Об утверждении Правил оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөлек санатты азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетуінің Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылы 28 сәуірден №2247 «Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге және оларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау және жеңілдік беру туралы» заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бөлек санатты азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетуінің қосылған ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Латанов Талғат Уәпұлы) әлеуметтік көмек тағайындалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық экономика және қаржы бөліміне (Мұхамеджанова Ләйлә Мағзұмқызы) әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудан бюджетімен бекітілген, ассигнованиялар шегінде қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ольга Васильевна Ткаченкоға жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Шал ақын ауданының экономика және қаржы бөлімінің бастығы Л.М. Мұхамеджанова «27» сәуір 2005 жыл
Басқа 5. Бөлек санатты азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелері
«Бөлек санатты азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетуінің Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылдан № 86 сәуір 27 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілді Бөлек санатты азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Тармақ 1
1. Осы ережелер бөлек санатты азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындауының тәртібін және төлемдерін белгілейді
Тармақ 2
2. Бір жолғы әлеуметтік көмек келесі санатты азаматтарға ұсынылады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге;
Тармақша 2
2) Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетто және басқа да лажсыз көндіріп ұстау жерлерінің бұрынғы кәмелеттік жасына толмаған тұтқындарына;
Тармақша 3
3) «Ұлы Отан соғысы жылдарында жанкешті еңбегі және мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған тұлғаларға.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек тағайындау Ұлы Отан соғысының 60 жылдық жеңісін тойлауға байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік көмек тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) жеке күәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттарының көшірмесі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бір жолға, басқа көмек түрлерінен тәуелсіз тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек материалдық қолдау көрсетудің қосымша шамасы ретінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Бір жолғы әлеуметтік көмек төлемі заңнамада белгіленген тәртіппен қызмет көрсетуге келісім жасалған аудандық пошта торабы байланысы арқылы жүргізіледі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынған ведомості негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомаларды аударады.
Тармақ 7
7. Бөлек санатты азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмегін қаржыландыру «жергілікті басқару органдары шешімімен бөлек санатты азаматтарға әлеуметтік көмек» 451-007-000-332 бюджеттік жіктеу коды арқылы жүргізіледі.