О Правилах содержания собак и кошек Қолданыста
Басқа 0
Иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» Заңының 6 бабының 1 тармығының 8 тармақшасы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы № 156-II «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отрыған иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері бекітілсін.
Басқа 1. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері
«Иттер мен мысықтарды ұстау
ержелері туралы» Ақтоғай аудандық
Мәслихатының (XXV сессия, III
шақырылған) 2005 жылғы
7 маусымдағы № 8/15
шешімімен бекітілген
Иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелермен иттер мен мысықтарды ұстау және жаруарлардың ауруына қарсы профилактикалық шаралар өткізу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылады.
Тармақ 2
2. Осы Ережелер 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы және 2001 жылғы 30 қантардағы № 156-11, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі негізінде өңделді.
Тарау 2. 2. Ит және мысық иелерінің құқықтары және міндеттері
2. Ит және мысық иелерінің құқықтары және міндеттері
Тармақ 3
3. Ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және жеке азаматтар ит және мысық ұстауға:
Тармақша 1
1) жануарлар бұрыштарында, балалар және жас өспірім мекемелерінің «Тірі бұрыштарында», санитарлық-эпидемиологиялық станция және малдәрігерлік инспекция рұқсатымен жазғы және қысқы денсаулықтандыру санаторлы курорттық мекемелерінде;
Тармақша 2
2) бөліктетілген қоршалған аумақта (вольерде) немесе байлануда еркін қыдыртуға;
Тармақша 3
3) мекемелерді және ұйымдарды күзететін иттерді тек қана байлауда;
Тармақша 4
4) елді мекендерде иттерді жақсылап бөлектетілген аумақта (қоршалған аулада және учаскеде) немесе байлауда ұстауға құқықтары бар.
Тармақ 4
4. Тізгіншесі жоқ және тұмылдырығы жоқ иттерді отарда және табындарда ұстауға рұқсат.
Тармақ 5
5. Ит және мысық иелері міндетті:
Тармақша 1
1) заңға сәйкес, өз жануарларын селолық округтың малдәрігер инспекторында тіркеуге;
Тармақша 2
2) ит және мысық пайда болғанда, сонымен қатар олармен бірге басқа елді мекендерге көшкен жағдайда, сол туралы малдәрігер мекемелерін хабарландыруға;
Тармақша 3
3) мысық және өлімі немесе ауруы туралы малдәрігерлік мекемесіне хабарландыруға, ал адамды немесе малды тістесі – медициналық мекемелерін ескертуге;
Тармақша 4
4) селолық округтың малдәрігер инспекторларында иттерді тіркеп, тіркелгені туралы куәлік алуға.
Тармақ 6
6. Тіркелмеген және қанғырып жүрген иттер мен мысықтар аулануға немесе атылуға жатады.
Тармақ 7
7. Тұқымына қарамай, далада, базарда және басқа да қоғамдық орындарда бос жүрген (қарғыбауы бар) иттер ауланып, жануарларды қабылдайтын пунктіге апарылады. Иесі табылмаған жануарлар жойылуға жатады.
Тармақ 8
8. Иттер мен мысық иелеріне:
Тармақша 1
1) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, сонымен қатар емдеу-профилактикалық мекемелерінде, балалар мекемелерінде, мектептерде иттер мен мысықтарды әкелуге және ұстауға;
Тармақша 2
2) малдәрігерлік куәлігінсіз және малдәрігерлік-профилактикалық егу өткізгелгіні туралы белгісіз, сонымен қатар иттер мен мысықтарды көшіруге, сатуға және сатып алуға;
Тармақша 3
3) 16 жасқа толмаған балаға ірі тұқымды иттерді далаға шақыруға;
Тармақша 4
4) иттерді байламай ұстауға тиым салынады.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысық иелерінің жауапкершілігі:
3. Иттер мен мысық иелерінің жауапкершілігі:
Тармақша 9
9) «Иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін» бұзған үшін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.