О Правилах оказания социальной помощи к праздничным и знаменательным датам отдельным категориям граждан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтiк көмек көрсету қағидалары туралы ________________________________________ Астана қаласы әкiмдiгiнiң ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiн және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI: Қоса берiлiп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелiк және атаулы күндерге әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасы бекiтiлсiн. Астана қаласының мәслихаты сессиясының төрағасы Астана қаласы мәслихатының хатшысы Келісілді: Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiнiң директоры Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 142/18-III шешiмiмен бекiтiлген Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелiк және айтулы күндерi әлеуметтiк көмек көрсету ҚАҒИДАСЫ Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелiк және айрықша күндерi әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне , "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "ҚазақстанРеспубликасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қағида Астана қаласында тiркелген және тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi астарды ұйымдастыру түрiнде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмек мына мерекелiк және айтулы күндерге көрсетiледi:
Тармақша 1
1) 1 қаңтар - Жаңа жыл;
Тармақша 2
2) 15 ақпан - Ауғанстаннан кеңестiк шектеулi әскери контингенттi әкету күнi;
Тармақша 3
3) 8 наурыз - ХалыНаурыз мейрамы;
Тармақша 5
5) 26 сәуiр - Чернобыль атомдық электростанциясындағы апат құрбандарын еске алу күнi;
Тармақша 6
6) 1 мамыр - Қазақстанқаралық әйелдер күнi;
Тармақша 4
4) 22 наурыз -  халықтарының бiрлiк мерекесi;
Тармақша 7
7) 9 мамыр - Жеңiс күнi;
Тармақша 8
8) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi;
Тармақша 9
9) 1 қазан - Қарттар күнi;
Тармақша 10
10) 10 қазан - Мүгедектер күнi;
Тармақша 11
11) 25 қазан - Республика күнi;
Тармақша 12
12) 16 желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi.
Тармақ 3
3. Мерекелiк және айтулы күндерге мынадай санаттағы азаматтарға:
Тармақша 1
1) 1 қаңтар - он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, ата-анасынан айрылған және асыраушысынан айрылғандығы (тұлдыр жетiмдер) бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға және аз қамтылған отбасыларға азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 2
2) 15 ақпан - Ауғанстан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 3
3) 8 наурыз - көп балалы, кәмелетке толмаған төрт және одан көп бiрге тұратын балалары бар (оның iшiнде балалары жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын, кәмелетке толғаннан кейiн - олардың оқу орнын бiтiруiне дейiн) азық-түлiк жиынтығы түрiнде;
Тармақша 4
4) 22 наурыз - көп балалы, кәмелетке толмаған төрт және одан көп бiрге тұратын балалары бар (оның iшiнде балалары жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын, кәмелетке толғаннан кейiн - олардың оқу орнын бiтiруiне дейiн) жетiм балаларға азық-түлiк жиынтығы түрiнде;
Тармақша 5
5) 26 сәуiр - Чернобыль атомдық электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 6
6) 1 мамыр - кедейшiлiк шегiнен төмен немесе тең орташа жандық жиынтық пайдасы бар аз қамтылған отбасыларға мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 7
7) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестiрiлген тұлғаларға азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 8
8) 31 мамыр - саяси қуғын-сүргiн құрбандарына азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 9
9) 1 қазан - аз қамтылған зейнеткерлерге азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 10
10) 10 қазан - мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде;
Тармақша 11
11) 25 қазан - зейнеткерлерге және кедейшiлiк шегінен төмен немесе тең орташа жандық жиынтық пайдасы бар аз қамтылған отбасыларға азық-түлiк жиынтығы түрiнде;
Тармақша 12
12) 16 желтоқсан - аз қамтылған мүгедектерге азық-түлiк жиынтығы және мерекелiк түскi ас түрiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк көмек қаланың аудандары бойынша көрсетiледi.
Тармақ 5
5. "Жергілiктi атқарушы органдарының шешiмдерiмен көмекке мұқтаж жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек" бюджеттiк бағдарламасының әкiмгерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Департамент) болып табылады.
Тармақ 6
6. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген санаттағы азаматтарға уақытында әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында Департамент Астана қаласының аудандары әкiмдерiмен бiрiгiп (бұдан әрi - Аудан әкiмдерi), Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаларынасәйкес жыл сайын көзделген қаражат шегiнде қызмет жеткiзушiлермен (бұдан әрi - Жеткiзушiлер) азық-түлiк жиынтығын дайындауға, мерекелік түскi асты ұйымдастыруға және өткiзуге шарттар жасасады.
Тармақ 7
7. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелiк және айрықша күндерi әлеуметтiк көмек көрсетудің қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджетi болып табылады.
Тармақ 2. 2. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
2. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
Тармақ 8
8. Департамент Аудан әкiмдерiмен тығыз байланыса отырып, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген санаттағы азаматтарға мерекелiк және айтулы күндерi әлеуметтiк көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 9
9. Аудан әкiмдерi айтулы және мерекелiк күнге дейiн 15 күн бұрын осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген санаттағы азаматтардың тiзiмiн жасап, нақтылы мекен-жайын көрсетiп, Департаментке салыстыру үшiн ұсынады (бұдан әрi - Тiзiмдер).
Тармақ 10
10. Департамент азық-түлiк жиынтығы ретiнде әлеуметтiк, көмек көрсеткенде мерекелiк және айтулы күндерге бес күн қалғанда Аудан әкiмдерiне салыстырылған тiзiмдi қайтарады.
Тармақ 11
11. Аудан әкiмдерi салыстырылған Тiзiмдерге сәйкес қажеттi Жеткiзушiлерге азық-түлiк жиынтығы көлемiне тапсырыс берiп, ол тапсырыс екi күн мерзiмде әкелiнуi қажет.
Тармақ 12
12. Аудан әкiмдерi бес күнтiзбелiк күн iшiнде тiзiмге сәйкес азық-түлiк жиынтығын бередi, қажет болған жағдайда - мекен-жай бойынша жеткiзедi.
Тармақ 13
13. Аудан әкiмдерi үш күн iшiнде азық-түлiк жиынтығын бергеннен кейiн азаматтардың әлеуметтiк көмектi алғандығы туралы белгiсi Тiзiмдi қайтарады.
Тармақ 14
14. Тiзiмде көрсетiлген мекен-жай бойынша әлеуметтiк көмек алушы болмаса, Аудан әкiмдерi ол туралы Департаменттi хабардар етедi.
Тармақ 15
15. Аудан әкiмдерi әлеуметтiк көмектi мерекелiк ас түрiнде көрсеткенде Тiзiмге сәйкес мерекелiк ас беру орындарына азаматтардың келуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 16
16. Департамент атқарылған жұмыстардың актiсi негiзiнде тиiстi қаржылық жылға, осы мақсатта Астана қаласының бюджетiнде қарастырылған қаражаттар шегiнде Жеткiзушiлердiң қызметтерiнiң төлемiн жүргiзедi.