуға байланысты, тапсырушы аудан әкімдігінен автокөлік қозғалысын тоқтатуға сәйкес өкім хаттайды, ал қажет болса, қоғамдық көлік қозғалысының реті өзгергені жайлы көпшілік ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға хабарлайды.
Тармақ 50
50. Нысан, рұқсат қағазында көрсетілген жұмыстың аяқталу мерзімінде өз қалпына келтіруі қажет. Мерзімі аяқталған рұқсат қағазымен жұмыс істеу өз еркімен қазбалау болып табылады. Рұқсат қағазын ұзарту осы Ережелерді бұзған кінәлінің жауапкершілікке тартылуынан кейін жасалады.
Тармақ 51
51. Инженерлік тораптар мен құрылғыларды зақымдап алмау үшін қажетті мүдделі ұйымдар өкілдерін шақырып, сәйкес тораптар мен құрылғыларды нақты орналасқан жерін бекітіп және сол қалпында сақтау шараларын жасауы қажет.
Тармақ 52
52. Жұмыс жүргізуші жұмыстарды бастамас бұрын мыналарды орындауы қажет:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңдары бекітілген үлгідегі ескерту белгілерімен барлық периметрлері бойынша тығыз қоршаумен қоршалуы тиіс, шығатын көліктермен көшені ластамайтындай жайлы орналастыруы тиіс;
Тармақша 2
2) көлік жолдары қосалқы көшелерге шығуы керек және шлагбауммен жабдықталуы тиіс;
Тармақша 3
3) құрылыс мерзімінде немесе күрделі жөндеу кезінде құрылыс ұйымдарына негізгі магистральдің 600 метр ұзындықтағы жол учаскесінің екі жағы құрылыс нысанынан ластанудан күнделікті тазалау үшін бекітіліп беріледі;
Тармақша 4
4) жаяулар жүретін жерлерде жаяулар өтетін көпірлер бір-бірінен 200 метр аралықта орнатылуы тиіс және күрделі жөндеу мен құрылыс учаскесі түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
Тармақша 5
5) ағын сулар құбырларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
Тармақша 6
6) жұмыс жүргізілген аймақта жасыл алқаптар болған жағдайда олардың сақталуына кепіл болатындай тығыз қоршаулармен қоршалуы тиіс;
Тармақша 7
7) көлік өтетін жолдарды немесе жаяу жүргіншілер қозғалысы жолдарын жабу қажет болғанда айналма жолдарды алдын ала анықтау және айналма жолды сәйкес белгілермен белгілеу қажет;
Тармақ 53
53. Жұмыстарды жүргізу істегі нормалар мен ережелерге, сонымен қатар рұқсат қағазда көрсетілген талаптарға сай жүргізіледі.
Тармақ 54
54. Жол жабуларын аршылған, қайта төсеуге жарамайтын асфальттар жұмыс барысында арнайы белгіленген орындарға шығарылады. Бордюр және жаяу жолдар тастары алынып, тізіледі және қайта пайдалану актісімен кинақталып, өткізіледі. Жасыл алқаптарды, су өтетін торлар, қорапшалар және т.б. топырақпен немесе басқа құрылыс материалдарымен басылып қалмауы керек. Аталған құрылыс бөліктерін қорғау үшін құдықтар мен люктерде кететіндей ағаш қорғандар мен қораптар қолданылуы керек.
Тармақ 55
55. жерасты тораптары мен құрылыстарын, сыртқы жайлыландыру элементтерін бұзғаны үшін жауапкершілікті рұқсат қағаз алған ұйым өз міндетіне апады. Әрбір зақымдалған жағдайда мүдделі ұйымдар өкілдерімен зақымдалу себебі, кінәлілер, зақымдалуды жою шаралары, қалпына келтіру жұмыстарының құны және мерзімі көрсетілетін акт құрады. Зақымдалуды жоюдың техникалық талаптары мен мерзімі орындалмаған жағдайда кінәлі тұлғалар қалпына келтірудің барлық құнын қайтарады. Бұзылған жабулар мен жайлыландыру элементтерін қалпына келтіру топырақ төсеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін 2 тәуліктен кейін басталуы тиіс. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына жауапкершілік рұқсат қағазын алған ұйымға жүктеледі.
Тармақ 56
56. Зақымдалған және бұзылған нысандарын қалпына келтіру. Аудандық бюджет есебінен жүргізілген жағдайда барлық шығын қағазын алушы ұйым есебінен қайтарылып беріледі.
Тармақ 57
57. Жерасты жүргізу мерзімі күнтізбелік кестеге сәйкес құрылыстың ұзақтығының істегі нормаларына сай бекітіледі. Жерасты байланыстары қозғалысы немесе күрделі жөндеу жұмыстарының жұмыс ұзақтығы екі айдан мерзім болғанда рұқсат қағаз аумаққа жасалатын барлық жұмыс аяқталуына байланысты беріледі.
Тармақ 58
58. Жол жабулары, жаяу жолдар мен алаңдардың бұзылуына байланысты жүргізілген құрылыстар мен күрделі жөндеуден кейінгі 5 жыл 10 ішінде, ерекше жағдайларда аудан әкімінің рұқсатымен ғана, жұмыс жүргізуге тыйым салады.
Тармақ 59
59. Қазылған жерлердің жабуын қалпына келтіруге тек өкілетті органның жұмысты қабылдауынан кейін ғана рұқсат етіледі. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына, жабудың отырып қалуы және бұзылуына жауапкершілікті қазуды жүргізген ұйым алады.
Тармақ 60
60. Жұмыс жүргізу жағдайлары бұзылған, қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі бұзылған жағдайларда өкілетті орган басталған жұмысты тоқтатуға құқығы бар, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, жасалған зиян шығынын қайтаруға, кінәлі тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға шаралар қабылдауға құқығы бар.
Тармақ 61
61. Орындалған қалпына келтіру жұмыстарының сапасын өкілетті органдар қабылдайды.
Тармақ 62. 8. Жасыл алқаптарды ұстау және қорғау тәртібі
62. Жол жабуларын аршу, көшелер мен алаңдарды және басқа да көпшілік орындарды қазуды орындаған ұйымдар мен кәсіпорындар, жұмыс жүргізу орындарында ақпараттық тақталар орнатылуы тиіс. 8. Жасыл алқаптарды ұстау және қорғау тәртібі
Тармақ 63
63. Жасыл алқаптарды бүкілхалықтық байлық, сауықтырудың маңызды факторы және елді мекендердің көркі болып табылады. Оларды ұстау және қорғау әрбір заңды және жеке тұлғаның міндеті.
Тармақ 64
64. Жасыл алқаптарды күнделікті ұстау, қорғау және бекітілген аумақты иеленушілерге, заңды және жеке тұлғаларға, жер пайдаланушыларға жүктеледі:
Тармақша 1
1) тұрғын үй мөлтек аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы құрылыстардан жүргіншілер жолына дейінгі көшелерде - жеке пәтер кооперативі, тұрғын үй қорының иелері;
Тармақша 2
2) ортақ пайдалану нысандарында (саябақтар, скверлер, аллеялар т. б.) көне көше бойымен жүргіншілер жолының сызығына дейін - аудандық бюджет есебінен келісіммен жұмыс істейтін кәсіпорындар;
Тармақша 3
3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және әр алуан меншік жөніндегі басқа нысандар аумағында, сонымен бірге оларға бекітілген аумақтар ие санитарлық-қорғау аймақтарында - сол нысандардың иелері, кәсіпорындар басшылары;
Тармақша 4
4) Құрылысқа бөлінген аумақтарда, жұмыс басталған күннен бастап - құрастырушы немесе оның сенімхаты мен құрылыс ұйымы.
Тармақ 65
65. Инженерлік топтарды немесе жерасты байланыстарын салуда жасыл алқаптарды зақымдау, кесу, алып тастау мен басқа да жоюлар аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының келісімі және өкілетті органдардың жасыл алқаптарды алу туралы берген актісі болған жағдайда жүргізіледі. Жасыл алқаптардың орындарын ауыстыру немесе алып тастау мүмкіншілігі комиссиялы - түрде анықталады.
Тармақ 66
66. Еріксіз жоюға түскен жасыл алқаптарды бағалауды осындай жұмыстарға лицензиясы бар заңды тұлға жүргізеді.
Тармақ 67
67. Нысандарға құрылыс, күрделі жөндеу және пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар жасыл алқаптарды, газондарды еріксіз жою жағдайында шығыс сметасына қалпына келтіру құнын, ағаштарды отырғызуда ак еселенген мөлшерде жұмыс құнын және жыл сайынғы күтіп-баптау жұмыстарының құнын алдын ала қарастыруы керек. Жобалау ұйымдары нысандардың құрылыс және қайта жасау жобаларын жасағанда, жасыл алқаптардың сақталуын кеңінен қарастырсын.
Тармақ 68
68. Жасыл алқаптарды өз еркімен кесу және басқа да жою үшін кінәлілер заң жолымен жауапқа тартылады.
Тармақ 69
69. Жұмыс жүргізуде заңды және жеке тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл алқаптарды зақымданудан қоршауға;
Тармақша 2
2) жолдарды, жүргіншілер жолдарын, алаңдарды, және т. б. асфальттау мен қатайту кезінде диаметрі 1 метр болатын түбіне ұңғы, қажет болғанда торлар орнатуға, яғни, жасыл алқаптардың қалыпты өсуін қарастыру керек.
Тармақ 70
70. Жер пайдаланушылар бекіткен аумақтарда жасыл алқаптарды күтіп- баптау жұмыстарын жүргізуге міндетті, соның ішінде:
Тармақша 1
1) қоқыстарды тазалау, газондарды тырмауышпен тырнау, кепкен жапырақ тарды жинау, арамшөптерді жұлу, газондарды шабу, бұтақтарды қырқу;
Тармақша 2
2) ағаштардың діңгек түбін ұңғылау құралдарымен топырақты қопсыту;
Тармақша 3
3) жасыл алқаптарды, газондарды, гүлзарларды суару;
Тармақша 4
4) ағаштардың мәуесін кесу, құрғақ бұталары, өскіндері, сынған бұталарын кесу;
Тармақша 5
5) ағаштарды, бұталарды жасарту (мамандардың кеңесімен);
Тармақша 6
6) ауырған кепкен ағаштарды алып тастау (комиссия актісімен);
Тармақша 7
7) жасыл қорда болған жағдайда ағаштар мен бұталарды жөндеп отырғызу.
Тармақ 71
71. Жасыл алқаптарды қорғауға және кез келген тәуелді аумақта есімдіктерді ұстау ережелерін сақтауға бақылау жасау өкілетті органдармен, жер пайдаланушылармен, жалға алушылармен жүзеге асырылады.
Тармақ 72
72. Жасыл алқаптар аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, көмір, отын, топырақ тағы басқа заттар қоймасын қоюға;
Тармақша 2
2) газондарды, гүлзарларды, діңгек ұңғыларын бүлдіруге;
Тармақша 3
3) газондармен жүруге, ағаштар мен бұталарды сындыруға, кесуге, басқа да зақымдар келтіруге;
Тармақша 4
4) ағаштар мен бұталарды өз еркімен кесуге;
Тармақша 5
5) қоршаулар жасауға, гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдердің бағаналары мен түйнектерін қазуға;
Тармақша 6
6) мамандандырылған автокөліктерден басқа, авто және мото көлік құралдарын орналастыруға, қоюға, сонымен бірге автомашиналармен, мопедтермен, мотоциклдармен, велосипедтермен, және басқа да көлік құралдарымен жүруге;
Тармақша 7
7) жапырақтарды өртеуге, газондарда көкөністер өсіруге, ағаштарға сым орауға, әткеншектер, жарнамалар орнатуға, бақ-саябақтың мүліктерін бүлдіруге;
Тармақша 8
8) қоғамдық орындарда мал, құс бағуға, иттерді қыдыртуға;
Тармақша 9
9) газондар мен гүлзарларда бетон және цемент қоспасын даярлауға;
Тармақша 10. 9. Инженерлік тораптар, құрылғылар мен байланыстарды ұстау тәртібі
10) ойындар жасауға: волейбол, футбол, қалашық, және т. б. қозғалмалы ойындар, кінәлілер заң жолымен жауапқа тартылады. 9. Инженерлік тораптар, құрылғылар мен байланыстарды ұстау тәртібі
Тармақ 73
73. Ведомстволардың, кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың инженерлік құрылғылары мен байланыстарына қызмет көрсету олардың иелерімен жүргізіледі.
Тармақ 74
74. Инженерлік байланыстар, мен құрылғылары бар заңды және жеке тұлғалар, аудан жайлылығына зиян келтірілуі мүмкін болуына қарай, олардың техникалық жағдайын үнемі қарап отыруға міндетті, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) аумақта су басуды болдырмауға;
Тармақша 2
2) люктердің, құдықтар мен камералар жабуының, ағын су торлары жол жабуының деңгейінде болуын және үнемі жұмыс қалпында сақталуын бақылауға;
Тармақша 3
3) бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын бақылауға;
Тармақша 4
4) қысқы уақытта орналасу орнын жылдам анықтау үшін құдықтарға белгі салуды жүргізу;
Тармақша 5. 75. Инженерлік жерасты тораптарды қалау және барларын қайта орналастыру жұмыстары жүргізудегі техникалық талаптарға қатаң түрде сәйкес жүргізілуі тиіс.
5) құрастыру, қайта төсеу және пайдалану кезінде ережені сақтамау салдарынан бұзылуы; 75. Инженерлік жерасты тораптарды қалау және барларын қайта орналастыру жұмыстары жүргізудегі техникалық талаптарға қатаң түрде сәйкес жүргізілуі тиіс.
Тармақ 76
76. Жерасты байланыстарына құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құрастыру көлік жолдарын, алаңдарды және көпшілік пайдаланылатын басқа да орындарды қайта құрастыру жұмыстарынан бұрын жүргізілуі тиіс. Көшелер, жолдар мен алаңдардың жабуларын күрделі жөндеуден, қайта құрастырудан кейін 5 жыл бойына аршуға тыйым салынады.
Тармақ 77
77. Қатты жабуы бар аумақтарға күрделі жөндеу жүргізу, инженерлік тораптар құдықтарының люктерінің белгілерін талап етілген нормаға дейін жеткізу, газондарды, жүргіншілер жолдарын, көлік жолдарын байланыстың қорғалатын аймақтар құрамына қайта қалпына келтіру тапсырыс берушінің өз есебінен жүргізіледі.
Тармақ 78
78. Көшелер мен жолдардағы жерүсті және батпақты суларды қайтаруға арналған кәріздер, тұрбалар, каналдарды тазалау және жинау, коллекторлар мен ағын су тұрбаларының жаңбырқабылдағыш құдықтарын тазалау, қатты жауын-шашынды жою, қажеттілігіне қарай, қоқыс үймесіне шығару аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Мөлтек аудан шекарасындағы жалпықалалық аумақтан өтетін ағын су тұрбаларының жаңбырқабылдағыш құдықтарын, коллекторларды тазалау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 79
79. Су жинау құдықтары жанындағы 5 метр аралықтағы аумақты мұздан (қысқы уақытта) және қоқыстан тазалап шығару, құдыққа келу жолдарын ұстау су жинау құдықтарының иелерімен жүргізіледі.
Тармақ 80. 10. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау
80. Атмосфералық сулар өндірістік кәсіпорындар алаңдарынан шаруашылық қоқыстар құбырларына түсірілуі тиіс. 10. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау
Тармақ 81
81. Көшелердегі, алаңдардағы, саябақтардағы сыртқы жарықтандыру қон-дырғыларына ағымдағы және күрделі жөндеу, қызмет көрсету, ұстау аудан бюджет қаражаттары есебінен мамандандырылған кәсіпорындармен жүргізіледі.
Тармақ 82
82.Тұрғын аудандарда және басқа да көпшілік пайдалану орындарында бұл жұмыстар өздері жататын ведомство қызметіне жүктеледі. 83. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау және сақтауға келесі шаралары жатады:
Тармақша 1
1) Қондырғыларды көрсеткіштерінің сандық және сапалық параметрлеріне сай техникалық қалыпты жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) Қондырғылардың реттелген жұмыс тәртібін қамтамасыз ету, бекітілген кестеге уақытында енгізілуін бақылау, жартылай немесе толық өшіру, жанбайтын шамдарды анықтау, бұзылған және тағы басқаларын жедел түзету;
Тармақ 84. 11.Тұрғын ғимараттарға орналастыру кезінде сауда кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету пунктерінің алдыңғы алаңын безендіру және аумақты жайлыландыру тәртібі
84. Пайдаланушы кәсіпорындардың сыртқы жарықтандыру қондырғыларының жану және жайының пайызын орындау үшін бақылау тексерулері жүргізіліп, актілер жасалады. Шамдардың жану пайызы 95 пайыздан кем болмауы тиіс. 85. сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тіректері, кронштейндері және басқа да бөліктері, сыртқы жабу жағдайына қарай, бірақ 3 жылда бір реттен кем емес, боялады. 11.Тұрғын ғимараттарға орналастыру кезінде сауда кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету пунктерінің алдыңғы алаңын безендіру және аумақты жайлыландыру тәртібі
Тармақ 86. 87. Шаралар кешеніне жобада қарастырылған келесі жұмыстарды орындау жатады:
86. Тұрғын үй, әкімшілік және басқа да ғимараттардың және оларға жапсарлас аумақтардың, олардың ішінде халыққа қызмет көрсету пунктері және сауда кәсіпорындары, офистер, және тағы басқа нысандар орналасқан жағдайда, сәулеттік пішінін жақсарту және сақтау үшін иеленушілер - меншік түріне қарамастан, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, жасалған және келісілген жобаға сәйкес ғимараттың алдыңғы алаңын безендіру және жайлыландыру жөніндегі шаралар кешенін орындауға міндетті. 87. Шаралар кешеніне жобада қарастырылған келесі жұмыстарды орындау жатады:
Тармақша 1
1) алдыңғы алаңды әсемдеу (бояу, түрлі материалдармен әрлеу және тағы басқалары);
Тармақша 2
2) ғимараттың жалпы стиліне сай шатырша, маңдайша орнату;
Тармақша 3
3) жүргіншілер жолын, автокөлік тұрағы мен жақын келу алаңдарын, газондар, жасыл алқаптар және тағы басқаларын жасауды қарастыратын аумақты жайлыландыру жұмыстарын орындау;
Тармақша 4
4) орындықтар, қоқыссалғыштар, қоршаулар және тағы басқаларын орнату;
Тармақша 5
5) ғимараттарға жапсарлас жатқан аумақтарды көлік жолы бөлігінің осіне дейінгі көшелерді жеткілікті жарықтандыру қондырғыларын (жарықты жарнама) орнату;
Тармақша 6. 12. Ақылы автокөлік тұрақтарын ұстау
6) қажетті мөлшердегі ақпараты бар, жалпы стильде көркем орындалған маңдайшалар орнату; 88. Ғимаратта бір кәсіпорын орналасқан жағдайда, безендіруге барлық алдыңғы алаң не орын бір бөлігі жатады (ауданның бас сәулетшісінің келісімімен) сонымен бірге ғимараттан бастап көшенің «қызыл сызығына» кейінгі ғимараттың бүкіл көлемін немесе оның бөлігін (ауданның бас сәулетшісінің келісімімен) басқа иеленуші не жалға алушы пайда болғанда, шығынды қайтарып берумен, жайлыландыру және санитарлық жинау. Бірнеше кәсіпорын болғанда алдыңғы алаңды безендіру, жапсарлас жатқан аумаққа санитарлық тазалау және жайлыландыру бірыңғай сәулеттік пішінін сақтаумен және жұмыстың бір мезгілде орындалуына сәйкес үлесте жүргізіледі. 12. Ақылы автокөлік тұрақтарын ұстау 89. Тұрақтар тек қана жасалып бекітілген жобалық-сметалық құжаттар кезінде ұйымдастырылады.
Тармақ 90
90. Автокөлік тұрақтары көлікті қоюға арналған су өтпейтін жабумен, қапталармен, көлік тоқтатуға қарастырылған жол белгілерімен белгіленген, қоршалған, тазалау және су шығару құрылғыларымен, көріктендіру, жайлыландыру, жарықтандыру, диспетчерлік павильоны, өрт сөндіру құралдары орнатылған, қалдықтарды жинайтын және сақтайтын контейнер алаңы болуы. Тұраққа кіре берісте тұрақ атауы, жұмыс істеу тәртібі болуы тиіс.
Тармақ 91. 13. Елді мекендер аумағында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін тұлғалар мен жерді пайдаланушылардың міндеттері
91. автокөлік тұрағын, автосервистік қызмет көрсету орындарын мен оларға қатысты аумақтарды ұстау, жинау, қоқыстарды контейнерлерге жинақтау олардың иелерімен жүзеге асырылады. 13. Елді мекендер аумағында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін тұлғалар мен жерді пайдаланушылардың міндеттері 92.Жер пайдаланушылар міндетті:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген аумақтарда инженерлік тораптар мен оның бөліктерін (құдықтар, люктер, торлар, тіректер, насос станциялары, жылу пунктері, трансформаторлық подстанциялар және т.с.с.) әрекеттегі санитарлық нормаларға сай дұрыс қалыпта ұстау;
Тармақша 2
2) құрылыс қалдықтарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды алаңдарға (қоқыс үймелеріне) шығару және көмуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сұйық қалдықтарды жинау үшін санитарлық нормаларға сай қазылған ор болуы керек;
Тармақша 4
4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда заласыздандыру мен зиянды кеміргіштерді жоюды (шыбындар, тарақандар, тышқандар, көртышқандарды жою үшін) жүргізу; 93. Ауданның елді мекен аумақтарында жұмыс жүргізуші жөндеу құрылыс ұйымдары міндетті:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңдарын биіктігі 2 метрлік қорған шатырша құрылғысымен тегіс ені 1 метрден кем емес дуалмен жаяу жүргіншілер қозғалысына қауіп сөндірмейтіндей қоршау;
Тармақша 2
2) құрылыс алаңдарына қатты жабуы бар, қоқысты шашпау үшін, жақын елу жолдарын жасау;
Тармақша 3
3) құрылыс кезінде бекітілген аумақтар шегінде көлік жолдары мен сойындағы аумақтарға жинау жүргізу;
Тармақша 4. 14. Елді мекендерді санитарлық тазарту бойынша уәкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері
4) құрылыс материалдарын сақтауды, олардың шашылып, желмен -зралуына жол бермеу шараларына сай жүргізілуі тиіс; 14. Елді мекендерді санитарлық тазарту бойынша уәкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері 94. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексіне сәйкес бақылауды: елді мекендер көшелері, аулалары, ұйымдаспаған сауда орындары және басқа елді мекен аумақтарында санитарлық ұстау ережелерінің сақталуына бақылау - полиция органдарымен (387 б. 1,2 б.); жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындар, жағажайлар мен басқа шарушылық субъектілері - санитарлық- эпидемиологиялық бақылау органдарымен (323 б.); елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалау, ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және жануарлардың қалдықтарын арнаулы белгіленген жерлерге көму ветеринарлық қызмет органдарымен жүзеге асырылады. (310 б. 9т.) 95. Үй иелері (пайдаланушылар), кондоминиум объектілерін басқару органдары:
Тармақша 1
1) қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығаруға шарттар жасауға;
Тармақша 2
2) түсіндіру жұмыстарын жүргізу және елді мекендердің аумағында са-нитарлық ұстау ережелерін сақтау бойынша іс-шараларды орындауға халықты ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) қоқыс жинайтын урналар мен ірі габаритті қоқысқа су өткізбейтін жамылғысы бар алаңшаларды орнатуға; 96. Қоқысты жинайтын кәсіпорындар:
Тармақша 1
1) үйлер, ұйымдар, мекемелер, мен кәсіпорындар аумағынан уақтылы (шартқа сәйкес) қоқыстардың шығарылуын жүргізуге;
Тармақша 2
2) әр арнайы көлікке қозғалыс сызбасымен бағыт кестесін жасауға;
Тармақша 3
3) өзгерген пайдалану талаптарына сәйкес бағыт кестесін түзетуге;
Тармақша 4
4) бекітілген бағыт кестесінің міндетті орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) азаматтардың меншік құқығына жататын салынып жатқан үйлердің аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарлдың жоспарлы-тұрақты тазартуын аптасына екі реттен кем емес жүргізуге міндетті. 97. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің мамандары келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі керек:
Тармақша 1
1) Елді мекендерде санитарлық тазартуды ұйымдастыру бойынша жергілікті басқару органдардың шешімдер жобасын дайындауға қатысуын;
Тармақша 2
2) қатты тұрмыстық қалдықтар мен өндіріс қалдықтар полигонын орналастыру және жобалау, елді мекендердің санитарлық тазарту сызбасын т.б. мәселелер бойынша құжаттарды қаралуын және келісуін;
Тармақша 3
3) елді мекендердің санитарлық жағдайына байланысты халықтың ауыруын зерттеу және талдау;
Тармақша 4
4) эпидемиологиялық жағдайға байланысты аумақтың тазалау және жинау бойынша жүргізілген рейдтер жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы органдарының басшыларына ұсыныс беруін;
Тармақша 5
5) тұрғын үй органдары мен кәсіпорындар мамандарына эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қалдықтардың жинау, жою, және шығаруын ұйымдастыру бойынша нұсқамалар мен санитарлық минимум жөнінде сабақтар жылына бір рет, қажет болса одан да жиі өткізілуіне;
Тармақша 6
6) жастарға сәйкес қоғамдық инспекторларға оқу жүргізу, қоғамдық санитарлық инспекторлардың кеңестерін құру және оның жұмысымен басқаруын;
Тармақша 7
7) елді мекен аумағының санитарлық жағдайына бақылау және бұзушыларға әкімшілік шаралар қолдануын; 98. Аудан ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторлары:
Тармақша 1
1) бекітілген аумақтың жағдайына бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) санитарлық тәртіпті бұзған тұлғаларды анықтап және тиісті орындарға селгіленген тәртіппен оларға құжаттар дайындайды;
Тармақша 3
3) тұлғалардың, меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар мен ұйымдардың аулаларда және көшелерде өз еркімен қоқыс орындарын жасаудың және оның жағудың алдын алады. 99. Осы Ережені бұзған заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан -Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 - II «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Бөлім 15. 15 бөлім. Аудан елді мекендерінің аумағында тыйым салынған іс- әрекеттер:
15 бөлім. Аудан елді мекендерінің аумағында тыйым салынған іс- әрекеттер: 100. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қоқыстарды, қоқыр-соқырды, мұздың қалдықтарын, ласталған қарды құдықтар мен су қоймаларға, көгалдарға, ағаштар мен бұталардың астына, жолдардың, жаяу соқпақтар мен жолдардың жүру бөлігіне тастауға:
Тармақша 2
Тармақша 3
3) көшелер, өзендер мен басқа да су қоймалардың, су құбырлар мен құдықтардың, тұрғын үй ғимараттардың қасында көліктерді, тракторларды жууға;
Тармақша 4
4) көшелерде, аулаларда және басқа жалпы пайдаланудағы орындарда бос сауда лотоктар мен ыдыстарды және басқа жылжымалы сауда жабдықтарды, сауда біткеннен кейін жинауға келетін қоқыстарды, қоқыр- соқырды, қар мен мұздың, құрылыс және басқа қалдықтарын қалдыруға;
Тармақша 5
5) көшелерде құрылыс материалдарды, отындар мен көмірді үйіп тастауға;
Тармақша 6
6) өзендер мен су қоймаларын өндірістік қалдықтармен ластауға;
Тармақша 7
7) бөлінбеген орындарда киоскілерді, дүкеншелерді, павильондарды орнатуға;
Тармақша 8
8 ) үйлердің қабырғаларына, көше жарықтандыру тіректеріне, ағаштар мен басқа бөлінбеген жерлерге әр түрлі жарнамаларды ілуге;
Тармақша 9
9) көшелер мен аулалардың аумағына тамақтың жуындысын, қоқыр- соқырды төгуге, қоқыс пен жапырақтарды жағуға;
Тармақша 10
10) қыста су құбырларының, жылу жүйелерінің, канализацияның апатын жою кезінде суларды нөсерлі канализацияға төгуге;
Тармақша 11
11) елді мекендердің ластануына әсер ететін жүкті дүрыс салмай, шанағы жөнделмеген көлікпен жүруге;
Тармақша 12
12) ашық шанақтарда, тысы жоқ көлікте сусымалы жүктерді, екінші қайтара шикізатты, макалатураны тасуға;
Тармақша 13
13) қашаны көшенің «қызыл сызығынан» кейін шығара отырып құрылыс алаңшаларға қоршау жасауға;
Тармақша 14
14) ауданның елді мекен аумақтарында өз еркімен қазу жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 15
15) инженерлік жүйелерде апатты жойғаннан кейін шығара отырып құрылыс алаңшаларға қоршау жасауға;
Тармақша 16
16) ауданның елді мекендерінде санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу мерзімдерді бұзуға;
Тармақша 17
17) контейнерлерді тұрмыстық мағынасы бар ірі габаритті заттар мен құрылыс материалдармен толтыруға, оларға сұйық қалдықтар құюға, қоқысты қағуға;
Тармақша 18
18) уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, мемлекеттік қорғауға жататын субъектілер саябақтарда, бақтарда уақытша және тұрақты уақытқа өз еркімен құрылысқа орын алуға;
Тармақша 19. 17. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
19) экологияға зиян кетіретін басқа да іс-әрекеттер; 17. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік 101. Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасымен қарастырылған санкциялар қолданылады. «Қала салу, құрылыс, ТКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы М. Кушеров