Аудан орталығының, елді-мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан орталығының, елді-мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы Ақмола облысы әкімдігінің 31 наурыз 2005 жылғы «Облыс қалаларының,аудан орталықтарының,елді мекендерінің аумақтарын көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық өткізу туралы» № А-4/93 қаулысы, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және ауданның елді мекендерін санитарлық тәртіпке келтіру және тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 шілдеге дейін аудан орталығында, елді мекендерде көркейту,көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық жариялансын (бұдан әрі-үшайлық)
Тармақ 2
2. Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөнінде аудандық комиссия (бұдан әрі-комиссия) кұрылсын (№1 қосымша ).
Тармақ 3
3. Елді мекендерді көгалдандыру және көркейту жөніндегі аудандық конкурстың (бұдан әрі-конкурс) Ережесі бекітілсін ( № 2 қосымша)
Тармақ 4
4. Аудандық жайлыландыру, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі комиссияның мүшелері №3 қосымшаға сәйкес ауыл округтеріне бекітілсін.
Тармақ 5
5. Ауданның бас сәулетшісі (А.Аужанов) он күн ішінде үшайлық өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеп,бекітуге ұсынсын.
Тармақ 6
6. Қорғалжын ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (А. Бекбусунов) ұшайлыктың аудандық шараларының орындалуы жөнінде он күн сайын есеп беру үлгісін әзірлесін және комиссияның қарауына ұсынсын.
Тармақ 7
7. Қорғалжын аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі (С.Ахметов) конкурс жеңімпаздарына сыйлық беру үшін бюджетте ақшалай қаржыландыру қарастырылсын.
Тармақ 8
8. Ауыл округі әкімдері: үшайлық өткізу аясында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейін сумен жабдықтау, канализация нысандарының көктемгі-жазғы мерзімдегі жұмыстары дайындығына байқау өткізсін; үшайлық жөнінде іс-шараларды әзірлеу және бекіту барысында 10 күнде бір мәрте рейд өткізу және атқарылған жұмыстардың қорытындыларын шығару үшін әкім аппараты, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Қорғалжын ауданы бойынша бөлімі, ішкі істер бөлімі (келісім бойынша),мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қоршаған ортаны қорғау (келісім бойынша) қызметкерлерінен жинақы топтар құруды қарастыруын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Смағуловқа жүктелсін. Келісілді: 1. Бекбұсұнов А.Ш: СЭБ бөлімінің бастығы. 2. Мамбин Е.Х: Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектор. 3. Баешев Д: Аудандық жер комитетінің төрағасы. 4. Төкенов Ғ.Т: «Нұра топтық су құбыры торабы» МКК ның директоры 5. Симчук А.А: «Қазахавтожол филиалының ДЭП-2 аға мастері 6. Мырзагельдиев А.А АШМ аумақтық комитетінің төрағасы. 7. Баешев Н. А.Қорғалжын ауданы бойыншатөтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы
Басқа 10. Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2005 ж 02 маусымдағы № 44 қаулысына № 1 қосымша Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Смағұлов М.Қ. - комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары.
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Карібаев С.А. - комиссия төрағасының орынбасары, Қалақұрылысы, құрылыс, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. Комиссия мүшелері:
Тармақ 1
1. Аужанов А.А. – ауданның бас архитекторы.
Тармақ 2
2. Мамбин Е.Х - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектор.
Тармақ 3
3. Ғали А.Қ. - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.
Тармақ 4
4. Ахметов С.А. - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы.
Тармақ 5
5. Ахмет М.Ш. - аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы.
Тармақ 6
6. Баешев Д - аудандық жер комитетінің төрағасы (келісімі бойынша).
Тармақ 7
7. Баешев Н.А. - Қорғалжын ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы
Тармақ 8
8. Токенов Ғ.Т. - «Нұра топтық су құбырлары» МКК директоры (келісімі бойынша).
Тармақ 9
9. Симчук А.А. - ДЭП-2 аға мастері (келісімі бойынша).
Тармақ 10
10. Мырзагельдиев А.А. - АШМ аумақтық комитетінің төрағасы (келісім бойынша).
Тармақ 11
11. Хамитов С.Х. - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы.
Тармақ 12
12. Мұхамеджанов Қ.А. - «Өрлеу» МКК директоры.
Тармақ 13
13. Бекбұсұнов А.Ш. - МСЭБД-нің Қорғалжын ауданы бойынша бөлімінің бастығы (келісімі бойынша).
Басқа 26
Аудан әкімдігінің 2005 жыл 02 маусымдағы № 44 қаулысына № 2 қосымша Елді мекендерді көгалдандыру және көркейту жөніндегі аудандық конкурстың ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үшайлық бойынша аудандық байқауды (әрі қарай байқау) аудандық комиссия және ауыл округтерінің әкімдері ұйымдастырып өткізеді.
Тармақ 2
2. Байқау аудан орталығы мен елді - мекендерді көркейту, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстарын қаржыландыруға инвесторлардың қаржыларын тарту, қоғамдық қолайлы ахуал қалыптастыру, әрбір ауылда тазалық пен тәртіп орнату, сонымен қатар аудандық, ауыл округі денгейіндегі атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмыстарын жандандыру, жергілікті тұрғындардың ынталы бастамаларын жүзеге асырып, оң тәжірибелерді кеңінен насихаттау мақсаттарында жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 3
3. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
Тармақша 1
1) Ең үздік ауылдық округі
Тармақша 2
2) Ең үздік елді-мекен (кент, ауыл, село)
Тармақша 3
3) Үлгілі аула
Тармақша 4
4) Үлгілі үй
Тармақша 5
5) Үлгілі мекеме, кәсіпорын
Тармақша 6
6) Үлгілі дүкен, асхана, қонақ үй
Тармақша 7
7) Үлгілі мектеп
Тармақша 8
8) Үлгілі мехотряд
Тармақ 4
4. Байқау екі кезеңде өткізіледі. 1-кезең 2005 жылдың маусымында-ауыл округтері денгейінде. 2-кезең 2005 жылдың шілдесінде - аудандық денгейде байқау нәтижелерін шығару.
Тармақ 5
5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін:
Тармақша 1
1) аудан және ауыл округтерінің басшылығымен денсаулық сақтау, білім, автожол, өртке қарсы күрес, ішкі істер, санэпидемстанция, сәулет және құрылыс ұйымдарын қатыстыра отырып аудандық және округтік комиссиялар құру.
Тармақша 2
2) аудан әкімінің жанынан аудандық комиссияның басшылығымен барлық номинациялар бойынша аудан аумағында байқау ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Байқаудың бірінші кезеңі өткеннен кейін ауылдық округтік комиссиялары аудандық комиссияға, ал аудандық комиссия облыстық комиссияға мыналарды тапсырады:
Тармақша 1
1) аудан, ауыл округтері әкімдері бекіткен байқаудың бірінші кезеңінің өткізу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары.
Тармақша 2
2) Байқаудың бірінші кезеңі жеңімпаздарының барлық көрсеткіштерін және бағаларын тізген түсініктеме жазба.
Тармақша 3
3) Аудан орталығы мен елді - мекендер аумақтарын аббатандыру, көгалдандыру және тазалау жөніндегі байқаудың 1 кезеңінің жеңімпазы жайлы кино, фотоқұжаттар және ақпараттық материалдар.
Тармақ 7
7. Комиссия ауыл округі комиссиялары тапсырған материалдарды қарайды, елді-мекендерге барып көреді, ақпараттар дайындайды және бекітілген номинациялар бойынша аудандық жеңімпаздарды анықтайды. Аудандық комиссия облыстық комиссияға материалды тапсырады.
Тармақ 8
8. Баға бес балдық жүйе бойынша қойылып, орындалған жұмыстар бойынша орташа ұпай шығарылады.
Тармақша 1
1) ауданның елді-мекендерінің кіре-шыға берістерін рәсімдеу, немесе елді-мекеннің көрсеткіштері болу.
Тармақша 2
2) жеке меншік үйлердің жағдайы фасадтары, қоршаулары, көгалдандырылуы және үй аумағының тазалығы.
Тармақша 3
3) қоғамдық ғимараттардың, әлеуметтік сала және сауда нысандарының жағдайы фасадтары, қоршаулары, көгалдандырылуы және аумағының тазалығы, шағын базалары, жанар-жағар май қүю станциялары, автобус аялдамалары, жарнамалық құралдарды күтіп ұстау және олардың Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңына сәйкестігі.
Тармақша 4
4) өндіріс нысандарының жағдайы, мал шаруашылығы орындары, машина-трактор шеберханалары, қырман, дәрілеу алаңдары, тыңайтқыш және улы химикат қоймаларының жағдайлары.
Тармақша 5
5) елді мекендердегі жолдарды, тратуарларды, жаяу жолдарды, суағарларды күтіп ұстау.
Тармақша 6
6) бос тұрған ғимараттарды консервациялау, қирандыларын тазарту, жерді қалпына келтіру.
Тармақша 7
7) тарихи жерлерді, сәулеттік ескерткіштерді және қоғамдық зираттарды күтіп ұстау жағдайы.
Тармақша 8
8) стадиондардың, спорт залдарының, спорт алаңдары мен спорттық қондырғылардың жағдайлары.
Тармақша 9
9) елді мекендерге өсіп тұрған жасыл өсімдіктерді күтіп ұстау және санациялау сквер, саяжай, мектеп маңындағы учаскелер және демалыс орындарын көркейту.
Тармақша 10
10) су мен қамтамасыз ету, су қысымын көтеру мұнарлары мен қоғамдық және жеке меншік құдықтардың санитарлық, гигиеналық жағдайы, және су шаруашылығы құрлыстарын салу.
Тармақша 11
11) елді мекен тұрғындарының бұлақтарды өзен - көл жағаларын, ауыл маңындағы ағаш отырғызылған жерлерді тазалауға қатысуы.
Тармақша 12
12) қатты тұрмыстық қоқыстарының, төгу орындарының, көң қойманың мал қорымының жағдайы.
Тармақша 13
13) тамақтандыру, сауда кәсіпорындарының көктемгі, жазғы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы. Аудандық комиссия аудан орталығын, ауыл округтерін, елді мекендер және ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша жинаған ұпайларын ескере отырып бағалайды. Ұпай есептеу әрбір бағыт бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасына байланысты жүзеге асырылады. Жұмыс көлемін 100 пайыз орындағаны үшін 5 ұпай 75 пайыздан 99 пайызға дейін-4 ұпай. 50 пайыздан 75 пайызға дейін-3 ұпай. 25 пайыздан 50 пайызға дейін-2 ұпай. 25 пайыздан 50 пайызға дейін 1 ұпай.
Тарау 3. 3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
Тармақша 1
1) 2005 жылғы үшайлық бойынша аудандық байқау жеңімпаздарына төмендегі сыйлықтар белгіленеді: «Ең үздік ауыл округі» номинациясы 1орын- 1 орын- 2 орын- 3 орын «Ең үздік елді - мекен», (кент, ауыл, село) номинациясы 1 орын - 2 орын - 3 орын - «Үлгілі үй», номинациясында 1 орын - 2 орын - 3 орын - «Үлгілі дүкен, асхана, қонақ үй », номинациясында 1 орын - 2 орын - 3 орын - «Үлгілі кәсіпорын », номинациясында 1 орын - 2 орын - 3 орын - «Үлгілі мектеп», номинациясында 1 орын - 2 орын - 3 орын - «Үлгілі аула», номинациясында 1 орын - 2 орын - 3 орын - «Үлгілі мех. отряд», номинациясында 1 орын - 2 орын - 3 орын -
Басқа 65. Аудандық жайлыландыру, көгалдандыру және санитарлық - тазалық жөніндегі ауыл округтеріне бекітілген аудандық комиссияның мүшелері
Аудан әкімдігінің 2005 жыл 02 маусымдағы № 44 қаулысына № 3 қосымша Аудандық жайлыландыру, көгалдандыру және санитарлық - тазалық жөніндегі ауыл округтеріне бекітілген аудандық комиссияның мүшелері Жайлыландыру, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі үшайлықты ұйымдасқан түрде, сапалы, уақытында өткізу үшін 2005 жылғы 15 сәуір-15 шілде аралығында ауыл округтеріне бекітілген аудандық комиссияның мүшелері:
Тармақ 1
1. Арықты ауылдық округіне Мырзагельдиев А.А. - АШМ аумақтық комитеттің төағасы
Тармақ 2
2. Амангелді ауылдық округіне Баешев Д.А. - аудандық жер комитетінің төрағасы.
Тармақ 3
3. Қарашалғын ауылдық округіне Ғали А.К. - аудандық ІІБ бөлімінің бастығы.
Тармақ 4
4. Кенбидайық ауылдық округіне Хамитов С.Х - аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бастығы.
Тармақ 5
5. Коммуна ауылдық округіне Ахмет М.Ш. - аудандық білім және Спорт бөлімінің бастығы
Тармақ 6
6. Қорғалжын ауылдық округі Мамбин Е.Х - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектор.
Тармақ 7
7. Қызылсай ауылдық округі Симчук А.А. - ДЭП-2 аға мастері.
Тармақ 8
8. Сабынды ауыл округі Төкенов Ғ.Т. - Нұра топтық су құбырлары МКК директоры