О Правилах лицензирования деятельности по производству бланков ценных бумаг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялау қағидалары туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы заңы 36-бабының нормаларын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 көкектегі заң күші бар жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялау қағидалары бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3. Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялау Қағидалары
3. Осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 12 қазандағы N 15 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялау Қағидалары Осы Қағидалар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 көкектегі заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің және қайтарып алудың, сондай-ақ осындай лицензияларды қолдануды тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, сондай-ақ лицензиаттардың қызметіне бақылау жасау мақсатында бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі "Лицензия" деп аталады) негізгі, қолданылу мерзімі шектеусіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Лицензияның қолданылуы лицензиаттың бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құрал-жабдықтар және мүліктер орналасқан аумағымен шектеледі.
Тарау 2. 2-тарау. Лицензиаттарға қойылатын талаптар
2-тарау. Лицензиаттарға қойылатын талаптар
Тармақ 4
4. Лицензия Қазақстан Республикасының мынадай талаптарға сәйкес келетін:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздар бланкілерін дайындауға арналған, олардың жасанды жолмен жасалуын және басқа да қиянаттар жасаудан жоғары дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ететін және бағалы қағаздар бланкілерін шығарудың толық циклін білдіретін қолданылып жүрген арнаулы технологиялары мен жабдықтары бар;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар бланкілерін шығару кезінде құндылықтардың сақталуын және полиграфия ұйымдарына қойылатын құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті және жеткілікті жағдайлары бар заңды тұлғаларына беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Лицензия үшін ұсынылатын құжаттар
3-тарау. Лицензия үшін ұсынылатын құжаттар
Тармақ 5
5. Лицензия алу үшін Ұлттық комиссияға мынадай құжаттар ұсынылу керек:
Тармақша 1
1) өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесін тіркей отырып, белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) өтінушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қолданылып жүрген куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтінушінің статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 4
4) өтінушінің бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға арналған полиграфиялық және өзге де құралдары орналасқан үйдің бар екендігін және өтінушінің осы үйге қатысты құқықтарын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) өтінушінің бағалы қағаздар бланкілерін шығару үшін пайдаланатын полиграфиялық және өзге де құралдардың, осындай құралдардың жекелеген бірліктерінің функциялық мақсатын және өтінушінің осы құралған қатысты құқықтарын көрсете отырып, тізбесі (интеллектілік меншік нысанасын құрайтын технологияларды пайдалану кезінде - өтінушінің осындай технологияларға қатысты құқықтарын растайтын құжаттар);
Тармақша 6
6) бағалы қағаздар бланкілерін шығару үшін өтінуші пайдаланатын технологиялық тәсілдерді қолдана отырып полиграфиялық және өзге де құралдармен өтінушінің өндірген өнімінің үлгілері;
Тармақша 7
7) бағалы қағаздар бланкілерінің жасанды жолмен жасалудан және басқа қиянаттар жасаудан қорғалуын қамтамасыз етілетін арнаулы тәсілдердің қысқаша түсіндірмесі (қызметтік және коммерциялық құпияны ашпай);
Тармақша 8
8) өтінушідегі құпиялық режимінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті органының қорытындысы;
Тармақша 9
9) өтінушінің полиграфиялық өндірістегі құндылықтардың сақталу режимінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органының қорытындысы;
Тармақша 10
10) өтінушінің лицензиялық алымды төлегендігі туралы, оның келіп түскендігі туралы белгі қойылған төлем құжаттарының көшірмелері.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға өтінушінің сәйкестігін тексеру мақсатында Ұлттық комиссия өтінушіден осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілгендерден басқа қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге, сондай-ақ өтінуші туралы қажетті мәліметтер алу үшін басқа тұлғаларға жүгінуге құқылы.
Тармақ 7
7. Өтінушінің осы Қағидалардың 5-6-тармақтарына сәйкес Ұлттық комиссияға ұсынылған құжаттарға қол қойған қызметкерлері осы құжаттардағы мәліметтердің нақтылығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады.
Тарау 4. 4-тарау. Құжаттарды қарау және лицензиялар беру
4-тарау. Құжаттарды қарау және лицензиялар беру
Тармақ 8
8. Ұлттық комиссия осы Қағидалардың 5-тармағының 2)-10) тармақшаларында аталған барлық құжаттар болмаған кезде өтінушінің лицензия алуға өтінішін қабылдамайды және қарамайды.
Тармақ 9
9. Ұлттық комиссия Лицензия алу үшін қабылданған құжаттарды қабылданған күннен бастап он бес күн ішінде қарайды. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда аталған қарау мерзімі жаңартылады.
Тармақ 10
10. Бағалы қағаздар бланкілерін шығаруды қолдан жасалудан және басқа да қиянат жасаудан қорғалуының жорамалданған жеткілікті дәрежелері туралы негізделген шешім қабылдау үшін Ұлттық комиссия сарапшыларға (мамандарға) және осы мәселеге құзырлы ұйымдарға кеңеспен жүгінуге құқылы.
Тармақ 11
11. Өтінуші осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға, ал олардың Лицензия алу үшін ұсынған құжаттары қолданылып жүрген заңдардың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде және бағалы қағаздарды шығаруды қолдан жасалудан және басқа да қиянат жасаудан жорамалданған жеткілікті қорғалу дәрежелері болған кезде өтінушіге Лицензия беру туралы мәселе Ұлттық комиссия Директоратының жақында болатын отырысының қарауына ұсынылады.
Тармақ 12
12. Ұлттық комиссияның Директораты оң шешім қабылдаған жағдайда өтінушіге Лицензия беріледі. Лицензия берген кезде оның бланкісінің "Лицензияны қолданудың ерекше шарттары" бағанасына өтінушінің бағалы қағаздар шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құралдар және мүліктер орналасқан аумағының орналасқан жері (мекен-жайы) туралы жазба жасалады.
Тармақ 13
13. Лицензия бірінші басшыға не өтінушінің тиісті үлгімен ресімделген сенімхатының негізінде кез-келген тұлғаға беріледі.
Тарау 5. 5-тарау. Лицензия бергендік үшін алым
5-тарау. Лицензия бергендік үшін алым
Тармақ 14
14. Лицензиялық алымның мөлшері және оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Тарау 6. 6-тарау. Лицензия беруден бас тарту және ол жөнінде шағым жасау
6-тарау. Лицензия беруден бас тарту және ол жөнінде шағым жасау
Тармақ 15
15. Лицензия беруден бас тарту мына негіздердің кез-келгені бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өтінуші жатқызылған ұйымдар санаттары үшін бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
Тармақша 2
2) өтінушіге бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соттың тыйым салған шешімі бар болса;
Тармақша 3
3) өтінуші осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Тармақша 4
4) өтінушінің Лицензия алу үшін осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарының ресімделуі және мазмұны тиісті дәрежеде болмаса;
Тармақша 5
5) өтінуші осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қосымша құжаттарды ұсынбаса;
Тармақша 6
6) өтінушінің лицензия алу үшін осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынған құжаттарында нақты емес мәліметтер анықталса;
Тармақша 7
7) бағалы қағаздар бланкілерін шығаруды қолдан жасалудан және басқа да қиянат жасаудан қорғалуының жорамалданған жеткілікті дәрежесі болмаса, оның ішінде (бірақ болуы мүмкін): 2 - қағаз тығыздығының 70 грамм/м кем болуы; - қағазды қолдан жасалудан қорғалу элементтерінің (сулық белгілер, жіптер, дақ түсіру және басқалар) болмауы;
Тармақша 8
8) өтінушінің лицензиялық алымды төлемеуі.
Тармақ 16
16. Мәселе Лицензия беруден бас тарту туралы шешім Ұлттық комиссияның Директоратында қабылданатын Ұлттық комиссияның Директоратының отырысында қаралған жағдайды қоспағанда, Лицензия беруден бас тарту туралы шешімді Ұлттық комиссияның Төрағасы немесе оның Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшілік ететін атқарушы директоры қабылдайды.
Тармақ 17
17. Лицензия беруден дәлелді жазбаша бас тарту өтінушіге осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде берілуі керек.
Тармақ 18
18. Егер, осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтінушіге Лицензия берілмеген не алынған Лицензия беруден бас тарту оған негізсіз берілген жағдайда, өтінуші Ұлттық комиссияның әрекеті жөнінде сотқа шағымдануға құқылы.
Тарау 7. 7-тарау. Осы Қағидалардың сақталысына бақылау жасау
7-тарау. Осы Қағидалардың сақталысына бақылау жасау
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың орындалысына Ұлттық комиссия жүзеге асыратын бақылау жасауға:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға лицензиаттың сәйкестігін тексеру;
Тармақша 2
2) лицензиаттың осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынған құжаттар мазмұнындағы мәліметтердің нақтылығын тексеру;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті реттейтін қолданылып жүрген заң нормаларына лицензиаттың сәйкестігін тексеру кіреді.
Тармақ 20
20. Осы Қағидалардың орындалысына бақылау жасау барысында Ұлттық комиссия лицензиатқа оның атқарушы органының орналасқан жері және бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құралдар және мүліктер орналасқан аумағының орналасқан жері бойынша тексеріс жүргізуге құқылы. Осындай тексерістердің нәтижелері лицензиаттың қызметін тексеру актілерімен ресімделеді. Лицензиатты тексеру лицензиаттарды тексеру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті реттейтін қолданылып жүрген заң талаптарын лицензиаттың бұзғандығы туралы ақпарат бар болса жоспардан тыс тексерістер жүргізілуі мүмкін. Лицензиатқа тексерістер жүргізу кезінде Ұлттық комиссияның қызметкерлері:
Тармақша 1
1) лицензиаттың бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға арналған полиграфиялық және басқа да құралдарға, осы құрал орналасқан үй-жайға, бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құралдар және мүліктер орналасқан аумаққа шолу жүргізуге;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты технологиялық және есеп жүргізу құжаттамаларымен танысуға;
Тармақша 3
3) лицензиаттың полиграфиялық өндірісіндегі құндылықтардың құпиялық режимін қамтамасыз ететін жүйелермен танысуға;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар бланкілеріне, сондай-ақ оларды шығаруға арналған шикізаттар мен жартылай фабрикаттарға есеп жүргізудің дұрыс жолға қойылуын зерделеуге құқылы.
Тармақ 21
21. Лицензиат Ұлттық комиссияға мерзімді және қолданылып жүрген заңға сәйкес өзге де есеп берушілікті беруге міндетті.
Тармақ 22
22. Лицензиат Ұлттық комиссияны осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар мазмұндағы мәліметтерге жасалған кез-келген өзгерістер туралы мәліметтерге өзгерістер жасалған күннен бастап он күн ішінде жазбаша ескертуге міндетті.
Тармақ 23
23. Лицензиат Ұлттық комиссияға оның жазбаша талап етуі бойынша бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі өзінің қызметі туралы кез- келген ақпаратты осындай талап етуді алған күннен бастап он күн ішінде, егер Ұлттық комиссия талап етілген ақпаратты беруге арналған аса ұзақ мерзімін белгілемесе, беруге міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру және тоқтату
8-тарау. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру және тоқтату
Тармақ 24
24. Лицензияны қолдану Ұлттық комиссияның шешімімен мынадай негіздердің кез-келгені бойынша:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 5-ші және 6-тармақтарына сәйкес Лицензия алу үшін лицензиат ұсынған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталса;
Тармақша 2
2) лицензиат бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті реттейтін заңды бұзса;
Тармақша 3
3) лицензиат осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Тармақша 4
4) лицензиат шығаратын бағалы қағаздар бланкілерінде қолдан жасалу және басқа да қиянат жасаудан қорғалудың жеткілікті дәрежесі болмаса;
Тармақша 5
5) лицензиаттың полиграфиялық өндірісіндегі құпиялық режимін немесе құндылықтардың сақталысын лицензиат қамтамасыз етпеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің органдарының ұсынысы бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тармақ 25
25. Ұлттық комиссия Директоратының Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешімінде тоқтата тұрудың себебі көрсетілу керек. Ұлттық комиссияның Директораты Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептерін жоюдың шекті мерзімін белгілеуге құқылы. Ұлттық комиссияның Директораты Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың мерзімін оны қолдануды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі алты айдан аспайтын шартпен ұзартуға құқылы.
Тармақ 26
26. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрылғанда лицензиат осындай тоқтата тұрудың себептерін жоюға міндетті. Лицензиаттың Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертпесін алғаннан кейінгі бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметі заңсыз болып табылады және қолданылып жүрген заңдармен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Тармақ 27
27. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін Ұлттық комиссияны жазбаша ескертудің негізінде оны қолдану жаңартылады.
Тармақ 28
28. Лицензияны қолдану:
Тармақша 1
1) лицензиаттың қызметі тоқтатылған (лицензиатқа басқа заңды тұлға қосылған жағдайды қоспағанда);
Тармақша 2
2) лицензиаттың өтініші бойынша Ұлттық комиссия Директоратының шешімімен;
Тармақша 3
3) Лицензия қайтарылып алынған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 29
29. Лицензия Ұлттық комиссия Директоратының шешімімен мынадай негіздердің кез-келгені бойынша қайтарылып алынады:
Тармақша 1
1) Лицензияны қолдану мерзімі тоқтатыла тұрылған себептер жойылмаса;
Тармақша 2
2) лицензиатқа бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын соттың шешімі болса.
Тармақ 30
30. Ұлттық комиссияның Лицензияны тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы шешімі жөнінде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.