Об утверждении Правил розничной торговли периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарының бөлшек саудасынын Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 31-бапқа, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі 451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14-бап, 2-тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарын тарату жөніндегі сауда нүктелерінің жұмысын тәртіпке қелтіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарының аудан аумағындағы бөлшек саудасының Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарының бөлшек саудасына арналған стационарлық жай болып - Ақкөл қаласы Нұрмағамбетов көшесі, 116 мекен-жайда орналасқан, Ақмола облыстық «Қазпошта» АҚ филиалының аудандық почта байланысы торабы және ауданның селолық округтеріндегі «Қазпошта» пошта байланыстары бөлімдерінің жайлары анықталсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № а-3/79 «Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарының бөлшек саудасы туралы» қаулысы күшін жойсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақкөл аудандық әділет Басқармасына мемлекеттік тіркеуге жіберіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Келісілді: Аудандық пошта байланысы торабының бастығы В.Семенов «11» 05 2005 жыл
Басқа 6
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2005 «11» мамыр № а-5/131 қаулысымен бекітілді Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарының аудан аумағындағы бөлшек саудасының Ережесі Осы Ереже, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңындағы 14-бап 2-тармақтың негізінде әзірленіп жасалды.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарының бөлшек саудасы, жергілікті атқарушы органдары анықтаған арнайы стационарлық жайда және мөлдір орап-буылғанда ғана сатуға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Аталған басылымды сатуға тиым салынады:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге;
Тармақша 2
2) балалар мен оқу орындарының ғимараттарында және олардан радиусы 150 метрдегі аумақта;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім мекемелерінде, сондай-ақ сәулет және тарихи сскерткіштерге жақын жерлерде;
Тармақша 4
4) қоғамдық көліктерде, аялдамаларда, адамдардың жаппай демалатын орындарында.
Тармақ 3
3. Осы ереже, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы барлық мерзімді басылымдарға таратылады, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінетін мерзімді басылымдарға да тиісті.
Тармақ 4
4. Эротикалық сипаттағы материялдарды жариялаушы мерзімді баспа басылымдарын таратушы және жарналамаушы адамдар сатуды арнайы орындарда жүзеге асырмаса, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-11 «Әкімшілік құкық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауап береді.