О звании "Почетный Гражданин Восточно-Казахстанской области"» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облысының Құрметті Азаматы" атағы туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті Азаматы" атағын беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне (Цыганков А.Г.) құрметті атақты ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуге байланысты облыстық бюджетте шығыстарды көздеуді ұсынылсын.
Басқа 3. "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті Азаматы" атағын беру ЕРЕЖЕСІ
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 11/167-III шешімімен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті Азаматы" атағын беру ЕРЕЖЕСІ "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті Азаматы" атағын беру, қоғамға еңбегі сіңген дарындығы, іскерлігі, және белсенділігі, көп жылғы қызметін қоғам алдында танылғандығын білдіретін, адамгершілігін көтермелеудің бірі болып табылады. Ол азаматтардың еңбектегі және қоғамдық екпінділігін көтеруге, олардың облыстық экономикалық және әлеуметтік дамудағы қызметін, қабілеттілігін арттыруға, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм негізінде және ұлтаралық достықты күшейтуге бағытталған.
Тармақ 1
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті Азаматы" атағын облыстық мәслихатпен экономиканы, әлеуметтік сфераны, ғылым және мәдениетті, білімді дамытудағы және денсаулықты қорғауды, мемлекеттік қоғамдық және қайырымдылық жасау қызметіндегі облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуына және ұлтаралық достықты күшейтуге үлкен үлесі үшін облыс әкімінің ұсынысымен беріледі. Атақ облыстың аумағында тұрмайтын адамдарға да берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Құрметті атаққа ие болған адамға, куәлік, кеудеге тағылатын белгісі беріледі және оның есімі облыстың өлкетану мұражайына сақталатын облыстың Құрметті Азаматтары Кітабына енгізіледі.
Тармақ 3
3. Куәлікті, кеуде белгісін, құрметті азаматтар кітабын жобалау және жасап шығару облыс әкімінің қасындағы марапаттау комиссиясына жүктеледі.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысының Құрметті Азаматы есімін мәңгілік ескерткіш ретінде, көпшіліктің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының тәртібіне сәйкес қала, кент немесе ауыл көшелеріне берілуі мүмкін.
Тармақ 2
Тармақ 5
5. Атақты беру үшін белгіленетін кандидатуралар қала және аудан әкімдерінің сол жердегі қала, аудан мәслихаттарымен бірігіп қаралып, облыс әкімінің қасындағы марапаттау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы іске асырылады.
Тармақ 6
6. Ұсынылған кандидатураға өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық сферасында сіңірген еңбегі, атқарылған жұмыстың сапасы және қажеттілігі туралы, құрмет белгісімен марапатталуы жайында деректер толық енген мінездеме жазылады.
Тармақ 7
7. Атақты беру туралы қала және аудан әкімі мен мәслихаттың шешімі, 3х4 және 6х9 көлеміндегі екі фотосурет облыс әкімінің қасындағы марапаттау комиссиясына алдын-ала қаралуы үшін ұсынылады.
Тармақ 8
8. Марапаттау комиссиясының жасаған қорытындысын ескере отырып облыс әкімі кандидатураларды облыстық мәслихатқа ұсынады.
Тармақ 9
9. Осы атақты беру үшін, бір жыл ішінде үш адамға ұсыну шектеуі туралы кандидатураларға квота белгіленсін.
Тармақ 3
Тармақ 10
10. Куәлік және кеуде белгісін облыс әкімі, облыстық мәслихатының хатшысы салтанатты түрде және жария негізінде тапсырады.