В целях обеспечения безопасности дорожного движения Күшін жойған
Басқа 0
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
📌 Ескерту. Күші жойылды-Қостанай облысы әкімінің 25.03.1999 № 77 шешімімен.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртке қарсы экологиялық және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
өртке қарсы, экологиялық, сәулет және санитарлық
талаптарды ескере отырып, елді мекендердің сыртында жылжымалы автоматты кұю стансалары үшін жанар-жағар материалдар мен сауда жасайтын орындарды анықтасын:
- құқық қорғау, бақылау органдарымен бірлесе отырып ЖЖМ сату жөніндегі жылжымалы автоматты құю стансаларының белгіленбеген орындарда және сәйкесті күжаттарсыз : ЖЖМ берілген сапа сертификатынсыз, есептеу құжатынсыз, өлшеу кұралдарының тексерілгені, өрт қауіпсіздігі жөніндегі техникалық минимумды тапсырғаны туралы құжаттардың көшірмесінсіз қызмет көрсетулеріне жол бермесін.
Тармақ 2
2. Салық комитеті және оның жергілікті жерлердегі органдарына салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген, жанар-жағар материалдар сатумен айналысатын занды және жеке тұлғаларға бақылауды күшейту үсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 1998 жылғы 10 шілдедегі № 283-1 Қазақстан Республикасының Заңымен 1995 жылғы № 2200 «Лицензиялау туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына ҚРЗ май құю, оның ішінде жылжымалы стансаларды үстау пайдалану жөніндегі қызметі лицензияланбайды деген өзгерту енгізілгені еске алынсын.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Әшімовке жүктелсін.