Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения в пределах региона Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы Халықты жұмыспен қамту бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесіне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймак шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы
Әкімдіктің 2005 жылғы қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймак шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұскаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті уәкілетті органы - «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларының бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) арыз беруші - әлеуметтік көмек алуға талап ететін тұлға.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймак шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) төлеу жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады. Жұмыссыздың оқу уақыты аяқталғаннан бір айдан кем емес уақыты өткенінен кейін арыз берушіге әлеуметтік көмек төленеді. Жергілікті уәкілетті органы азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Жергілікті уәкілетті органда ресми тіркелген жұмыссыздардың және кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған жұмыссыздардың, белгіленген заңнамалық тәртіпте конкурс жеңімпаздарының әлеуметтік көмек алуға құқықтары бар болады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алуға үміткер жергілікті уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті түрде қажет кұжаттар:
Тармақша 1
1) орналасқан жері бойынша банктегі жеке шотының нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету туралы жазбаша өтініші;
Тармақша 2
2) арыз берушіні куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) арыз беруші жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын жергілікті уәкілетті органы кұжатының көшірмесі;
Тармақша 4
4) жұмыссызға берілген, жергілікті уәкілетті орган кәсіби оқуға бағыттаған құжаттың көшірмесі. Бағыттаған құжатта жұмыссыздың толық аты-жөні, тегі, білім беру ұйымның атауы және алынатын маманы көрсетіледі. Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол койған лауазым иесінің аты-жөні толық көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты түлғаның қолы елтаңбасы бар мөрмен расталады;
Тармақша 5
5) кәсіби даярлауға, біліктіліғін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған жұмыссыз бен жергілікті уәкілетті орган аралығында жасалған келісім - шарттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) дәрігерлік куәландыруден өту туралы емдеу мекемесі аныктамасының көшірмесі және өту туралы төлеу бойынша төлем құжаты;
Тармақша 7
7) теміржол жолаушы көлігі (таксиден басқа) келетін стансаға дейіңгі жол құжаттары немесе уәкілетті тұлға қол қойған және мөрбен расталған (оқу басталғанына дейінгі күндерінде) жол құны туралы көрсетілген тасымалдау түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасы. 7. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажет құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері жергілікті уәкілетті органға салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Жергілікті уәкілетті органы әлеуметтік көмек тағайындау, арыз беруші арызымен қоса барлық қүжаттарын тапсырғаннан кейін он күн ішінде береді. Тағайындаудан бас тартқан жағдайда, арыз иесіне жазбаша хабарланады. Әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тартқан жағдайда шешімде жергілікті уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Қажет құжаттар болмаса әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек мына мөлшерінде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұру үшін - айына бір айлық есеп көрсеткіші. Тұру үшін шығынды өтеуге әлеуметтік көмек кәсіби оқуға бағытталған тек қаладан тыс жұмыссыздарға көрсетіледі. Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған қаладан тыс жұмыссыздар болып, білім беру мекеме орналасқан елден тыс тұратын, тұлғалар есептеледі;
Тармақша 2
2) оқу орнына бару үшін - шығыны көрсетілген құжаттарын ұсынған жағдайда көрсетіледі;
Тармақша 3
3) тамақтану үшін - айына екі айлык есеп көрсеткіші.
Тармақ 11
11. Дәрігерлік куәландыру жөніндегі шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек мөлшері - осы нұскаулықтың 6-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген құжатпен расталған зерттеудің толық құны.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Тамақтану, тұру және оқу орнына бару үшін шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек, оқу аяқталғаннан кейін немесе ай сайын оқу басталғанынан бастап, білім беру мекемесі ұсынған қатысу табелі негізінде жүзеге асырылады. Дәрігерлік куәландыру үшін шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек, осы нұсқаулықтың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ай ішінде қажетті құжаттар ұсынған кезінен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Жергілікті уәкілетті органы есептеп, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, «Таран ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу ақша қаражаты түрінде жергілікті уәкілетті органның тізіміне сәйкес жұмыссыздардың жек шоттарына аудару арқылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар, заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Қаражат жетіспеген жағдайда, оқитын жұмыссыздарға әлеуметтік көмек өтініштерді хронологиялық тәртіпте тіркелген тізімге сәйкес төленеді.