О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты по вопросам гарантирования страховых выплат Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қызмет ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 74 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2797 тіркелген) қаулысымен енгізілген өзгерістері және толықтырулары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2548 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" N 22 басылымдарында 2003 жылғы 20 қазан - 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті жарналардың сомасын уәкілетті орган бекіткен есептеу әдістемесіне сәйкес дербес есептейді."; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "10. Сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелер мөлшерін уәкілетті орган бекіткен есептеу әдістемесіне сәйкес дербес есептейді.";
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Сақтандыру төлемдерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 5
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.