Об Инструкции по учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица Қолданыста
Басқа 0
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулық туралы
"Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 6-2 бабының 2 тармақшасына сәйкес және дiни-ағарту қызметi арқылы қандай да бiр дiни iлiмдi уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдiктердiң және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтардың есепке тiркелуiн қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаментімен (А.К. Рзаханов) бірлесіп заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың есептік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 30 наурыздағы "Саны аз діни топтарды есепке алудың Нұсқаулығын бекіту туралы" № 113 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Г.С.Сейтмағанбетоваға жүктелсін.
Басқа 5
Қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2005 жылғы 2 маусымдағы № 211
қаулысымен бекітілген
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік
тіркеу жөніндегі Нұсқаулық
Тарау 6. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың есепке тіркелуі бойынша қала және аудан әкімияттарының қызмет тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есепке алу "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Саны аз діни топтарды есепке алуды қала, аудан әкімияттарының діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі уәкілетті органдары жүргізеді (бұдан әрі - тіркеуші орган).
Тармақ 4
4. Есепке тіркелуге жататын саны аз діни топтар деп заңды тұлға мәртебесіне ие Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық қатысы бар және саны 10-нан аспайтын кәмелетке толған азаматтардан құралған жергілікті діни қауымдар танылады.
Тармақ 5
5. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу аталған объектіге діни қызметін жүзеге асыруға заңдылық құқығын беру тәсілі болып табылады және саны аз діни топтар туралы мәліметті тіркеуші орган арқылы есеп журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады. Есептік тіркеуден өткендігі туралы ресми растау тіркеуші орган берген анықтама болып табылады.
Тармақ 6
6. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтар, оны тіркеуге алған орган есепке қойған кезден бастап, діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.
Тарау 2. 2. Саны аз діни ұйымдарды есептік тіркеудің тәртібі
2. Саны аз діни ұйымдарды есептік тіркеудің тәртібі
Тармақ 7
7. Саны аз діни топтарды есептік тіркелімінің өзінде діни топтардың жасаған құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкестігін тексеру, діни топтар туралы мағлұматтарды есепке алу журналына енгізу және есепке қою туралы анықтама беру кіреді.
Тармақ 8
8. Діни топтар есептік тіркелу үшін қала (аудан) әкімияттарына мыналарды ұсынады:
діни қауымның атауын көрсете отырып, олардың діни нанымдарға тиістілігі, орналасқан жері, топтың басшысы туралы мәлімет, өз қызметтерін жүзеге асырып отыратын мінәжат етуші орындар мен аумағының болуы жөнінде есепке алу туралы арызы (1 қосымша);
топты құрған кәмелетке толған азаматтардың тізімі (2 қосымша);
топ мүшелері жиналысының хаттамасы;
тіркелетін саны аз діни топтарға құрылымдық қатынасы бар, заңды тұлға мәртебесіне ие діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
Тармақ 9
9. Саны аз діни топтардың есептік тіркеуге алынғандығы туралы мәліметтер қатаң есептегі арнайы журналға енгізіледі (3 қосымша).
Тармақ 10
10. Есептік тіркеу, құжатты тапсырған күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Тіркеуші орган жергілікті атқарушы органда қала (аудан) әкімінің орынбасары қол қойған, есептік тіркеуге қойылғандығы жөнінде белгіленген үлгідегі анықтаманы діни топтың басшысына береді (4 қосымша).
Тармақ 12
12. Саны аз діни топтардағы өзгерістер болған жағдайда, тіркеуші орган арқылы журналға тиісті мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 13
13. Саны аз діни топтың есептік тіркелуге қойылмағандығы туралы мәлімет, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген тіркеу журналы облыстық ішкі саясат департаментіне беріледі.
Тармақ 14
14. Топтың басшысы қала (аудан) әкімиятына жылына екі рет өзінің қызметі туралы ақпарат түсіріп отырады.
Тармақ 15
15. Есептік тіркеу ақысыз жүргізіледі.
саны аз діни топ өз қызметін тоқтатқан жағдайда, не болмаса әділет органында заңды тұлға мәртебесімен діни бірлестік ретінде заңды тіркеуден өткеннен кейін немесе заңды тұлғаның филиалы болған жағдайда есептік тіркеуден шығарылады.
Басқа 23
1 қосымша
_______________________________
(арызды тіркеуші органның атауы
_______________________________
және мекен жайы)
Арыз
_____________________________________________________________
(топ басқарушысының тегі, аты және әкесінің аты)
_____________________________________________________________
(діни топтың атауы, оның сенімге қатысы)
_____________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерінің саны)
_____________________________________________________________
(діни топтың мекен жайы,және қолда бар табынушылық ғимараты)
_____________________________________________________________
(оның өз қызметін жүзеге асыратын аумағы)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Қолы
Күні
Басқа 24
2 қосымша
Діни топтарды құрған азаматтардың тізімі
№
р/н
Тегі, аты және
әкесінің аты
Туған жылы,
күні, айы
Тұратын
жері
Қолы
Басқа 25
3 қосымша
_____________________________________
(арызды тіркеген органның атауы)
Діни топтарды есептік тіркеуге алынғандығы жөніндегі
анықтама
№_____
2005 ж. "___" ___________ берілді
Діни топтың атауы ___________________________________________
_____________________________________________________________
Топты тіркеген органның басшысы Қолы
Мөрі
Басқа 26
№ 4 қосымша
Саны аз діни топтарды тіркеу журналы
р/н
№
Тіркелу
нөмірі және
тіркелген
уақыты
Діни
топтың
атауы
Діни топтың діни
сенімге қатыстылығы
мен діни орталыққа
қатыстылығы
Діни
топтың
орналасқан
жері
Діни топтың
қызмет
ететін
ауданы
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
р/н
№
Мінәжат
ететін
орынның
болуы
Басшының немесе
топқа. Уәкілдік
етушінің тегі,
аты, әкесінің
аты, мекен-жайы,
телефон номері
Есепке алу
жөніндегі
анықтама
толтырған
тұлғаның
тегі, аты,
әкесінің аты
Есепке алу
жөніндегі
анықтаманы
алған
тұлғаның
тегі, аты,
әкесінің аты
Ескертпе-
лер
1
7
8
9
10
11