О Правилах содержания собак, кошек и других животных на территории Камыстинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қамысты ауданының аумағындағы иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды күтіп ұстау Ережесі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікгі мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына және Казақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қамысты ауданының аумағындағы иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды күтіп ұстау Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
Басқа 3. Қамысты ауданының аумағындағы иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды күтіп ұстау Ережесі
Мәслихаттың 2005 жылғы 23 маусымдағы № 120 шешіміне қосымша Қамысты ауданының аумағындағы иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды күтіп ұстау Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы ереже Қамысты ауданының аумағындағы үй жануарларын, әсіресе иттерді, мысықтарды күтіп үстауды регламенттеу мақсагымен әзірленді және осы Ережелерді бүзған үшін заңды және жеке түлғалардың жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ережелер меншік нысанына қарамастан иттерді, мысықтарды және басқа үй жануарларын үстайтын, барлық жеке және заңды түлғаларға паратылады.
Тармақ 3
3. Осы ережелер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі мен «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасына Заңына сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2. Мысықтар мен иттерді күтіп ұстау.
2. Мысықтар мен иттерді күтіп ұстау.
Тармақ 4
4. Жануарларды үстайтын иелерімен үй жануарларын үстаудың санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелері сақталуы тиіс.
Тармақ 5
5. Иттерді аулада үстаған кезде олардың қашып кетуін және көршілердің аулаларынан қашықтықта үстауына, иелері міндетті.Аулаға кірерде қақпада иттері бар болуы туралы ескертпе жазу болуы тиіс. Иттер мен мысықтарды үстау саны шектелмейді, бірақ көршілерге қолайсыздық келтірмеуі тиіс.
Тармақ 6
6. Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда бірге жүруші адамсыз жүрген иттер үстауға жатады.Сол сияқты қараусыз үй жануарлары да үстап алынады.
Тармақ 7
7. Жалпы пайдалану жерлерде иелерінің уақытша байлауда қалғандарынан басқа адамдардың қарауынсыз қоғамдық орындарында жүрген иттер, мысықтар және басқа үй жануарлары қадағалаусыз деп саналады.
Тарау 3. 3. Ауылшаруашылық үй жануарларын күту.
3. Ауылшаруашылық үй жануарларын күту.
Тармақ 8
8. Үй жануарлары көршілерге ыңғайсыздықты келтірмейтін, арнайы салынған және бейімделген орындарда, аулада ұсталынсын.
Тармақ 9
9. Ауылшаруашылықтық жануарлардың иелері зоотехникалык және ветеринарлық-санитарлық жануарлардың күту талаптарын сактауға, қоршаған ортаны ластатуды болдырмауға міндетті.
Тармақ 10
10. Мал кораларын тоқсан сайын әк таспен актау және кемінде жылына 1 рет дизенфикциялансын.Көңдер, калдықтар, қокыстар бұл үшін арнайы берілген орындарға шығарылсын.
Тармақ 11
11. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, парктерде және басқа жалпы пайдалану жерлерде малдардың жүруіне тыйым салынады.
Тарау 4. 4. Жануарлардың иелерінің міндеттері.
4. Жануарлардың иелерінің міндеттері.
Тармақ 12
12. Жануарлардың иелері, міндетті:
Тармақша 1
1) жануарларды олардың биолоғиялық ерекшеліктерімен сәйкес үстау, адамгершілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринарлык көмекке жүгіну;
Тармақша 2
2) осы Ереженің талаптарына сәйкес жануарлардың тиісті ұстауын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тыныштықты, санитарлық ережелерді сақтауға, қоршағандардың кәуіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдау;
Тармақша 4
4) жалпы пайдалану орындарынан және қоғамдық орындарынан дастануды жою;
Тармақша 5
5) жануарлар адамды немесе жануарларды тістеп алған кезде иелері тез уақытта жақын маңайдағы медициналық және ветеринарлык мекемесіне бұл туралы хабарлауға, қарау және уақытша тыйым үшін жануарларды мемлекеттік ветеринарлық қызметке жеткізуге міндетті;
Тармақша 6
6) қалдықтар жинау орындарынан тысқары жануарлардың мәйіттерін тастамау. Өлген жануарлардың мәйіттері жойылуға жатады.
Тармақ 13
13. Малдардың иелері жануарлардың қалдықтарын үздіксіз тазартуға, оларды қоқыстар үйіндісіне шығаруға немесе жоюға міндетті.
Тармақ 14
14. Жануарлардың иелері паразит тасымалдаушы жәндіктердің және кеміргештердің пайда болуының алдын алуға шаралар қолдану, жануарларды қараусыз қалдырмау, олардың қаңғырушылыктарын болдырмау.
Тармақ 15
15. Жануарлардың иелері белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлык іс-шараларды жүргізуге, жануарлардың уақытша тыйым тәртібін сақтауға, жануарлардың жұқпалы ауруларын жою жөніндегі іс- шараларды жүргізуге міндетті.
Тарау 5. 5. Жануарлардың иелерінің ережені бұзғаны үшін жауапкершілік.
5. Жануарлардың иелерінің ережені бұзғаны үшін жауапкершілік.
Тармақ 16
16. Осы ережені бүзғанға кінәлілер жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 310, 311-баптарына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 17
17. Материалдық зиян бар болған кезде зәбірленуші оны өтеу үшін сотка өтінішпен баруға құкығы бар.