Об утверждении Правил «Розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера на территории Есильского района» Қолданыста
Басқа 0
«Есіл ауданы аумағындағы эротика сипатындағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың бөлшек саудасы туралы» Epeжені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 6 бабының, 1 тармағын негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Есіл ауданы аумағындағы эротика сипатындағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың бөлшек саудасы туралы» Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұдан бұрын 2005 жылдың 22 cәуірінде қабылданған № 15/10 «Есіл ауданы аумағындағы эротика сипатындағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың бөлшек саудасы туралы» шешім Ақмола облысы Есіл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен күшін жойсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Есіл аудандық, Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде аудандық басылымда жариялансын.
Басқа 5
Есіл аудандық мәслихатының
2005 жылдың 2 маусымындағы
№ 16/5 шешіміне
№ 1 қосымша
Есіл ауданы аумағында эротика сипатындағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың бөлшек саудасының
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Бұқаралық, ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес жасалған.
Тармақ 1
1. Эротика сипатындағы материалдар жариялайтын мeрзімді басылымдардың бөлшек саудасы тек қана мөлдір ораумен жабылған және осы жағдайға арнайы бөлінген тұрақты үй-жайда сатылуға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Аталған басылым өнімдерін мынадай тұлғаларға сатылуға рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған тұлғаларға;
Тармақша 2
2) балалар және бiлім беру орындарында және олардың аумағынан радиусы 150 метр болатын жерде;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық, сақтау жене білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулетті және тарихи ескерткіштерге жақын жерде.
Тармақ 3
3. Осы ереже эротика сипатындағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың барлығына оның ішінде жақын және алыс шет елдерден келген басылымдарда да таратылады.
Тармақ 4
4. Эротика сипатындағы материалдар жариялайтын мepзімді басылымдарды таратумен немесе жарнама жасаумен айналысатын тұлғалар таратуды осы мақсатқа бөлінген арнайы орындардан тыс жерлерге жүзеге асыратын болса Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық, бұзушылық туралы» Кодесіне сейкес жауапкершілікке тартылады.